Жазғы мектептің Қазақстанда ұйымдастырылуы 2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында орта білім беру ұйымдарында ата-аналарының/заңды өкілдерінің өтініштері негізінде білім алушылар үшін шектеу шаралары кезінде жіберілген біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында Жазғы мектеп жұмыс жасады. Мұндай жұмыс жыл сайын өткізілетін болады.
Жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ сыныптар бойынша оқу пәндерінен күрделі деген тақырыптардың үлгі ретіндегі тізбесі Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған (www.nao.kz). Жазғы мектептің ұйымдастырылу тәртібі
Ең алдымен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары барлық орта білім беру ұйымдарында жазғы мектеп ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады. Білім беру ұйымдарының басшылары өз кезегінде Жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспарын бекітеді және жалпы жауапкершілікте болады.
Сабақтардың кестесі педагогтердің оқу жылы ішінде анықтаған оқу жетістіктерін талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейлерін диагностикалау нәтижелері негізінде құрылған топтарды/сыныптарды ескере отырып жасалады.
Педагогтер диагностика нәтижелері негізінде меңгеруге күрделі деген тақырыптарды, бөлімдерді, бөлімшелерді, оқыту мақсаттарын зерделеп, тақырыптық жоспарлар әзірлейді.
Жұмыстың тәсілдері мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды.
Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді.
Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді. Білім алушылардың мектеп кітапханасына, қолда бар цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Сабаққа дайындық кезінде мұғалімге жазғы сабақты ұйымдастыру жоспарын жасау, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтарын толықтыру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу материалдарын мұқият таңдау ұсынылады. Үлгерімі төмен білім алушыларға ерекше назар аудару керек. Қажет болған жағдайда жеке, сараланған тапсырмаларды әзірлеу, жеке консультациялар жүргізу қажет.
Жазғы мектепте білім алушыларға еркін киім киюге рұқсат етіледі.
Топтардағы толымдылығы 25 адамнан артық болмауы керек. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут, бір күнде 3-4 сабақ өткізіледі.
Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді.
- Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.
- Жазғы мектепте білім алушылар үшін еркін киім киюге рұқсат етіледі.