Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірлігі «Алматы облыстық білім басқармасы» мм


Шетел тілін бастауыш сыныпта үйретудің ерекшелігі



бет8/12
Дата17.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#94051
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2.1.Шетел тілін бастауыш сыныпта үйретудің ерекшелігі
Бастауыш мектеп жасындағы балаларға заманауи тілдерді үйрету туралы көптеген ұйымдастырылмаған теориялар, пікірлер, модельдер мен ұсыныстар болғанымен, біз осы зерттеу саласына айтарлықтай үлес қосқан зерттеушілердің жұмысына тоқталамыз. Сонымен бастауыш сынып оқушысы дегеніміз оқу процесіне әлі де адаптациясы жақсарып қалыптасып келе жатқан, бастауыш білім оқу орнының білім алушысы. Тіл үйренудегі олардың ерекшелігіне келетін болсақ, әрине олардың үш-төрт жастағы бүлдіршіндерден, ересектреден айырмашылықтары болады. Біріншіден есте сақтау қабілеті жақсырақ, берілген материалды саналы түрде қабылдайды, бірақ оқу қабілеті төмен, олар еліктеуге дайын болғанымен шоғырлану кезеңі өте қысқа болып келеді. Оларды оқыту міндетті себебі осы жаста балалар өздері тіл үйренгенде сөйлеу маңыздылығын, тілдік заңдылықтарды түсінеді. Өзі жағынан тілді үйренуге деген қызығушылық танытады, олар тілдік материалдың аз мөлшерін оңай есте сақтайды және керек сәтте қолдануға қабілетті болып келеді. Оқыту барысында оқытудың мақсаты мен технологиясы баланың психикалық функцияларына яғни: ойлау, зейін, есте сақтау, қабылдау және қиялдың белсенді дамуына сәйкес келнді.
Сонымен қатар бізді бірінші сыныптан бастап шет тілін үйрету керек пе деген сұрақ мазалаған болатын. Базалық оқу бағдарламасының міндетті бөлігінде осы бағдарлама ертеде болатын, қазіргі таңда жоқ болғанымен жеке мектептерде, басқа да оқу орынлдарында, сыныптан тыс мекемелерде бар болып келеді.Бірақ бұл жаста балалардың тілдік қабілеті шектеулі, және де әлі де өз ана тілінде толықтай оқып, жазып, тіпті өз ойын қағаз бетіне еш кедергісіз түсіре алмайтын кезеңде мектеп табалдырығын енді аттаған балапан үшін бұл мүмкіншілігінен артық жүктеме болып, бала берілген тапсырманы орындай алмай, оқуға деген ынтасы жоғалуы ықтимал. Ал бастауыш сынып оқушылары ағылшын тілін үйренуден ләззат алуы керек! Миы әлі қалыптаспаған кішкентай ғана 6-7 жастағы баладан бірден ана тілінен бөлек, орыс, ағылшын тілін оқыту бірде-бір мемлекетте жоқ. Әлемнің бүкіл дамыған мемлекеттерінің білім жүйесін шолу жасасақ. Соның ішінде екі тілді 1-сыныптан оқытатын екі-ақ ел бар, 2-сыныптан оқытатын 4 мемлекет бар. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білім институт диеркторы Анара Фазылжанның айтуынша. Бала мектеп, балабақшада жүйесіз түрде екі, тіпті үш тілді арнайы жүйелі түрдегі «күштеп» үйретудің құрбаны болады. Оның қатпаған санасына дүние туралы түсінік біресе өз ана тілінің, біресе дыбыстық-интонациялық жүйесі мүлде бөлек орыс не ағылшын тілінің каналы арқылы келіп құйылады. «Жартыкеш тілділік» (полуязычие) деген құбылыс иелері осыдан шығады. Бала кішкене кезінен 2-3 тілді жүйесіз қабылдайтын болса, онда ол жартыкеш тілді тұлғаға айналады. Тіл үйретудің жолдарындағы олқылықтар салдарынан тұтас бір ұрпақтың санасында ана тілінің қалыптасып, орнығу процесіне нұқсан келтіріп алмауы­мыз керек, – дейді. Өз туған тілін жеткілікті меңгермеген бала қанша дарынды болса да, ұлттық санасы жетілмейді. Қазақта «уызына жарымаған» деген сөз бар. Сондықтан шет тілдерін бала өз ана тілін толықтай меңгеріп шет тілін саналы түрде қабылдайтын сәтте үйреткен тиімд болады. Себебі келешек ұрпағымыз ана тілінің уызына қанып өседі. Осыған байланысты қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгергені дұрыс. Біз бала алдымен өз ана тілінде оқып және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп алғанымыз дұрыс. [5, 15б]
Егер оқытуды тұтас жүйе ретінде алып қарасақ, оның екі құрастырушысы бар: оқытушы (мұғалім) және оқушы (оқушы, студент). Оқытушы оқушының оқуға деген қызығушылығын оятып, оны басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқу - өте белсенді процесс, онда оқушы оқыту жұмыстарының бәріне қатысуы керек. Бұл екі жақты іс-әрекет: біріншісі – оқытады, екіншісі – оқиды, мұнда екі жақтың атқаратын іс - әрекетін бөлек қарауға болады. Сабақтағы мұғалімнің қызметтері. Оқытушы ұйымдастыру, оқыту және бақылау қызметтерін іске асырады. Ал оқушының міндеті – оқу материалымен танысу, үйренген шет тілін ара –қатынас құралы ретінде қолдана білу, үйрену және шет тілінде түсінгенін айтып, еркін сөйлеуге талпыну және мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағнасын түсіну. Оқытушының өз міндеттерін ұйымдастыруы.Мұғалімге қойылатын басты талап – оның ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуы. Оқушыны оқу материалының (тілдік және сөйлеу) дағдыларын үйретуге, жаттығуға үйретіп, оқу процесін ұйымдасиыруы тиіс. Мұғалімің бастыпқы кездегі ұйымдастыру қызметінің маңызы зор, себебі, шет тілін – оқушылар үшін жаңа пән ана тілінен кейінгі екінші тіл. Бұл ерекшеліктерді міндетті түрде ескереген жөн. Бірінші сабақтардан бастап әр оқушыны сабаққа тартуға тырысу қажет. Мысалы:2- сынып оқушыларына магнитофон тыңдатып, оған еліктеуге үйрету қажет. Мұғалімнің оқыту қызметіне түсіндіру, талқылау, хабарлау, түзету және үйреніп жатқан тіл арқылы білімді толықтыру, тілід ауызша және жазбаша қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету жатады. Мұғалімнің бақылау қызметіне оқу материалын оқушының (түсінгенін, түсінбегенін) білуі және жаттығуды қалай орындаған (дұрыс, дұрыс еместігі), байланыс құралы ретінд қолданғанда байланыс құралы орындалды, орындалмады, қалай орындалды) немесе оны қолдану үшін не кедергі болғанын, т.б анықтау жатады. Ал енді оқушының қызметіне не жатады, соны қарастырайық. Оқушының қызметтері. Оқушының негізігі міндеті – оқу құралдарымен танысып, формасын, маңызын, және қолдануын түсіне білу. Келесі міндеті – жаттығу. Жаттығу дегеніміз – оқу материалын бірнеше рет есту, сөйлеу және көру мүшелері арқылы өткізіп, ны есте сақтау.
Шет тілін жаттығусыз оқып – үйрену мүмкін емес. Оқушының тағы бір міндеті – қолдану яғни үйренген тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білу. Оқу процесінде оқушы мен оқытушының іс-әрекеті тығыз байланысты, бұл оқытудың әдістмесін анықтауы қажет. Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс. Әдістеме оқытушының қызметін көрсетіп, оқушының материалымен танысуына, жаттығуына, қолдануына сілтеме жасауы тиіс. Әдістеме дегенімізді оқушының оқуын басқару тәсілі деп түсінуімізге де болады. И.Л. Бим көрсеткендей, әдістеменің негізгі және қосалқы түрлері бар. [13, 95б]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет