Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта жалпы білім. Негізгі ережелер



бет6/14
Дата16.11.2022
өлшемі243,74 Kb.
#50554
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қazaқstan-respublikasynyң-memlekettіk-zhalpyғa-mіndettі-bіlіm-beru-standarty-orta-zhalpy-bіlіm-negіzgі-erezheler

Негізгі орта мектепті бітіруші:

  • - құрбыларымен қарым-қатынас мәдениетін білуі, жаңа әлеуметтік рөлдерді игере білуі;
  • - әлемдік көзқарастағы проблемаларға, құрбылар ұжымындағы өзіндік әлеуметтік мәртебесіне саналы қызығушылығын таныта білуі;
  • - рухани-адамгершілік, азаматтық-елжандылық өмір салты қажеттіліктерінің болуы;
  • - әлеуметтендіру мен өмір сүру нормаларына бағынудың түрлі факторларымен өзара ықпалдасу арқылы мектептен тыс жағдайда әлеуметтік қатынас орната білуі;
  • - құндылық ретінде өзі туралы, өзіндік тұлғасы және басқа адамның тұлғасы туралы ұсыныстар жүйесін игере білуі; - өзін-өзі таныту және өзін-өзі анықтау мақсатында қызметтің түрлеріне қатысу қажеттілігін сезінуі.
  • - оқытудың болашақ бейіні мен кәсіби қызмет саласын таңдаудың мәнін түсінуі;
  • - ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын игеру қажеттілігінің болуы;
  • - қоршаған ортаның жай-күйі мен қызметтің барлық түрлеріне үнемі қамқорлық жасаудың қажеттілігі үшін моральдық жауапкершілігін сезінуі;
  • - денсаулықты құндылық ретінде түсiнуі.
  • - жыныстық мінез-құлықтарының, жыныстық күтулердің кешенді стереотиптері туралы білімді меңгеруі тиіс.

Жалпы орта мектепті бітіруші:

  • - оқудың, мектеп өмірінің мәнін болашақ еңбек қызметіне дайындық ретінде түсінуі;
  • - қоршаған ортаның шынайылығына деген көзқарастар мен сенімділік жүйесі ретінде біртұтас дүниетанымының болуы;
  • - өзінің және басқа да халықтардың мәдени құндылықтарын білуі;
  • - түрлі жастағы биресми ұжымдар мен жастарға тән қосалқы мәдениет нормаларына бағынатын топтардағы қарым-қатынасқа дайын болуы;
  • - өзінің даралығын сезінуі және өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі іске асыруға, өмірлік жоспарларды қалыптастыруға дайын болуы;
  • - өзін әлем азаматы екенін сезінуі, көпмәдениетті тұлғаның сапаларын игеруі;
  • - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметке, сондай-ақ акцияларға, жиындарға және қоғамдық-саяси сипаттағы қозғалыстарға қатыса білуі;
  • - салауатты өмір салтына дайын болуы тиіс және беделді қажеттіліктердің болуы;
  • - өзін белгілі бір жыныстың өкілі, болашақ отбасы иесі ретінде сезінуі тиіс.
  • Жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында оқушыны табысты әлеуметтендіруге жалпы орта білім берудің әрбір сатысында оқушының кезең-кезеңімен игеретін негізгі құзыреттерді олармен бірлікте, өзара байланыста және дамуда игеруге ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет