Қазақстан Республикасының мемелекеттік мерекелері туралы Заң


-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу



бет30/34
Дата14.11.2022
өлшемі102,63 Kb.
#50067
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
58-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу
59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау
1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм алуға құқықты қамтамасыз етуіне және жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлердің өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны білім саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері, жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. 2. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілері: 1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі; 2) білім алушылардың тиісті жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі; 3) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметі болып табылады. 3. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мынадай нысандарда жүзеге асырылады: 1) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының сақталуын жоспардан тыс тексеру; 2) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау; 3) осы Заңда айқындалатын тәртіппен бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау. 4. Мемлекеттік аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, профилактикалық бақылау арқылы бес жылда бір рет Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүргізеді.
60-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қажетті біліктілікке ие болуы және қосымша білім беруі жүйесінде кемінде бес жылда бір рет тиісті оқытудан өтуі тиіс. 2. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың: 1) білім беру ұйымдарына, мекемелеріне және кәсіпорындарына, тексеру мақсатында қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын көрсету арқылы кедергісіз кіруге, ал ведомстволық білім беру ұйымдарына - оларға кірудің белгіленген режимін ескере отырып кіруге; 2) тексеруді жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратып алуға, тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар. 3. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар: 1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға; 2) тексерулерді осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде және оларда белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге; 3) тексеру жүргізу кезеңінде білім беру ұйымдарының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге; 4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамаларымен белгіленген талаптарын бұзушылықтардың алдын алу оларды анықтау және болдырмау жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес берілген өкілеттілікті уақтылы және толық көлемде орындауға; 5) білім беру ұйымына тексеру нәтижелері туралы актіні оны аяқтаған күні беруге; 6) алынған құжаттар мен тексеру нәтижесінде алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. 4. Мүдделі тұлға білім беру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне және әрекеттердің жасалуына (шешімдердің қабылдануына) негіз болған ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет