Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті



бет14/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70
103-бап. Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті

Мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы өз құзыреті шегінде:


1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;


2) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;


3) Технологиялық саясат жөніндегі кеңесте қарау үшін жетекшілік ететін бағыттарда технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;


4) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, сондай-ақ инновацияларды дамыту жөніндегі индикаторларға қол жеткізу туралы ақпаратты береді;


5) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;


6) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын орындауды қамтамасыз етеді;


7) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


Ескерту. 103-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

104-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті



Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау cаласында:


1) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;


2) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

105-бап. Жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы құзыреті

1. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:


1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;


2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;


3) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және соған жауапты болады;


4) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;


5) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;


6) сараптама кеңестерінiң қызметiн ұйымдастырады;


7) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;


8) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;


8-1) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты ілгерілетуді жүзеге асырады;


8-2) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты дамыту үшін жағдайлар жасайды;


8-3) ұлттық және аумақтық кластерлерді дамытуды жүзеге асырады;


9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


2. Алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 105-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет