Қазақстан Республикасының Тәуел- сіздігін жариялаған күн – біздің



Pdf көрінісі
бет11/18
Дата22.12.2016
өлшемі3,79 Mb.
#252
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

***

Кейіпкеріміздің БАҚ-тан тыс салалар дағы бақ-

берекесі де жеткілікті. Он бес жылға жуық Парламент 

Мәжілісінің депутаты болды. Халық қалаулысы 

ретінде ұлт мүддесін көздейтін іргелі істерге араласты. 

Әу баста өзі қалаған мамандығынан да қол үзген жоқ. 

Үш ұлтқа ортақ Ақмола ақынның әдеби мұрасын 

түгелдеген кандидаттық, қазақ әдебиетіндегі діни-

ағартушылық ағымды зерделеген докторлық дис-

сертация қорғады. Ұлттық Ғылыми академиясының 

корреспондент-мүшелігіне сайланды. Қазір қазақ 

әдебиеттану ғылымының қара шаңырағы – М.Әуезов 

атындағы Әдебиет және өнер институтын басқарады. 

Біз бүгін оның бір-бірімен берік сабақтас «Ұлан», 

«Жас Алаш», «Егемен Қазақстан» газеттеріндегі 

бас шылық қызметі туралы баяндадық. Қазақтың 

таны мал үш басылымына бас редактор болу бақыты 

бұйыр ған азаматтың ел-жұртқа айтары да мол екені 

анық. Ендеше, ұлт журналистикасындағы Уәлихан 

Қалижанұлы ның осы үш тоғысы лайықты бағалауға 

тұрарлық.

Бауыржан оМАРҰЛы

қабат төмен орналасқан «Қазақстан пионерінің» 

бас редакторы. Оның үстіне, университеттегі лек-

циясы өзімізге ұнаған оқытушым. Бірақ бәрібір 

теңдессіз Бердіқұловтың тәрбиесін көрген соң 

ешкімді мойындауға онша құлықты емес едік. 

Жалпы, «Лениншіл жасты» үтір-нүктесіне дейін 

оқылатын басылымға айналдырған Сейдахмет 

Бердіқұлов тан кейін бас редактор болу қиынның 

қиыны еді. Сондықтан біз Уәлихан ағамыздың аса 

ауыр міндетті мойнына жүктегенін түсіндік. «Оған 

оңай бо-ол-ма-а-а-ай-ды», – десті бірге қызмет 

істейтін үлкен ағалар. «Иә, оңай бо-ол-ма-а-а-ай-

ды», – деп ыңыранамыз біз де солардың әуеніне 

салып. Шынын айтсақ, ненің оңай емес екенін өзіміз 

де жете түсінбейміз... Ересектерге ептеп еліктеп, 

күшіктей шәуілдеп, комсомол жаққа қарап, кіжініп-

кіжініп қоямыз.

Ал қабағы ашық, жүзі жарқын Уәлихан аға бүкіл 

жұртты кең құшағына тартып, ұжымымызға сіңді де 

кетті. 

еРКІНДІК пен еРКеЛІК 

Түсіне де біледі,

Пісіре де біледі.

Тайраңдасаң, тәубеңе,

Түсіре де біледі!

(Журналистік фольклордан)

Біз қанша жерден күдік ойлағаны мызбен, сары 

уайымға салынып, малтығып-митыңдаған, тұралап-

титықтаған адамды көрмедік. Ол өзінің қанына 

біткен салиқалы мінезі мен талай жылғы тәжірибесіне 

сүйеніп, көптен тұсау көрмеген тарпаңдарды жайлап 

қана тізгіндеп, байыппен басқара бастады. Қашанда 

жайраңдап жүреді. Ешкімді сыртқа теппейді. 

Бәрімізді бөле-жармай бауырға тартты.

Соған қарамастан, Сейдахмет ағаның темірдей 

тәртібіне бейімделген біз Уәлихан ағаның кеңпейіл 

мінезіне біразға дейін үйрене алмадық. Оның үстіне 

көп ұзамай редакцияның жұлын-жүйесі саналатын 

Ержұман аға да «Социалистік Қазақстанға» ауысты. 

Өзі айтатындай, Бердіқұловтың «орнын баспас» 

орынбасары Ержұман Смайылдың «Лениншіл жас-

тан» кетуі жанымызды жасытты. Өз орында отырған 

адам екеніне талас тудырмайтын Ерағаңды да ешкім 

алмастыра алмайтындай көрінетін. Жоқ, тіршілік әрі 

қарай жалғаса берді. Сөйтсек, бәріміз Сейдағаңның 

бір-бір баласымыз деп кеуде қағып жүрсек, Уәкең де 

сол кісінің баспасөзге бізден бұрын баулыған шәкірті 

екен ғой. Ендеше, нағыз «баланың» үлкені осы бол-

ды. Екеуі бір топырақта өсіп-жетілген. Титімдей 

кезінен таныған. Үлгісін ұстанған, соңынан соқпақ 

салған. Қарап тұрсақ, сол ағамыздың қызмет жолы-

мен өсіп келеді. «Қазақстан пионері», «Лениншіл 

жас»... Екеуінің де бас редакторы... 

Ержұман ағаның орнына Ерғали Сағат бас 

редактордың орынбасары, ал оның орнына 

Жарылқап Бейсенбайұлы жауапты хатшы болып 

бекітілді. Яғни, бас редактор басылымның өз кадр-

ларын өсірді. Мұнысы бәрімізге ұнады. Әрине, ең 

қатты ұнағаны онымен бірге келген еркіндік еді. 

Уәлихан аға кез-келген уақытта бөлмемізге кіріп 

келеді. Тікесінен тік тұрған бойы тапсырмасын береді 

де, өз шаруасымен кетеді. Ал жасы үлкен, мінезі ауыр 

Сейдағаң бөлмемізге көп келе бермейтін. Қажет 

болсақ, шетімізден өзі шақырып алатын. Бөлмелерді 

аралайтыны жөнінде алдын ала құлақтандырылатын. 

Жаңа басшымыздың бөлмемізге тұтқиылдан кіріп 

келу ықтималдығы басымдау болған соң, ылғи да 

етек-жеңімізді жинап отыруға бейімделдік. Ол ол ма, 

ағамыздың жүзі тым жылы екенін көргеннен кейін 

арсалаңдап, оның кабинетіне жиі бас сұғатынды 

шығардық. Бірте-бірте ол кісіге әбден бой үйретіп 

алдық. Еркіндіктің арқасында еркелей бастадық. 

Уәкең еркелігіміздің бәрін көтерді. Біз оны ұсақтық 

дегеннің не екенін білмейтін өрлігі үшін, ағаттығыңды 

кешіре білетін мәрттігі үшін ерекше сыйладық. 

Әйтпесе, өзі бастық, өзі балуан, қарсы келгенді қара 

дүниелерден жастар басылымын аулағырақ ұстады. 

Бұрын республика комсомолы Орталық Комитетінің 

баспасөз секторының меңгерушісі болған ол ба-

сылым мен құрылтайшы арасындағы мың-сан 

байланыстың қыр-сырын жақсы білетін. Сондықтан 

үнемі ретін келтіріп, қолайсыздық туғызатын тапсыр-

малардан жалтара алды. 

Уәлихан Қалижанұлының бас редактор болған 

тұсы қайта құру мен жариялылық кезеңі деп атал-

ды. Жүйені жылымық жайлаған бұл мезгілді айтыс 

ақындары «Дегенде қайта құру, қайта құру, Атыңды 

қайта ерттеп, қайта міну», – деп жырға қосты. Га-

зетте «Қайта құру қаһармандары», «Бет бұрыс бас-

пал дақтары», «Жариялылық және жаңалық» деген 

айдарлар ашылып, қоғамның келешегі туралы қызу 

пікірталастарға кеңінен орын берілді. «Лениншіл 

жас» жұрттың өз ойын еркін айтатын мәртебелі 

мінберіне айналды. 

Ол қолы құтты, жолы жақсы басшы болды. Бұрын 

редакцияға төрт-бес жылда бір үй ғана берілетін. 

Уәкеңнің тұсында он үй бірден берілді. Орталық 

Комитет баспасының басшыларымен тәуір қарым-

қатынасы қызметкерлерге пәтердің көптеп тиюіне 

жол ашты. Біздің балаларымыз: «Мына біздер 

«Ақсай-1»-де тұрамыз, Сенбесеңіз Пискуновтан 

сұраңыз. Үйімізге көршілерді шақырып, Анда-сан-

да сауық-сайран құрамыз», – деп өлеңдетіп жүріп 

өсті. Пискунов – Орталық Комитет баспасының 

(кейінгі «Дәуір») құрылысқа жауапты қызметкері. 

Директордың орынбасары Арно Лерх екеуі үйдің 

кілтін үлестірген соң балалар оларды жақсы біліп 

алған. Алматыдағы әріптестеріміздің біразы Уәлихан 

ағаның кезінде қолы жеткен баспанада әлі күнге 

дейін тұрып жатыр.

Сол үйде туған ерке де еркін ұл-қыздардың алды 

биыл жиырма беске келді. 

МейІР мен пейІЛ

Күресе де алады,

Тіресе де алады.

Жастарменен жорыққа,

Ілесе де алады!

(Журналистік фольклордан)

Бас редактор тоқсаныншы жылдардың басында 

бөлімдерді ірілендірді. Бұрын болмаған ақпарат 

бөлімін ашып, мені меңгеруші етіп тағайындады. 

Қызметкерлерім – Жолдасбек Дуанабай, Нұрлан 

Қалқа, Төлеухан Бідірәлі сияқты екі иығын жұлып 

жеп тұрған алымды ақпаратшылар. Шағын ғана 

мақаланың тақырыбын қою үшін ұзақ ойланамыз. 

«Осындай тақырып, тұрады өзіне шақырып», – деп 

Ұлықбек ағам айтқандай, мәтіннің атауы айғайлап, 

оқырманды еріксіз еліктіріп тұруы керек. Бір күні 

Алматыда жолаушыларға тағам түрлерін ұсынатын 

қайырымдылық трамвайы тәулік бойы жүрді. 

Осы экспериментке орай басқа басылымдардағы 

әріптестеріміз әрқилы тақырып қойды. «Трамвай – 

асхана», «Қарның ашса, көлікке мін!», «Рельс үстіндегі 

мейрамхана», «Жол жүріп, жүрек жалғайсың», т.б. 

Бірақ біздің газеттің «Тамақ беретін трамвай» де-

ген тақырыбы жұртшылыққа көбірек ұнады. Тағы 

бірде біреулер Атырауда тұратын Сары әулиенің 

магнитофонын ұрлап кетіпті. Жұрттың көріпкелге 

көзсіз сенетін кезі. «Сондай беделді адамның әуенге 

елтитін құнды құралын бөктеріп кеткендерде ес жоқ 

екен, – десті олар. – Әйгілі әулиеміз оларды көп 

ұзатпай-ақ ұстап алмай ма?». Ақпаратта Сары әулие 

ұрының кім екенін сезсе де, сабыр сақтап, әрі қарай 

не істейтінін бақылап жүргені айтылған. Сондықтан 

бұл хабарламаға «Әулие ұрыны біліп отыр...» деген 

екіұшты тақырып қойдық. Тақырып табуға арналған 

мұндай додаларға бас редакторымыз белсене ара-

ласып кететін. «Тек менің айтқаным болуы керек», 

– деп тепсініп отырып алмайтын. Өзінің ұсынған 

нұсқасы өтпей қалса да, ренжімейтін. Өйткені, жас 

әріптестерінің пікірімен үнемі санасатын. Бірге 

істейтін жігіттердің шаңырағында қуаныш бола 

 Әдеби басқосуды Қазақ ПЕН-клубының президенті 

Бигелді Ғабдуллин ашып, клубтың атқарып отырған 

жұмыстарынан хабардар етті.

Бүгінде клубтың 42 мүшесі бар. Бұл жолы И.Оразбек, 

Ұ.Есдәулетов секілді белгілі ақындар мүшелікке өтіп, 

клуб мүшелеріне жаңа билет тапсырылды.

Бұдан кейін ақын-жазушылар, журналистер өз ой-

пікірін ортаға салды. Алғаш болып сөз алған Алматы 

қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев:

– Қазақ ПЕН-клубы қазақ әдебиетінің әлемдік 

жауһарлар қатарына қосылуы үшін үлкен мүмкіндіктер 

жасап отыр. Мұндай іске қай кезде де қолдау көрсетуге 

әзірміз, – деді.

Бұдан кейін сөз алған жазушы Смағұл Елу-

бай еліміздің Сыртқы істер министрлігіне өз 

бұйымтайын біл дірді.  Жазушының айтуынша, 

шетелдің елшіліктеріне кірсеңіз, сол елдің кітап ха-

насын көресіз. Әр мемлекеттің шет елмен байланы-

сы бар. Біздегі бұл үрдіс Кеңес өкіметі құлағаннан 

кейін тоқтап қалған тәрізді. Әзірге бұл мәселеде 

Қазақстанның Ресей мен Түркиядағы елшілігі озық 

тұр екен. Мәселен, Ресейдегі елшілік М.Тәжиннің 

мұрындық болуымен екі ел арасындағы бұрынғы 

әдеби, мәдени байланыстарды жаңғырта бастады. 

Қазақ қаламгерлерінің шығармалары орыс тіліне 

аударылып, жаңа әдеби-мәдени журнал шыға баста-

ды. Ал Түркия таяуда жазушының «Ақ боз үй» рома-

нын түрік тілінде шығарып, Анкарада тұсаукесерін 

өткізді. Бұл ретте Түркиядағы елшіміз Жансейіт 

Түймебаевтың, ТҮРКСОЙ-дың ықпалын айрықша 

атап өткен абзал.

Қ а л а м г е р д і ң   п і к і р і н ш е ,   б ұ л   м е м л е  к е т т і к 

құрылымдар айналысатын іс. Тек эко номика, саясат 

емес, мәдениет арқылы да рухани көпір жалғасын 

табуы тиіс. Сондай-ақ кітап шығару ісіне есеп беру 

ретінде қарауға болмайды, кітапты кім аударды, қалай 

аударды, оның көркемдік сапасы қандай, осы жағына 

басым сипат берілуі керек. Бұл арнайы сарапшылар 

анықтайтын мәселе.

Белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезов болса, 

Қытайда әдебиет, мәдениет мәселесімен айналысатын 

500 қазақ отбасы барын тілге тиек ете келе, өзі осы 

елде елші болып жүргенде Абайдың «Қара сөздерін» 

шығарғанын айтты. Осы бағытта жұмыс істеу әрбір 

елдің, оның ішінде, елшіліктің де міндеті екенін еске 

салды, тіпті бұл мәселеде қаржы бөлінетінін де жа-

сырмады. Ол сондай-ақ бұл бағыттағы Қазақ ПЕН-

клубының атқарып жатқан жұмыстарына жоғары баға 

берді. Әсіресе, Орта Азиямен байланысты күшейтуге  

ерекше көңіл бөлу керектігін, оның стратегиялық 

мәніне тоқталды. Ал жазушы С.Балғабаев аударманың 

сапасына, қаламақы мәселесіне тоқталды. 

«ПЕН-клубтың қызмет өрісін кеңейте түсу үшін 

телеарналардан арнайы хабар ашуға қол жеткізу ке-

рек. Оның ықпал-әсері күшті болады» деді танымал 

көсемсөзші, саясаткер С.Құттықадам.

Жазушы Ж.Қорғасбек әлеуметтік желі лердегі 

қалам гердің рейтингі мәселесіне көңіл бөлу керектігін 

айтса, Н.Жүсіп әдеби агенттер туралы пікірімен бөлісті.

Клубтың атқару комитетінің шешімі бойынша, 

қазақтың әдебиеті мен мәдениеті туралы 200-ден 

астам мақала жазған, 10 кітап шығарған Адольф Арци-

шевский мен танымал саясаткер-қаламгер Сейдахмет 

Құттықадамға арнайы ақшалай жүлде тапсырылды.

әдЕбиЕт – достық 

дәнЕкЕрі

даму бағдарламасы – өңір болашағы



аЛМаТы – ТӘуеЛСІзДІКТІң 

аЛТыН БеСІгІ

еліміздің мәдени-рухани ордасы саналатын алматының ел дамуында алар орны бөлек.  

Тіпті елбасының өзі «алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» деген болатын. шаһарды тіпті 

әлем елдері мойындап, дүниежүзіндегі өмір сүруге қолайлы үздік қалалар қатарынан 

көрініп отыр. Мың жасаған шаһардың мерейтойы да әлем назарынан тыс қалмады. 

алматының мыңжылдығы биыл ЮНеСКО шешімімен «Әлемдік мерейтойлар күнтізбесіне» 

еніп, 2016 жылы әлемдік деңгейде тойланбақ. Сондықтан алматының  қарыштап дамуы 

еліміздің өркендеуінің бір тетігі екені анық.

Әр елдің бітім-болмысын шет жұртқа танытуда әдебиет 

пен өнердің алар орны бөлек. Бұл ретте соңғы жылдары 

Қазақ пеН-клубының атқарып жатқан жұмыстары тілге 

тиек етілген басқосу өтіп, елімізге белгілі қаламгерлер, 

зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Жуырда алматы қалалық мәслиха тында 

«алматы-2020» Даму бағдарламасы 

қабылданды. Қазақстанның ең үлкен 

мегаполисінің дамуы мен тіршілігіне қатысты 

екі басты мәселе — бесінші сайланған алматы 

қалалық мәслихатының кезектен тыс 

ХLVІІ сессиясының күн тәртібіне қойылды. 

Бірінші мәселе – «алматы-2020» Даму 

бағдарламасын бекіту бойынша «алматы 

қаласының даму орталығы» аҚ басқарма 

төрайымы Жанна Төлегенова баяндама 

жасады.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан 

Байбекке берілді.

Шаһар басшысы Қазақ халқының 

бүгінгі Тәуелсіз күнге жету тарихына 

шолу жасап, халық қатпарлы тарихта 

қаһармандыққа қол жеткізгенін атап 

мен пікірлерінің 60 пайызы «Жайлы қала» 

бөлімі, 15 пайызы – «Әлеуметтік бағыттағы 

қала» бөлімі бойынша түскен. 

«Алматы – 2020» Даму бағдарламасын 

қала лық мәслихат бірауыздан бекітіп, Алматы 

қаласының әкімі Б.Байбек халық қалаулыла-

рына алғыс білдіріп, қала өміріндегі «тари-

хи оқиғамен» құттықтады. Шаһар басшысы 

бағдарламаның Алматының мың жылдығы 

ЮНЕСКО күнтізбесіне ресми енген тұста, 

Қазақстан Тәуелсіздігінің келесі жылы 25 

жылдығы қарсаңында қабылданғанын айтып 

өтті. Алматының 1000 жылдық мерекесін ЮНЕ-

СКО дейгейінде атап өтуді көрші мемлекеттер – 

Ресей мен Әзербайжан қолдапты. Халықаралық 

талаптар бойынша ЮНЕСКО күнтізбесі бойын-

ша, әлемдік деңгейде аталып өтетін мерекелерді 

кемінде екі мемлекет қолдауы қажет екен.

