Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



бет1/27
Дата12.06.2023
өлшемі124,54 Kb.
#100744
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Bilim beru Akademiyasy - adistemelik nuskaulyk


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ»
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ


Нұр-Сұлтан
2021

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылды (2021 жылғы 13 мамырдағы № 5 хаттама).


«Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2021. – 378 б.
Жинақта Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мектепалды
және 1-11-сыныптарында 2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін
ұйымдастыру жөніндегі материалдар берілген.
Жинақ орта білім беру ұйымдарының басшыларына, педагогтеріне, әдіскерлерге, білім басқармалары мен бөлімдерінің, білім беру саласындағы
сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары мен мамандарына
арналған.
© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2021


ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Білім алушылардың оқу жүктемесін азайту.
- 1-сыныптарға «Әліппе», «Ана тілі», «Букварь», «Обучение грамоте»,
«Цифрлық сауаттылық» пәндерін енгізу.
- Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру.
- Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру.
- Жазғы мектеп есебінен оқыту мерзімін 20 маусымға дейін ұзарту.
- Міндетті формативті бағалау.
- Сабақ ұзақтығы – 45 минут.
- 5-сыныптан 11-сыныптар аралығында «Жаһандық құзыреттіліктер»
таңдау курсын немесе басқа курстарды енгізу.
- Мектептердің таңдауы бойынша «Музыка» оқу бағдарламасының
шеңберінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 6-сыныпта домбыра
тартуды үйрету.
- Оқытудың әртүрлі форматтарына (дәстүрлі, аралас, қашықтан)
мектептердің дайындығын қамтамасыз ету.
- Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды бағалау.
- Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға оқу
бағдарламаларын бейімдеу.
- Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға тиімді
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
- Инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыру.
- «Оқуға құштар мектеп», «Дебаттар», «Өзін-өзі басқару күні», «Мектеп
театры» жобаларын іске асыру.
- Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын
қалыптастыру (қарым-қатынас, мектеп қоңырауы).
- Мектеп пен отбасында күнделікті 20 минут кітап оқуды ұйымдастыру.
- Ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу.
- Білім алушылардың дене дамуының мониторингі.
- Педагогтерді тарифтеу тәртібі бойынша ұсыныстар.
- Жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін жетілдіру.
- Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін енгізу.
- Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын күшейту.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет