Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірлігі «Алматы облыстық білім басқармасы» мм



бет2/12
Дата17.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#94051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Міндеттері:
-балабақша балалары мен бастауыш сынып оқушыларының жасына байланысты қабілеттілігіне сипаттама беру;
-ағылшын тілін ерте жастан үйренудің кемшіліктерін анықтау;
-оқытушылардың жас ерекшелік қабілеттерінің айырмашылығын зерделеу;
-ағылшын тілін үйрену үшін тиімді жасты зерттеу.
Гипотеза: Ағылшын тілін бала кезде, 9 жаста, өзінің ана тілін толық, әрі жетік меңгергеннен кейін, жаңа тілді саналы түрде қабылдаған кезде оқыта бастаған дұрыс.
Зерттеу әдістері: сипаттау және салыстыру
Зерттеудің жаңалығы: Зерттеу нәтижелері Қазақстандық балаларда балабақша кезінде және 1-2 сыныптарда ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытудың тым ерте екенін дәлелдеп, шет тілін оқытуды 9 жастан бастауды ұсынады.
Өзектілігі: Баланы шет тiлiнде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан бастап үйрету- қазiргi кездегi өзекті мәселелердiң бiрi. Ана тiлiмiздi дамытып, ағылшын тiлiн терең меңгерсек, болашақта дамыған алпауыт елдердiң қатарына енетiнiмiз айдан анық. Қазақстанда ерте кезеңде шет тілін оқыту мәселелерін зерттеудің өзектілігі ұлттық білім беру жүйесін дамыту қажеттілігіне байланысты. Қазақстанда мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі білім мен кәсіптік даярлықтың құндылығына бас назар аударылады. Біз педагогтар балалардың қажеттіліктерін түсініп, ағылшын тілін үйренуге қолдау көрсетіп, олардың қабілеттерін жетілдіріп, меңгеруге ынталандыру керекпіз. Ағылшын тілі сабағында балалардың коммуникативтік, танымдык және т.б. белсендiлiктерiн арттыру, баланың еркiндiгiмен, өзiн-өзi шығармашылық тұрғысынан көрсетуге деген кабiлеттiлiгiн дамыту жолдарында бас назар аударуымыз кажет. Біздің бұл ерекшеліктерді білуіміз оларға сыныпта оқыту әдістерін дұрыс қолданып және қызықты әдістерді тауып, оқуға деген қызығушылықтарын сақтай алуға ықпалын тигізеді.

І.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Шет тілін үйрету процесінде жас ерекшелікті ескерудің тағы бір маңызды себебі - оқу құралдары. Бастапқы кезеңде ағылшын тілін оқытуды бастауыш сыныптан оқып бастағандықтан, көп жылдар бойы арнайы техника қалыптасып, жаңа оқыту техникалары ғана қолданылып келгендіктен, оқу құралдарының тапшылығы сияқты мәселелер туындаған болатын. Сонымен қатар педагог мамандары өздерінің білімдерін бастауыш сыныптарға, ортаңғы, жоғарғы сыныптарға арнай алып, мектепке дейінгі мекемедегі білім алушыларға жетекшті болуға біліктіліктері жетпеген жағдайлары да болған. Осы курстық жұмыстың басты мақсаты мектепке дейінгі мектепте шет тілін оқыту тиімді ме, және қай жас категориясы ағылшын тілін оқытуды бастауға сай келеді соны анықтау болып табылады.
Қазіргі таңда халықаралық қатынастардың күшеюі мен шет тілін меңгерген білікті мамандардың қажеттілігі өсуде, осы ықпалдарға орай шет тілін оқытудың арнайы жолдарын, тиімді жасын анықтау талап етілуде. Әдіскер, педагогтар мен психологтар ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қоғам қайраткерлері де бұл мәселенің жауабын іздеп келеді. Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу - оқыту және тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалы және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардын негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзіне асырылады. Ағылшын тілін үйрету барысында балалардың жас кезендерін еске алу қажетті шарттардың бірі. Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері әлі де болса бірыңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Жас кезендердін шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Тәрбие, шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған. Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек. [14,131б]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет