Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта жалпы білім. Негізгі ережелер



бет2/14
Дата16.11.2022
өлшемі243,74 Kb.
#50554
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қazaқstan-respublikasynyң-memlekettіk-zhalpyғa-mіndettі-bіlіm-beru-standarty-orta-zhalpy-bіlіm-negіzgі-erezheler

ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

    • Осы стандарт:
  • білім беру салалары бойынша бiлiм, бiлiк, дағдыларды қалыптасқан негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер ретінде нақтылайтын жалпы орта білім берудің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды;
  • Оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң оқу жүктемесінің көлемі мен оқу жетістіктерінің деңгейлерін белгілейді;
  • жалпы алғанда еліміздің білім беру жүйесінің, мұғалімнің, оқушының дамуын және өзіндік дамуын, білім беру процесінің ұйымдастырылуын реттейді.
  • Стандарт:
  • білім сапасын бақылаудың ережелері мен рәсімдеріне;
  • білім беру процесін қамтамасыз етуге (оның ішінде кадрлық, материалдық-техникалық, оқу-зертханалық, ақпараттық-әдістемелік) қойылатын талаптарды анықтайды

Стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді:

  • білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;
  • елiмiздiң білім беру жүйесін қазақстан мектебiнiң ең жақсы дәстүрiн сақтай және әлемдiк тенденцияларды ескере отырып дамыту;
  • жалпы орта білім беру құрылымының жас кезеңдеріне сәйкестігі;
  • ерекше білім берудi қажет ететiн балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу;
  • білім сапасын қалыптасқан негізгі құзыреттіліктер түрiндегi білім беру нәтижелерiн енгiзу есебінен арттыру және оқушының, педагогтың, білім беру ұйымдарының қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін құру; жалпы орта білім беру саласындағы білім беру процесінің барлық субъектілерінің міндеттерін сақтау мен құқықтарын қамтамасыз ету;
  • балалардың дене және психологиялық денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, оның ішінде оқушының қосымша білім алудағы сұраныстарын қанағаттандыруға қолайлы жағдай жасау;
  • ұйымдардың типтері мен түрлерінің көптүрлігі жағдайында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз ету;
  • жалпы орта білімді қаржыландыруға бөлінген мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын ұтымды және тиімді пайдалану


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет