Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Өзін-өзі реттеуді енгізу және оның түрлері



бет6/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
62-бап. Өзін-өзі реттеуді енгізу және оның түрлері

Кәсіпкерлік және кәсіби қызмет салаларында қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттеу ұйымдарына ерікті және міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілуі мүмкін.


Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласындағы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу үшін мынадай шарттардың алдын ала сақталуы:


1) нақты саладағы реттеуші мемлекеттік орган және мүдделі тұлғалар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс;


2) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу жоспарланып отырған салада Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын қоспағанда, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және (немесе) кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілерінің міндетті мүшелігі бар өзге де коммерциялық емес ұйымдардың жұмыс істеуі қажет.


Ескерту. 62-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ


ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
4-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НОРМА ШЫҒАРУШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСУЫ
63-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу

Ескерту. 63-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

64-бап. Сараптама кеңестері

1. Сараптама кеңесі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан:


кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;


кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;


сараптама кеңестерінің мүшелерінен кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама қорытындыларын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.


2. Сараптама кеңестерінің құрамына Ұлттық палатаның, өзін-өзі реттеу ұйымдарының, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерi мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кіреді.


Сараптама кеңестерінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.


3. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi мен өзге де коммерциялық емес ұйымдар сараптама кеңесінің мүшелері мәртебесіне өздері орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органда аккредиттелген кезден бастап қана ие болады.


4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу тәртібін, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.


Аккредиттеу туралы куәлік үш жыл мерзімге беріледі.


Орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда қатарынан екі реттен көп аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.


5. Сараптама кеңесінің отырыстарына сараптама кеңесі мүшелерінің өкілдері қатысады, олардың өкілеттіктері сенімхатпен расталады.


Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сараптама кеңестерінiң құрамдары осы органдар басшыларының шешiмдерiмен бекiтiледi.


6. Мемлекеттiк құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актілердің жобалары сараптама кеңесінің қарауына жатпайды.


7. Сараптама кеңесінің мүшелері нормативтік құқықтық актінің жобасын, Қазақстан Республикасы халықаралық шартының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шартты қарауды сараптама кеңесінің мүшелеріне тиісті жобаны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны сараптама кеңесінің дереу жіберуі арқылы отырыс өткізбей жүзеге асырады.


Сараптама кеңесінің отырысы сараптама кеңесі мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі. Күн тәртібі оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде қаралады.


Бұл ретте сараптама кеңесінің отырыстары сараптама кеңесінің мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде бейнеконференция байланысын немесе интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.


8. Егер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптама кеңесінің қарауына шығарылуы мүмкін.


9. Сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.


Ескерту. 64-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

65-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері



Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау осы Кодекске және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.


Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

66-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының тұжырымдамалары, нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сараптама қорытындылары



Ескерту. 66-бап алып тасталды – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

67-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату)

Ескерту. 67-бап алып тасталды – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

68-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу тәртібі

Ескерту. 68-бап алып тасталды – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

69-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын халықаралық шарттар жасасудың ерекшеліктері

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеу кезінде осы Кодексте және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көзделген тәртіп қолданылады.


Ескерту. 69-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК


70-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік ұғымы

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мынадай белгілерге сәйкес келетін, мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы ынтымақтастық нысаны болып табылады:


1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес қатынастарын құру;


2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді мерзімі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне қарай бестен отыз жылға дейін);


3) мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бірлесіп қатысуы;


4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру;


5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін жекеше әріптестің инвестицияларды жүзеге асыруы.


Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

71-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері



Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес, сондай-ақ "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын өзге де тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері болып табылады.

72-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері

Жобалануы, салынуы, жасалуы, реконструкциялануы, жаңғыртылуы және пайдаланылуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын мүлік, мүліктік кешендер мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері болып табылады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілеріне жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында ендірілуге жататын инновациялар да жатады.

73-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері мен қағидаттары

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері:


1) Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-қимыл жасауы үшін жағдайлар жасау;


2) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету инфрақұрылымы мен жүйелерін дамыту үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекеттің экономикасына инвестициялар тарту;


3) халықтың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік деңгейін және сапасын арттыру;


4) Қазақстан Республикасындағы жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу болып табылады.


2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қағидаттары:


1) дәйектілік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы өзара қатынастарды кезең-кезеңмен орнату;


2) конкурстық қағидаты – "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті конкурстық негізде айқындау;


3) теңгерімділік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру процесінде міндеттерді, кепілдіктерді, тәуекелдерді және кірістерді мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында өзара тиімді бөлу;


4) нәтижелілік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін өлшемшарттар мен көрсеткіштерді белгілеу;


5) халық үшін құндылық қағидаты – әлеуметтік инфрақұрылымды және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамытуды қамтамасыз ету, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік деңгейі мен сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құру болып табылады.


Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

74-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдану салалары және оны жүзеге асыру тәсілдері



1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік экономиканың барлық саласында (аясында) жүзеге асырылады. Бұл ретте тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілер мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейді.


2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүзеге асырылу тәсілі бойынша институционалдық және келісімшарттық болып бөлінеді.


3. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы іске асырады.


4. Өзге жағдайларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестік тәсілі бойынша жүзеге асырылады.


Келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестік мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы, оның ішінде мынадай түрлердегі:


1) концессия;


2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару;


3) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға беру);


4) лизинг;


5) технологияны әзірлеуге, тәжірибелік үлгіні дайындауға, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ және ұсақ сериялы өндіріс бойынша жасалатын шарттар;


6) өмірлік цикл келісімшарттары;


7) сервистік келісімшарттар;


8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілеріне сәйкес келетін өзге де шарттар жасасу арқылы іске асырылады.


Ескерту. 74-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 86-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6-тарау. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ


75-бап. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің жалпы ережелері

1. Кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экологиялық және өзге де салаларды дамытуға ерікті үлес қосуы кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады.


2. Мемлекет Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі үшін жағдайлар жасайды.


3. Кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік жауапкершілік бойынша қызметті жүзеге асыруға мәжбүрлеуге ешкім құқылы емес.


Қайырымдылықты жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің істеріне мемлекеттің заңсыз араласуына жол берілмейді.


4. Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметінде жұмыспен қамту және еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау салаларында және өзге де салаларда кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ендіре алады.


Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін кәсіпкерлік субъектілері қайырымдылық арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де нысандарда жүзеге асыра алады.

76-бап. Кәсіпкерліктің жұмыспен қамту және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік жауапкершілігі

1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтарын қорғау негізінде құрылады және әлеуметтік мәселелерді шешуде және еңбек жағдайларын регламенттеуде кәсіпкерлік субъектісі мен оның жұмыскерлері арасындағы әріптестік қатынастарды дамытуға бағытталуға тиіс.


2. Жұмыс орындарын сақтау, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау нормаларын сақтау, сондай-ақ ішкі саясатты бекіту кәсіпкерліктің жұмыспен қамту және еңбек қатынастары саласындағы негізгі бағыттары болып табылады.


3. Кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік және ұжымдық қатынастар саясатын іске асыруға қатысады.

77-бап. Кәсіпкерліктің экология саласындағы әлеуметтік жауапкершілігі

1. Кәсіпкерлік субъектілері қоршаған ортаға ұқыпты және ұтымды қарым-қатынасты қамтамасыз етуге тиіс.


2. Кәсіпкерліктің экология саласындағы әлеуметтік жауапкершілігі мынадай міндеттерді:


1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалар мен іс-шараларды қаржыландыруды және көшелерді, саябақтар мен басқа да қоғамдық орындарды абаттандыруды;


2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ішкі саясатты бекітуді;


3) қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өзге де мәселелерді шешуді ерікті түрде орындау арқылы іске асырылады.

78-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылықты жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік кепілдіктері

1. Қайырымдылыққа қатысушы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мемлекет кепілдік береді және қолдау көрсетеді.


2. Мемлекет кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылығын осындай қызметті жүзеге асыратын, қайырымдылықты дамытуға елеулі үлес қосқан кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен мемлекеттік наградалар, сондай-ақ қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен құрметті атақтар белгілеу және беру арқылы ынталандырады.


3. Қайырымдылықты жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық жеңілдіктеріне құқығы бар.


4. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылықты жүзеге асыру бойынша құқықтарының іске асырылуына және жеке және заңды тұлғалардың қайырымдылық көмек алуына кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың лаузымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.


Ескерту. 78-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

79-бап. Мемлекет және қайырымдылықпен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-қимылы



1. Мемлекет қайырымдылықты жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ олардың бірлестіктерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.


2. Қайырымдылықты жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ олардың бірлестіктері мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтаса алады және өзара іс-қимыл жасап, олармен келісімдер жасаса алады, сондай-ақ шарттар негізінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген белгілі бір жұмыстарды орындай алады.


3. Осы Кодекстің нормалары филантропиялық қызметтің мақсаттары үшін пайдаланылмайтын байланысты және байланысты емес гранттарды тарту, бағалау, мониторингтеу және пайдалану тетігіне қолданылмайды.

6-1-тарау. Әлеуметтік кәсіпкерлік

Ескерту. 6-1-тараумен толықтырылды – ҚР 24.06.2021 № 52-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет