Жүзеге асыру және талдау жұмысы (оқу жылы бойы). 15. Пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді сабақ жоспарымен сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу.
16. Жаңа сабақтан бұрын кеңес беру кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол жеткізу.
17. Жаңа сабақтан бұрын сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол жеткізу.
18. Каникул күндерінде кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу.
19. Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес өткізу кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру.
20. Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижелерін:
- диагностикалық бақылау жұмысының талдамалық есебін;
- тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте;
- бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін әдістемелік бірлестікте;
- оқу жылының қорытындысы бойынша талдамалақ есепті әдістемелік бірлестікте және педагогикалық кеңесте талдау және талқылау.
1. Диагностикалық жұмыс 1) пән бойынша өткен оқу жылдарының бағдарламасындағы тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу;
2) жүргізілген диагностикалық бақылау нәтижесі бойынша өткен оқу жылдарында оқытылған тақырыптар мен оқу мақсаттарынан білімінде олқылықтары бар білім алушылардың саны арқылы күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау;
2. Жоспарлау жұмысы 1) өткен оқу жылдары мен жаңа оқу жылының оқу бағдарламаларындағы сәйкес келетін күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеуде кіріктіру;
2) жаңа сабақты жоспарлаудың алдында өткен оқу жылдарындағы тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала тапсырмалар әзірлеу;