Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-3-бап. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім



бет63/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70
295-3-бап. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен заңды тұлға арасында жасалатын, заңды тұлғаның мұндай келісімді жасасуға өтінім берілген жылды қоса алғанда, ол қолданылатын кезеңге жоспарланатын, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және оны жасасуға өтінім берілген жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елу миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі капиталдандырылатын кейінгі шығыстарды және (немесе) жаңа тіркелген активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығыстарды қаржыландыру жөніндегі, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тіркелген активтердің құнын ұлғайтатын басқа да шығындарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерін көздейтін шарт инвестициялық міндеттемелер туралы келісім болып табылады.


Пайдалы қатты қазбаларды өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғамен инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан кезде мұндай келісім тек қана пайдалы қатты қазбаларды өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы қызмет бойынша жасалады.


2. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғамен жасалады:


1) заңды тұлға, көмірсутекті пайдалы қазбалар мен мұнай өнімдерін экспорттаушыларды қоспағанда, экспортқа бағдарланған тауар өндіруші болып табылады. Экспортқа бағдарланған тауар өндіруші деп экспортқа өткізуден түсетін кірісі алдыңғы жылғы жиынтық жылдық кірісте кемінде жетпіс пайызды құрайтын заңды тұлға түсініледі;


2) заңды тұлға деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаға қатысуды қоса алғанда, деңгейлес мониторингте тұрған ірі салық төлеуші болып табылады;


3) акцизделетін тауарларды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асырмайды;


4) арнаулы салық режимдерін қолданбайды.


3. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан заңды тұлғаның осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді орындауы инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге қосымша болып табылатын инвестициялар салу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.


Бұл ретте осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген соманың кемінде жетпіс пайызын қаржыландыру инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім берілген жылды қоса алғанда, алғашқы бес жыл ішінде жүзеге асырылуға тиіс.


Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан заңды тұлға осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді орындаған кезде:


1) өзара байланысты тараппен жасалған шарттар бойынша тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны іс жүзінде шеккен шығыстар мөлшерінде, бірақ осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелер сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде есепке алынады;


2) өзара байланысты тараппен құны іс жүзінде шеккен шығыстар мөлшерінде есепке алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарттар жасасқан кезде мұндай өзара байланысты тарап Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс.


4. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім қолданылатын мерзім ішінде, ол жасалған күннен екінші жылдан бастап, жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайтын заңды тұлға жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай қаржыландыру жүзеге асырылатын жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен кем емес сомада қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға да міндетті.


Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шығыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.


5. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға беріледі.


Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде осындай келісімге қол қою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді.


Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданылуын тоқтату тәртібін және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысанын инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.


6. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге өзгерістер осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген ережелердің сақталуы ескеріле отырып, тек қана инвестициялар салу кестесін өзгерту бөлігінде енгізілуі мүмкін.


7. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде инвестициялық преференциялар беруге инвестициялық келісімшарттарды жасасуға кедергі келтірмейді. Бұл ретте салықтар бойынша преференциялар инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасалған кезге қолданыста болатын осы Кодекске және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес беріледі.


8. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылуы осы Кодекстің 289-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін осы тармаққа сәйкес тараптардың келісімі бойынша немесе біржақты тәртіппен тоқтатылуы мүмкін.


Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім қолданылатын кезеңде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде, 2-тармағында, 3-тармағының екінші бөлігінде және 4-тармағында көзделген міндеттемелер мен шарттар орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.


Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде осындай келісім жасасқан заңды тұлға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес белгіленген тәртіппен өзінің салықтық міндеттемелерін қайта есептеуді жүзеге асырады.


Ескерту. 295-3-баппен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

296-бап. Инвестициялық дауларды шешу



1. Инвестордың инвестициялық қызметiне байланысты инвесторлар, оның ішінде ірі инвесторлар мен мемлекеттiк органдар арасындағы шарттық мiндеттемелерден туындайтын дау инвестициялық дау болып табылады.


2. Инвестициялық даулар келiссөздер арқылы не дауларды шешудiң тараптармен бұрын келiсілген рәсiмiне сәйкес шешіледі.


3. Инвестициялық дауларды осы баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес шешу мүмкiн болмаған кезде дауларды шешу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ тараптардың келiсiмімен айқындалатын төрелiктерде жүргiзiледi.


4. Инвестициялық дауларға жатпайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.


Ескерту. 296-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 489-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет