Инварианттық бөліктің базалық компоненті тұтас білім беру кеңістігін қамтамасыз етеді және базалық (жалпы білім беру) деңгейде оқытудың барлық бейіндері мен бағыттары үшін міндетті пәндерін оқытуды көздейді.
Барлық бағыттарда оқытылуы міндетті пәндер: Ана тілі мен әдебиеті, Қазақ тілі мен әдебиеті /Орыс тілі мен әдебиеті, Шет тілі, Математика, Информатика, Тарих, Қоғамдық білім, Өзін-өзі тану, Жаратылыстану, Дене шынықтыру, Өмiр қауiпсiздiгi мен дағдылар негiздерi.
Егер пән бейіндік немесе мамандандырылған (тереңдетілген) деңгей бағдарламалары бойынша оқытылатын болса, онда ол пән базалық деңгейде оқытылмайды.
Бейіндік компонент
Бейіндік компоненттің шеңберінде мектепке оқушылардың қызығушылығы мен қажеттілігіне орай сағаттарды бөлу мүмкіндігі беріледі.
Бейіндік оқу пәндері типтік оқу жоспарларында көрсетілген әрбір бағыт пен бейіннің мамандануын анықтайды.
Әрбір бағытта оқушылардың бейіндік деңгейде оқитын пәндерінің саны 4-тен кем болмауы тиіс.
Жалпы орта білім берудің жоғары деңгейінде кредиттік технология элементтерін енгізу пәндерді мамандандырылған (тереңдетілген) деңгейде оқытуды көздейді.
Осыған орай, жекелеген бейіндік пәндер бойынша несие алып, оны жоғары оқу орындарында оқу барысында қолданғысы келетін оқушылар таңдалатын 4 бейіндік пәннің 1-2 пән бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес мамандандырылған (тереңдетілген) деңгейде оқи алады.
Вариативтік компонент
Бейіндік оқыту мазмұнының вариативтік компонентi оқушылардың таңдауы бойынша элективті курстар мен «Зерттеу және шығармашылық іс-әрекет негіздері» қолданбалы арнайы курсын қамтиды
Элективтік курстар:
бейіндік пәнді (тереңдете оқыту) оқыту үшін бөлінетін сағаттарды ұлғайту үшін;
бейіндік пән мазмұнын байыту үшін (нақты бір пәннің міндетті бағдарламасының аясынан шығатын жекелеген бөлімдерді зерделеу);
кәсіпалды дайындық үшін (пропедевтикалық деңгейде таңдалған бағыттарға сәйкес келетін арнайы курстарды, әлеуметтік және оқу-өндірістік тәжірибелерді оқыту);
оқушылардың талап-тілектері бойынша Базистік оқу жоспарына кірмейтін қосымша пәндерді оқыту үшін пайдаланылады.