Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны



бет13/27
Дата12.06.2023
өлшемі124,54 Kb.
#100744
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
Bilim beru Akademiyasy - adistemelik nuskaulyk

«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
«Информатика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны кестеде көрсетілген.

Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны


Сынып Тоқсандар бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан
10 сынып ҚГБ 2 1 1 1
11 сынып ҚГБ 1 1 2 1
10 сынып ЖМБ 2 1 1 1
11 сынып ЖМБ 1 2 2 1
ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2019 жылғы 26 қарашада №509 өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ енгізілген:
Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады.
Осы тармаққа сәйкес 10-11 сыныптағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Информатика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі.
Қашықтан оқыту

Қашықтан оқыту форматы қазіргі уақытта оқытудың балама түрі ретінде қазіргі шындыққа берік енеді. Қашықтан оқыту форматы оқытудың балама түрі ретінде тәжірибеге мықтап енген.


Қашықтықтан оқыту тәртібінің нормативтік құқықтық негізі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен «қашықтан оқыту» ұғымы «қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып, педагог пен білім алушылардың өзара іс-қимылы кезінде жүзеге асырылатын оқыту» ретінде нақтыланды (1-бап, 38-тармақ). Қашықтықтан оқыту нысаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда жүзеге асырылады, жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен барлық білім алушылар үшін қашықтықтан оқытуды енгізеді (37-2-бап). https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319_
Қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқыту келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
- «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығы. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтың 14-тармағына сәйкес, "онлайн режиміндегі оқу сабақтары цифрлық технологияларды (вебинарлар, бейнеконференциялар, интернет желісі бойынша хабарламалар алмасу арқылы) қолдана отырып, нақты уақыт режимінде оқытудың өзара іс-қимыл процесін көздейді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010768);
- «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 28 тамыздағы №373 бұйрығы. Бұйрық қашықтан оқыту жағдайында білім алушылардың жетістіктерін бағалау процесін регламенттейтін тармақтармен толықтырылды. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021148
- «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығы;
- Ұсыныстар онлайн-платформаларға, сабақ құрылымына, тапсырмалар көлеміне, бағалау талаптарына, бейнесабақтарды әзірлеуге қойылатын минимум талаптарды қамтиды; https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/20964?lang=kk
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулармен енгізілген).
Стандартта тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескеріп, барлық оқу пәндері бойынша 15 білім алушыға дейін топқа бөле отырып, карантин енгізілетіні көрсетілген. (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017669#z199).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет