Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі



бет3/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
22-бап. Өзін-өзі реттеу

Мемлекет ең төмен қажеттілікті негізге ала отырып мемлекеттік реттеу саласын қысқарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де ынталандыру шаралары арқылы кәсіпкерлік және кәсіптік қызметте өзін-өзі реттеуді дамыту үшін жағдайлар жасайды.


Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ШАРТТАРЫ


1-параграф. Кәсіпкерлік субъектілері туралы жалпы ережелер
23-бап. Кәсіпкерлік субъектілері

1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.


2. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға осы Кодексте көзделген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеледі.


3. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.

24-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары

1. Жұмыскерлердің жылдық орташа санына және жылдық орташа кіріске қарай кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатқызылады:


шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері;


орта кәсіпкерлік субъектілері;


ірі кәсіпкерлік субъектілері.


2. Кәсіпкерлік субъектілерін осы баптың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызу мынадай мақсаттар үшін пайдаланылады:


мемлекеттік статистика;


мемлекеттік қолдау көрсету;


Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану.


Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін жұмыскерлердің жылдық орташа санының өлшемшарты ғана пайдаланылады.


Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін екі өлшемшарт: жұмыскерлердің жылдық орташа саны және жылдық орташа кіріс пайдаланылады.


Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып айқындалады.


Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны осы субъект филиалдарының, өкілдіктерінің және басқа да оқшауланған бөлімшелерінің жұмыскерлерін, сондай-ақ дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, барлық жұмыскерлер ескеріле отырып айқындалады.


Соңғы үш жылдағы жылдық жиынтық кірістердің немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлік субъектілері кірістерінің үшке бөлінген сомасы жылдық орташа кіріс деп есептеледі.


Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау бағдарламаларында өзге де өлшемшарттар көзделуі мүмкін.


3. Заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны бір жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.


Жұмыскерлерінің жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.


4. Мемлекеттік қолдау және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін:


1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты әрекетті;


2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;


3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;


4) лотереялар өткізуді;


5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;


6) радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызметті;


7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агенті қызметінен басқа);


8) аудиторлық қызметті;


9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті;


10) кредиттік бюролар қызметін;


11) күзет қызметін;


12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп танылмайды.


Осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар – орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ал осы баптың 6-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сай келген жағдайда ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылады.


Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты және бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыскерлердің саны бойынша өлшемшарт пайдаланылады.


5. Кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, осы баптың 3 және 6-тармақтарына сәйкес шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.


6. Кәсіпкерлікті жүзеге асыратын және мынадай өлшемшарттардың біреуіне немесе екеуіне сай келетін: жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.


Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 386-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2021 № 52-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі



1. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректерді пайдалану үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді.


2. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі болып табылады.


3. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға жұмыста пайдалану үшін электрондық анықтама нысанында беріледі.


4. Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет