Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы



бет69/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
321-бап. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы

1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары кәсiпкерлiк субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау процесінде, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау кезінде өздерінің қызметтік мiндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсiздiк) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.


2. Мемлекеттік органдар құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кәсіпкерлік субъектісін Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты қолданылған шаралар туралы бір айдың ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.

322-бап. Кәсiпкерлiк субъектiсiн тексерудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылық

1. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексерулер жүргізу кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.


2. Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы кәсiпкерлiк субъектiсiне келтiрген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.


Өтелуге қойылатын залалдар көлеміне, оның ішінде кәсiпкерлiк субъектiлерінің жұмыскерлеріне материалдарды тексеруге дайындағаны үшін төленген сыйақы сомалары, өндiрiстің мәжбүрлеп тоқтатылған уақытындағы жалақы, өндiрiстi тоқта тұру салдарынан шығарылмаған тиiстi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi өткiзген кезде кәсiпкерлiк субъектiсiнің алуы мүмкін, жіберіп алған пайда енгізiледі.

31-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
323-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын қолдану тәртібі

1. "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келiсiмшарттар негiзiнде берiлген жеңiлдiктер осы инвестициялық келiсiмшарттарда белгiленген мерзiм өткенге дейiн өзiнiң қолданысын сақтайды.


2. Осы Кодекстің 295-бабы 3, 4 және 5-тармақтарының және 296-2-бабы 1-тармағының салық сомаларын төлеу бөлiгiндегi нормалары инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған инвестициялық келiсiмшарттар бойынша қолданылуын сақтайды.


3. Осы Кодекстің 287-бабы 1-тармағының лизингтік компанияларды кедендік әкелу баждарын салудан босату бөлігіндегі нормалары 2016 жылғы 1 қазаннан бастап инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарттарға қолданылады.


Ескерту. 323-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет