Қазақстан Республикасының мемелекеттік мерекелері туралы Заң


-бап. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту, білім беру ұйымдарын иеліктен шығару



бет33/34
Дата14.11.2022
өлшемі102,63 Kb.
#50067
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
зандар жинаг

64-бап. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту, білім беру ұйымдарын иеліктен шығару
1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жасау және дамыту бюджет қаражаттары, ақылы негізде көрсетілетін қызметтерден түскен кірістер, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. 2. Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын тәртіппен мүліктерге иелік ету және пайдалану құқығы бар. Білім беру ұйымының мемлекеттік мүлкі алып қойылуға немесе білім беру ұйымының негізгі міндеттеріне қайшы келетін мақсаттарда пайдаланылуға тиіс емес. 3. Білім беру ұйымдарын жекешелендіру "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырылады. 4. Конкурстық негізде "Орта білім беретін үздік ұйым", "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым" гранттарын алған орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік мекемелер гранттарды материалдық-техникалық және ғылыми-әдістемелік жағынан білім беру процесін қамтамасыз етуге жұмсайды.
10-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде жүзеге асырылады. 2. Білім беру ұйымының өз жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екі жақтан және көп жақты шарттар жасасуға, студенттер, магистранттар, докторанттар, педагогтер және ғылыми қызметкерлер алмасудың халықаралық бағдарламаларына қатысуға, білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіруге құқығы бар. 3. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 4. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік оқу орындарын және (немесе) олардың филиалдарын құру халықаралық шарттардың негізінде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. 5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, халықаралық оқу орындарының және Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары құратын оқу орындарының, олардың филиалдарының білім беру қызметін лицензиялау, сондай-ақ мұндай оқу орындарын бақылау және аккредиттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет