1. Білімділік: Оқушыларға еліміздің рәміздерінің мағынасын терең түсіне білуге мемлекеттік рәміздердің авторларының өмірбаяндарын, еңбек жолдарын үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың мемлекеттік нышандарды оқып- үйренуде өзіндік дағды қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, кұрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ауызша журнал
Тәрбие сағатының әдісі: іздену, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Қазақстан Республикасының рәміздері, Қазақстан Республикасының рәміздерінің авторларының суреттері.
Тәрбие сағатының барысы:
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу,назарларын сабаққа аудару. Құрметті оқушылар, бүгін біз Мемлекеттік Рәміздеріміз жайлы терең, жан-жақты білуге және Мемлекттік Рәміздеріміздің авторлары жайлы , олардың өмірлері жайында, еңбек жолдарымен таныса отырып, өз білімімізді ой өрісімізді кеңейтеміз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.