Қазақстан Республикасының мемелекеттік мерекелері туралы Заң


-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі



бет27/34
Дата14.11.2022
өлшемі102,63 Kb.
#50067
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
52-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі
1. Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады. 3. Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің лауазымдық айлықақысы, қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сондай-ақ ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. 5. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамы мен басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы арттырылып отыратын коэффициентті ескере отырып айқындалады. 7. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді. 8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтер мынадай: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның ішінде қызметтік үй және (немесе) жатақхана; 2) ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді. 2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге: 1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында педагогтік қызметті жүзеге асыратын педагогтердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді; 2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі. 3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге жыл сайын тиісті бюджет қаражаты есебінен: 1) оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен айқындалған мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға жәрдемақы; 2) "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын иеленушіге жұмсау бағытын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет