Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


ШЕШІМДЕРІНЕ, ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ



бет68/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
ШЕШІМДЕРІНЕ, ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ
318-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдарын қараудың міндеттілігі

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген шағымдар міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге және қаралуға жатады. Шағымдарды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.


Мемлекеттік орган (мемлекеттік органның лауазымды адамы) кәсіпкерлік субъектісі берген шағымды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға міндетті.

319-бап. Шағым жасау құқығы

1. Кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын болса, оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкін.


2. Шағым құзыретiне оны қарау және ол бойынша шешім қабылдау кiретiн мемлекеттік органға беріледі. Шағым беру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.


Ескерту. 319-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

7-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ


ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ
ЕРЕЖЕЛЕР
30-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ
ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
320-бап. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

1. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.


2. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз таратқаны және (немесе) пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады, ал осындай тарату және (немесе) пайдалану салдарынан кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.


3. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.


4. Өзінің заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасалу салдарынан кәсіпкерлік субъектісі шеккен барлық залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет