3. Жеке консультациялар өткізу Өткен және жаңа оқу жылдарына арналған оқу бағдарламаларындағы сәйкес келмейтін тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша білім алушы санын 15-тен асырмай, жеке консультациялар, қосымша сабақтар («жексенбілік мектеп», «каникул кезіндегі мектеп») өткізу кестесін әзірлеу;
4. Жүзеге асыру, талдау жұмыстары 1) пәнді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін (саралап оқыту, кейс-стади, тақырыптық талқылау, іскерлік ойын, жобалық және зерттеу жұмыстары, модульдік оқыту және т.б.) қолдану;
2) білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін әзірлеу және талдау жұмысын жоспарлау;
3) білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында жүзеге асырылған оқу мақсаттарын БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыруда ескеру;
4) БЖБ, ТЖБ нәтижелері негізінде білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу және талдау;
5) білім алушылардың білім сапасына жүргізілген мониторинг жұмысының нәтижесін әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте талқылау ұсынылады.
НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ «Математика және информатика» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады: «Математика» – 5, 6-сыныптар; «Алгебра» – 7-9-сыныптар; «Геометрия» – 7-9-сыныптар; «Информатика» – 5-9-сыныптар.
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүргізіледі. Атап айтқанда, жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу жоспарлары және төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
Сондықтан, Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика және информатика» білім саласы пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін.