Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-1-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру



бет60/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70
272-1-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру

1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру осы Кодекске және "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.


2. "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, негізінен, елде өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары, сондай-ақ оларды көрсету шарттары көзделеді.


Ескерту. 272-1-баппен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



272-2-бап. Өнеркәсіптік саясат

1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.


2. Өнеркәсіптік саясаттың басымдықтары мен бағыттары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен айқындалады.


3. "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өнеркәсіптік саясаттың мақсаты, міндеттері мен қағидаттары, оны қалыптастыру және іске асыру рәсімдері мен тетіктері белгіленеді.


Ескерту. 272-2-баппен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



272-3-бап. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру бағыттары

Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік саясат "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:


1) өнеркәсіпті дамытудың базалық шарттары;


2) өткізу нарықтарына ілгерілету;


3) өнеркәсіптің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.


Ескерту. 272-3-баппен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет