«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ
Нұр-Сұлтан 2021
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылды (2021 жылғы 13 мамырдағы № 5 хаттама).
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ - Білім алушылардың оқу жүктемесін азайту.
- 1-сыныптарға «Әліппе», «Ана тілі», «Букварь», «Обучение грамоте»,
«Цифрлық сауаттылық» пәндерін енгізу.
- Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру.
- Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру.
- Жазғы мектеп есебінен оқыту мерзімін 20 маусымға дейін ұзарту.
- Міндетті формативті бағалау.
- Сабақ ұзақтығы – 45 минут.
- 5-сыныптан 11-сыныптар аралығында «Жаһандық құзыреттіліктер»
таңдау курсын немесе басқа курстарды енгізу.
- Мектептердің таңдауы бойынша «Музыка» оқу бағдарламасының
шеңберінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 6-сыныпта домбыра
тартуды үйрету.
- Оқытудың әртүрлі форматтарына (дәстүрлі, аралас, қашықтан)
мектептердің дайындығын қамтамасыз ету.
- Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды бағалау.
- Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға оқу
бағдарламаларын бейімдеу.
- Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға тиімді
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
- Инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыру.
- «Оқуға құштар мектеп», «Дебаттар», «Өзін-өзі басқару күні», «Мектеп
театры» жобаларын іске асыру.
- Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын
қалыптастыру (қарым-қатынас, мектеп қоңырауы).
- Мектеп пен отбасында күнделікті 20 минут кітап оқуды ұйымдастыру.
- Ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу.
- Білім алушылардың дене дамуының мониторингі.
- Педагогтерді тарифтеу тәртібі бойынша ұсыныстар.
- Жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін жетілдіру.
- Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін енгізу.
- Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын күшейту.