12 жылдық мерзіммен оқытатын жалпы орта білім беру мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруіне бағдарланған.
Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер ретінде ұсынылған білім беру жүйесінің мақсаттары:
- проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент);
- ақпараттық құзыреттілік;
- коммуникативтік құзыреттілік. Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент):
- әр түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;
- өз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға (яғни, барабар міндеттерге технологиялар әзірлеу);
- өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға;
- өзі үшін барабар жағдайлар, іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын таңдауға;
- барабар қойылған міндеттерге технологиялар таңдауға, технологияларды нақты қадағалауға мүмкіндік туғызады.
Ақпараттық құзыреттілік:
- сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, жоспарлауға және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға;
- өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түсіндіруге және ақпараттарды тасымалдауды оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеме, ұқсастығы бойынша дәлелдеме, моделдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;
- қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.