«Білімал» білімді басқару жүйесі Орналасуы https://bilimal.kz/
Мүмкіндіктері Педагогтарға: электрондық күнделік, электрондық журнал, блог алаңы, есептер, педагогикалық білім базасы, кәсіби қоғамдастық
Мұғалімдер мен ата-аналар үшін: сабақ кестесі және сабақтар, білім беру ресурстары.
Пайдаланылуы Жүйеге кіруге арналған белсендіру деректері мектеп әкімшілігіне бекітілген
EDUS мектептеріне арналған білім беру платформасы Орналасуы https://mektep.edu.kz/
Мүмкіндіктері Мұғалімдер үшін: оқу және күнтізбелік жоспарлар, электрондық журнал, оқу материалдары, емтихан рәсімдерін өткізу, басқа мұғалімдермен тәжірибе алмасу. Білім алушылар мен ата-аналар үшін: электрондық күнделік, чат.
Пайдаланылуы Педагогтар мен білім алушыларға қолжетімділік деректерін мектептер береді, ата-аналар онлайн тіркеуден өте алады
iMektep мектептеріне арналған білім беру платформасы Орналасуы https://imektep.kz/
Мүмкіндіктері Қазақ тілі, оқу, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, музыка, өзін-өзі тану пәндері бойынша жазылған бейнесабақтар
Пайдаланылуы Порталға кіру үшін авторизация талап етіледі. Сонымен бірге, бірнеше бейнесабақ ақысыз қолжетімді.
TopIQ электронды оқулықтар платформасы Орналасуы https://topiq.kz/
Мүмкіндіктері Педагогтар үшін: 1-11-сыныптарға арналған электронды оқулықтар кітапханасы, мультимедиалық және интерактивті компоненттер оқулыққа енгізілген, тапсырмалардың мақсаты, электронды журналдар, үлгерім статистикасы.
Білім алушылар үшін: электронды оқулықтар кітапханасы, мұғалімге тапсырмалар алу және жіберу, нәтижелерді есепке алу, жеке шотқа оқу материалдарын алу мүмкіндігі бар.
Пайдаланылуы Жүйеге кіруге арналған активтендіру деректері мектеп әкімшілігіне бекітілген. Кез келген пайдаланушыға онлайн тіркеуден өту мүмкіндігі бар
Қашықтан оқыту нысанын анықтау қажет
Онлайн режимінде сабақ өткізу үшін тегін вебинар жүйелерін (мысалы, Zoom, Microsoft Teams, Skype, Google Meet) пайдалануға болады. Асинхронды оқыту режимін таңдау кезінде педагогтар мен білім алушылар бір-бірінен еркін түрде жұмыс істейтін ресурстары мен онлайн-сабақтары бар сәйкес білім беру онлайн-платформасын таңдау қажет.
Өз материалдарын қолдана отырып сабақ өткізу үшін білім алушыларға берілген контексте тапсырмаларды орналастырудың ең ыңғайлы құралы - үй тапсырмасы модулі бар электронды күнделік. Дискіге материалдарды (немесе оларға сілтемелерді) сала отырып (Google Диск, Облако Mail.ru және т.б.), оларға сілтемені электрондық журналға орналастыру керек.
Қашықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыру үшін білім алушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату қажет. Ата-аналарға қашықтан оқытудың ерекшеліктерін түсіндіріп, нұсқаулық/жоспар әзірлеу ұсынылады, онда мұғалім, ата-ана, сабақ барысында оқушы орындайтын іс-әрекеттер нақты жазылуы керек. Нұсқаулықты әзірлеу кезінде білім алушылардың және білім алушылар отбасының мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Қабылданған карантиндік шаралар жағдайында қашықтан оқыту бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстарды ҰБА әзірлеген әдістемелік ұсынымдардан табуға болады. Оны Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Қашықтан оқыту» айдарымен https://nao.kz/blogs/fromorg/2/94 сайтында орналастырылған.
Қашықтан өткізілетін сабақ – бұл дәстүрлі емес сабақ!
Қашықтан оқыту дәстүрлі оқытуға қарағанда жаңа дағдылар мен педагогикалық тәжірибені қажет етеді (Fetherston, 2001).
Қашықтан жұмыс істеудің тиімді шарттарының бірі – тапсырмаларды жиі өзгерту және көптеген тәжірибелерді пайдалану. Себебі балаларға үлкен көлемдегі ақпаратты қабылдау мен игеру немесе ұзақ уақыт бойы бір тапсырманы орындау қиын. Сондықтан, бірнеше жұмыс түрлерімен сабақ жүргізіңіз, мысалы, бейнені көруге 5-10 минут, тапсырмаларды орындауға 10 минут және қолмен жазуға 10 минут және т.б.
Оқыту аудиториялық, қашықтан оқытуды және білім алушылардың өзіндік жұмысын дәстүрлі оқу-әдістемелік материалдармен үйлестіруі керек. Әрбір білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Оқу процесі әртүрлі режимдерде өтуі керек: онлайн режимінде оқу іс-шаралары мен мұғаліммен қарым-қатынас АКТ-ны қолдана отырып, белглі бір уақытта жүзеге асырылады; асинхронды форматта:бұл балаға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта оқу материалын игеруге мүмкіндік береді.
Оқу материалдарының сапасына сыни тұрғыдан қарау ұсынылады:
- Көлемді мәтіндерден аулақ болыңыз. Егер тақырып білім алушыны қызықтырса, қосымша материал берілетінін ескерте отырып, мәтіндегі ең маңыздысын қалдырыңыз.
- Мәтін бөлімдерге бөліну керек.
- Инфографикасы бар мәтіндерді қолданыңыз, себебі визуализация материалды жақсы түсінуге, оны есте сақтауға мүмкіндік береді.
- Тапсырмалар мен оқу блоктары көлемі мен күрделілігі бойынша теңдестірілуі тиіс.
Қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін жоғары білікті педагогикалық ұжым қамтамасыз етуі тиіс, оның әрбір мүшесі өзінің кәсібилігін үнемі арттыруға мүдделі. Бұл жағдайлар қашықтан оқытуды сәтті жүзеге асыру үшін негізгі және қажеттісі болып табылады. Олардың әрқайсысын жеке-жеке орындау жақсы нәтижеге кепілдік бермейді, дегенмен кешенді түрде олар мектепте өнімді оқу процесін жүргізу үшін берік негіз болады.