Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірлігі «Алматы облыстық білім басқармасы» мм


БАСТАУЫШ СЫНЫП БАЛАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет7/12
Дата17.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#94051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2.БАСТАУЫШ СЫНЫП БАЛАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларына үш тілде білім беру мәселесі қоғамда аз талқыланып жүрген жоқ. Қанша қарсы пікірлер айтылғанымен, жақында министрлік шешім қабылдады. Сөйтіп 2022 жылы 1 қыркүйектен бастап ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытыла бастады.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтқан болатын. «Зерттеулер мен талдаулар жүргізгеннен кейін біз бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Біз бұл мәселеге қатысты шешім қабылдадық. Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Біз баланың алдымен өз ана тілінде оқуды және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз.
Орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілі болады» деп түсіндірді министр. Қалай десек те, ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа экономиканың тілі. Себебі 90 пайыз ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әлем бойынша 1,5 миллиард адам ағылшын тілінде сөйлейді. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына кіретін мемлекеттердің жартысы ағылшын тілін бастауыш мектептің бағдарламасына енгізген. Басқалары 6-7 сыныптан бастап оқыта бастайды. Соның нәтижесінде, еуропалықтардың 54 пайызы кем дегенде бір шет тілін, 25 пайызы екі шет тілін білсе, 10 пайызы үш тілде еркін сөйлейді. English First рейтинг агенттігінің мәліметінше, ағылшын тілін білетін халықтың кіріс көзі өсіп, жұмыссыз жастардың саны аз болады екен. Бұл дегеніңіз – ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпыұлттық прогреске жете алмайды деген сөз. Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін үйренуге ынтасы өте зор болады. Олар шет тілінде сөйлегісі және түсінгісі келеді. Олар көптеген жаттығуларды орындайды және олармен сабақ үстінде көп жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Бастауыш сыныпта ауызша оқуға көп көңіл бөлінеді. Әрине, оқу процессінің тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу түрлері де беріледі. [16, 35б]
Шет тілін үйрету ауызша үйретуден басталады. Әуелі шет тілінің фонетикасының тек өзіне тән дыбыстарымен танысады, оның дауыс ырғағы, екпіні, ритмі үйретіледі. Жаңа әліпби, әріп ерекшеліктері ескерілді. Тілдің әріптер мен дыбыстарын үйренгеннен кейін сөздердің жазылу-оқытылуын үйрене отырып, сөйлем құрастырып, сөйлеуге қолдана бастайды. Яғни, сараптамалық ойлаудан синтетикалық ойлауға ауысады. Бұл әдістің жетістігі сол ол тілді үйренудің оқу, жазу, сөйлеу сияқты барлық түрлерін түгел қамтиды. Сондықтан бастауыш сынып оқулықтары ауызша бөлімнен басталады
Ал бастауыш сынып оқушыларына келетін болсақ, бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс-әрекеті мен жүйкесінің қалыптасуына үлкен рөл атқарады. Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде балада қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті дамып, түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады. Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады. Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте сақталатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады. Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі бірден жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестету үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады. Оқу үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігіне ой қорытындысын жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру деген сияқты түрлері анық көріне бастайды.Оқушыларда жоғары дәрежеде, жүйелі түрде нәтижелі ақыл-ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл дамуы – ана тілін терең әрі ұлттық ерекшелікте меңгерілгендігі байқалады. Оқушы енді өз ойын, өз қалауын, өз сезімін ана тіліндегі сөз байлығын қолдана отырып, грамматикалық түрде өте дәйекті тұрғыда түсіндіре алады. [8, 195б]
Тіл – ойдың жемісі. Бала тілінің таза, ойының жеткілікті болуына баса назар аудару қажет. Л.С.Выгодскийдің пікірінше, мектепте оқытудың басталуымен ойлау баланың саналы әрекетінің орталығына ығысады. Ғылыми білімді меңгеру барысында жүзеге асатын сөздік-логикалық, пайымдап ойлаудың дамуы басқа да танымдық процестерді құрайды. Ғұлама ғалым Х.Досмұхамедұлы тіл, сөйлеу – адам психологиясының басты белгілерінің бірі екендігін айтады. «Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт. Мектеп пен баланың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолданудан қалған тіл – шатасқан тіл» -дейді. Сол себеппті балаларға ағылшын тілін олар бастауыш сынып оқып, ана тілін толықтай меңгерген кезде бастау керек. Бастауыш сынып оқушылары алты жасқа тола салысымен, ойлау үрдісінде аналитикалық және логикалық көзқарас қалыптаса бастайды. Алдағы екі-үш жыл ішінде олар ана тіліндегі заңдылықтарды байқап, тілді ана тілінің таңбалары мен сөздерінен тани бастайды. Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекетірбұл оның өзшөзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. «Бұған дейін қолымнан келмеді – енді келеді», «Бұған дейін жасай алмадым енді жасаймын», «Бұрын қандай болдымщқазіршқандаймын», міне, бұлар қолсжеткізілгендер мен өзгерістердің терең рефлекциясы қорытындысына берілген негізгі бағалар. Баланың өзінмөзі үшін өзгеріс мәні және осы өзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субъекті бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің өрлеуіндегі оқу ісгәрекетінің, өзінгөзі дамытудың жетілген түрінің рефлекциясынақанағат алса, демек, бала оқу ісрәрекетіне психологиялық жағынан толық кірісті деген сөз. [7, 36б]
Бастауыш сынып жасыобұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктер: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, аңғал да ойын баласының қарым-қатынасы. Бастауыш сынып жасындағы балалардың бойындағы осы аталған бейімділіктердің әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс табады,гал ол осы жастағы балаларға ғана тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады.лБастауыш сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері жылдар сайын жойылып отырады, кейбір ерекшеліктерінің маңызы өзгереді. Мұндай жағдайдың балалардың бойында көрініс табуы олардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде болатынын атап көрсету қажет. Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктерінеиөзіміз қарастырған осы ерекшеліктер зор ықпал етеді жәнемол баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шарты болып табылады. [19, 151б]
Бастауыш сынып жасындағы бала үшін ең маңыздыс тұлға — педагог. Балаға қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М.Юсупов былай дейді: -«Педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамың неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің іс-әрекетіне үлкендердің соғұрлым үнсіз де жылы жымиысына баға беруін қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде емес, жай қарымшқатынастарда да бастауыш сынып жасындағы балалар мен жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор. Сондықтаншда педагогтың вербальды емес қарымшқатынаста өз бет әлпетінің жылылығымен әсер етуге сараңдығы бала мен педагог арасындағы үлкен жас айырмашылығын одан сайын қашықтатпақ». Оқу іс — әрекетінің жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялынөз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім сабақта балаларға заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта пайда болу жағдайын көз алдарына елестетіп көруі жөнінде тапсырма береді. Бұл оқу талаптары бала қиялының дамуына мүмкіндік береді, алайда оны арнайы құралдармен пысықтап отыруға тура келеді, әйтпесе баланың өз қиялын өз күшімен ілгері жылжытуы қиын болады. Ол құралдар заттар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер және т.б. болуы мүмкін. [11, 134б]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет