Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта жалпы білім. Негізгі ережелер.
Стандартқа 12 жылдық орта жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жалпы ережесі енгізілген. Стандартта орта жалпы білім беру мазмұнының міндетті минимумына қойылатын талаптар, оқу процесін ұйымдастыру нормалары және күтілетін нәтиже реттелген.
Құжат барлық типтегі білім беру ұйымдарының жетекшілері мен педагогтарына, білім беруді басқару органдарының қызметкерлеріне, ата-аналар қауымына арналған.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 12 жылдық оқыту мерзімімен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын әзірлеудің негізінде мынадай түбегейлі жаңа тұжырымдамалық негіздер жатыр:
- мектеп бітірушілердің тұлғалық сапалары ретінде құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелерді анықтау арқылы білім беру жүйесінің «шығуын» реттеу;
- мектептік білім берудің түрлі деңгейлеріндегі тұлғаның даму дәйектілігін сипаттайтын оқытудан күтілетін нәтижелердің көпдеңгейлі жүйесін құру;
- оқудың рөлiн «дайын білімдерді алушы» баяу оқушыдан танымдық процестің белсенді субъектісі бола алатын оқушыға ауысуын көздейтін бiлiм берудiң негізгі процесі ретінде күшейту;
- негізгі құзыреттіліктерді, білімдерді, біліктер мен дағдыларды меңгеру жөніндегі оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейлерін анықтау негізінде білім беру жүйесі мен мектептің, оқушылардың даму динамикасын бақылауға бағдарланған оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу;
- жоғарғы мектепте бейіндік оқытуды енгізуге негізделген білім беру мазмұнының тұлғалық бағдары мен вариативтілігі;
- педагогикалық саралау мен бейіндендіру негізінде оқушылардың оқыту процесiндегi жеке білім алу траекториялары бойынша табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ету;
- жалпы орта білім берудің құрылымы мен мазмұнының білім берудің әрбір сатысындағы психологиялық-физиологиялық және жас ерекшеліктеріне, мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкестігі