Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» мм



бет21/22
Дата02.04.2023
өлшемі49,7 Kb.
#78498
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Революциялық партиялар - қоғамдық өмірді түбегейлі өзгертуге тырысқан партиялар.
Регент - монархиялық елдерде монархтың жасы толмағандығына, ұзақ науқасқа шалдығуы немесе орнында болмауына байланысты мемлекеттік уақытша басқаруға тағайындалған адам
Регресс - кері шегінушілік, бірдененің дамуында туған құлдыраушылық, өзгерістің нашар жаққа бет алуы.
Резиденция - мемлекет немесе үкімет басшысының, ірі әкімшілік қызметті атқарушы адамның тұрақты орны. Онда жоғарғы деңгейдегі саяси қайраткерлер кездесіп, маңызды шешімдер қабылданады. Ол жазғы, қысқы , қаланың сыртындағы болып және т.с.с. болуы мүмкін
Реидеологизация - ішкі және сыртқы саясатты жүргізгенде идеологиялық нұсқауларды, қазыналарды басшылыққа алу. Ол идеологиясыздануға қарсы теория ретінде Батыс елдерінде осы ғасырдың 70-80жылдарында пайда болды
Рейтинг - ұйымның, мекеменің, жеке адамның іс-әрекетін, қызметін бағалағанда оның қандай дәрежеде екендігін білдіретін сандық көрсеткіш.Ол сайлау, сұрақ-жауап және т.б. көрсеткіштер негізінде жасалады
Репарация - соғысты бастап, бірақ жеңіліп қалған мемлекеттің жеңген мемлекетке толық немесе жарым-жартылай слғыс шығынын төлеуі.
Репатриация - соғыс кезінде тұтқындалған адамдардың, босқындардың, саяси және т.с.с. себептермен басқа жерге қоныс аударғандардың өз еліне қайта оралуы
Саясаттану – қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым
Саясаттану зерттеуі - қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды саяси-идеологиялық тұтас жүйе ретінде қарастырады.
Саясаттану сауалдамасы - жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы саяси- әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері
Саяси даму - жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері
Саяси теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі
Саяси- әлеуметтік байланыс - адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет