Байланысты: Ресурс 6.1.3.1. Мектеп директор ротациялау-каз
1. Білім берудегі менеджменттің негізгі тірек элементтерінің мәні мен сипаттамасы Педагогикалық менеджменттің негізгі компоненттері ретінде оның негізгі
элементтері мен жүйелік тұжырымдамалардың мәні келесі негізгі
анықтамаларды қамтиды:
- педагогикалық менеджмент-оның тиімділігін арттыруға бағытталған оқу-
тәрбие және оқу-танымдық үдерісті басқарудың принциптері, әдістері,
ұйымдастырушылық нысандары мен технологиялық амалдарының кешені;
- оқу-тәрбие процесін басқару (педагогикалық менеджменттің құрамдас
бөлігі ретінде) — ғылыми негізделген жоспарлау, ұйымдастыру және олардың
қызметін бақылау арқылы басшының педагогикалық ұжым мен білім
алушыларға мақсатты әсер етуі;
-оқу-тәрбие процесінің менеджері-педагог қызметкерлердің оқу-тәрбие
қызметін басқару субъектісі ретінде әрекет ететін білім беру ұйымының
басшысы (директор, оның орынбасары);
- білім беру процесі-мемлекеттік білім беру стандартынан төмен емес
деңгейде білім, білік және дағдыларды меңгеруді қамтамасыз ететін, осы
тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен бірлікте ұйымдастырылған оқу-тәрбие және
оқу-танымдық процестер арқылы тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту
жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі шаралар жүйесі.
- білім беру процесінің мониторингі-кез-келген уақытта объектінің жай-
күйін бағалауға мүмкіндік беретін және оның одан әрі дамуына болжам беретін
басқаруды ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған оқу процесі немесе оның
жекелеген компоненттері туралы ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және тарату
жүйесі.
Педагогикалық менеджмент қызмет жүйесі ретінде келесі құрылымдық
және функционалды компоненттер мен жүйені құрайтын факторларды қамтиды:
- қызметтің мақсаты (жоспарланған, күтілетін нәтиже);
- қызмет субъектісі (директор, оның орынбасарлары, педагогикалық құрам,
білім алушылар, ата-аналар);
- қызмет объектісі (ол екінші субъект) — білім беру ұйымының өзі, сондай-
ақ онда өтетін процестер;
- қызмет мазмұны (оқу, тәрбие, басқару және басқа ақпарат);
- қызмет тәсілдері (педагогтің білім алушылармен, басшының педагогпен
және білім алушылармен өзара іс-қимылының әдістері мен стилі және т. б.);
- білім алушылардың оқу, тәрбие және даму дәрежесі оқу-тәрбие процесі
менеджментінің нәтижесі болып табылады [3].