– Сіз бен біз бірігіп өз қаламыздың тарихын 

жасап жатырмыз… Елбасының қолдауымен 

ешқандай қиындыққа қарамастан Алматымызды 

дамыта береміз деп ойлаймын, – деді Б.Байбек.

 Сондай-ақ «Мың жасаған шаһар» өзінің он 

ғасыр лық мерекелі жылына үлкен мақсаттарды 

ме желеген «Алматы – 2020» бағдарламасымен 

келіп отыр.

Сонымен қатар жуырда Алматы қалалық 

мәслихаты ХLVІІ сессиясының күн тәртібінде 

өтті. «Қазақ тарихында 300-ден астам 

ірілі-ұсақты көтерілістер өтті. Олардың 

ішінде Сырым Датұлы, Жанқожа ба-

тыр, Жетісу, Торғай, Маңғыстау, т.б. 

көтерілістер бар. Бұлардың қатарына ел 

Тәуелсіздігінің бастауындай болған 1986 

жылғы Желтоқсан көтерілісін де қосуға 

болады»  деді қала әкімі.

«Аталардың қанымен, аналардың 

жасымен» келген Тәуелсіздіктің қадірін 

кейінгі ұрпақ түсінсе абзал. «Алматы – 

Тәуелсіздіктің алтын бесігі» деп  Елбасы 

айтқандай, Қазақстан Тәуелсіздігі 1991 

жылы осы күні Алматыда жарияланған 

б о л а т ы н .   Б и ы л   1 6   ж е л т о қ с а н н а н 

Қазақстан халқы ел Тәуелсіздігінің 25 

жылдығына, Желтоқсан көтерілісінің 30 

жылдығына аяқ басады. Б.Байбек осы 

айтулы даталар Алматының мыңжылдық 

мерекесімен қатар келіп тұрғанына да 

назар аударды.

Алматының мыңжылдығы биыл 

ЮНЕСКО шешімімен «Әлемдік ме-

рейтойлар күнтізбесіне» еніп, 2016 

жылы әлемдік деңгейде тойланатын 

болды. Қазақстан үшін Тәуелсіздіктің 

алғашқы жылдары күрделі шақтарға, 

қиыншылықтарға толы болды. Сол 

кезеңдер аға буынның әлі есінде. Жиыр-

ма төрт жылда барлық қиыншылықтарды 

еңсеріп, бүгінгі әлем елдерінің қатарынан 

көрінуімізде де сол буынның еңбегі зор 

екенін шаһар басшысы атап өтті.

Салтанатқа жиылған алматылық-

тарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, 

сөзін түйіндеген Алматы қаласының 

ә к і м і   Қ а з а қ с т а н   Р е с п у б л и к а с ы 

Президенті Жарлығымен мемлекеттік 

қаралған «Алматы қаласының 2016-2018 жылдар 

бюджеті туралы» мәселесі алдымен «Нұр Отан» 

партиясының Алматы филиалында, мәслихаттың 

«Нұр Отан» фракциясында талқыланған болатын. 

Фракциядағы талқылауға Алматы қаласының 

әкімі Бауыржан Байбек, аудан әкімдері мен 

аудандық «Нұр Отан» филиалдарының басшы-

лары қатысты.

Фракциядағы бюджетті талқылауда Алматы 

қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясы  қала-

лық филиалының төрағасы Бауыржан  Байбек 

сөз алды. «Алматы – еліміздегі ең ірі қала, 

Тәуелсіздіктің тал бесігі. Дәл Алматыда Кон-

ституция қабылданып, Мемлекеттік рәміздер 

бекітілген, елдің маңызды тағдырлық шешімдері 

іске асырылды» деп бастады өз сөзін Б.Байбек.

Қала әкімі Алматының бүгінгі таңдағы 

Қ а з а қ с т а н д а ғ ы   э к о н о м и к а л ы қ   о р н ы н а 

тоқталып, тұрақсыз экономикалық жағдайға 

қарамастан мегаполис бизнес-бастамалар үшін 

келешегі мол инвестициялық алаң болып қала 

беретінін айтты. 

Әлем халқының жартысы қалаларда тұратын 

бүгінгі заманда халықтың әл-ауқаты қала дамуы-

на байланысты. Қаланың 2020  жылға дейінгі 

даму бағдарламасы жасалып, алматылықтар 

талқылауына ұсынылды. Алматылықтардың 

талқылауынан өтіп, ұсыныстар мен пікірлер 

наградалармен марапатталған бір топ 

алматылықтарға орден, медальдар тап-

сырды. 


Елбасы Жарлығымен марапаттал-

ғандар ішінде, атап айтар болсақ, бірқатар 

алматылық «Парасат», ІІ дәрежелі 

«Достық», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек 

даңқы» ордендерімен, «Ерен еңбегі 

үшін» және «Шапағат» медальдарымен, 

ҚР-ның «Құрмет» грамотасымен мара-

патталды. Сондай-ақ бірнеше азамат ҚР 

Парламенті Сенатының Құрмет грамота-

сына ие болды.

– Елімізді әлемнің алпауыт елдері 

мойындады, шекарамызды анықтап, 

өткенімізді түгендедік. Қазіргі уақыт 

сол а лған асулар мен бағындырған 

биіктерді сараптап, өткенге са лау-

ат айтып, болашақты бағдарлайтын 

кезең. Осында отырған әрқайсысыңыз 

ө з с а л а ң ы з д а қ ы з м е т е т е ж ү р і п , 

еліміздің, қа ламыздың әлеуметтік, 

экономикалық  дамуына, ел бірлігі мен 

қоғамның келісімді нығаюына үлес 

қосып келесіздер. Елбасының үлкен ма-

рапатын алу үлкен мақтаныш пен ерек-

ше жауапкершілік. Сондықтан да бұл 

марапат сіздерге жаңа жетістіктерге же-

туде тың идеялар мен күш-жігер береді 

деп сенеміз, – деді шаһар басшысы.

Білім мен ғылым, денсаулық сақтау 

мен мәдениет салаларының дамуы-

на үлес қосып, марапатқа ие болған 

қызметкерлер, қоғамдық ұйымдар мен 

өнеркәсіп мекемелерінің өкілдері қала 

әкімі Бауыржан Байбекпен бірге естелік 

суретке түсу құрметіне де ие болды. Сал-

танатты шара концертке ұласты.

ескерілген бағдарлама Алматы бюджетімен 

сабақтастықта жүзеге асатын болады.

Шаһар басшысы 2016 жылға Алматы бюджетін 

талқылаған «Нұр Отан» фракциясы алдында 

осын дай деректер келтірді. «Нұр Отан» фракция-

сы мүшелері жан-жақты жасалған қала бюджетін 

ма құлдап, Алматы қалалық мәслихатына бекітуге 

ұсынды.

Алматыда жаңа қабылданған заңдарды 



жұртшылыққа кеңінен таныстыру барысында 

«Тиімді мемлекеттік басқарудың қазіргі заманғы 

стратегиялары, ақпаратқа қол жеткізу, есеп 

беру және ашық болу» тақырыбында семинар 

өтті. Онда Ұлт Жоспарының орындалуы ая-

сында «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» және 

«Қоғамдық кеңестер туралы» заң жобаларының 

таныстырылымы болды.

Семинарға қала әкімі Бауыржан Байбек, ҚР 

Парламентінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов, 

Серік Сейдуманов, «Нұр Отан» фракциясының 

мүшелері, мемлекеттік ұйымдар басшылары мен 

үкі меттік емес ұйым мүшелері, БАҚ өкілдері мен 

қол жетімді ақпарат тарату бойынша сарапшылар 

қатысты.

Қала басшысы Б.Байбек  1 қаңтардан бас-

тап жаңа заң шеңберінде, яғни мемлекет пен 

азаматтық қоғамның арасындағы белсенділікті 

арттыру бағытында жұмыс жасайтындығына 

тоқталды. Жаңа реформалар хақында сөзін бы-

лай жалғастырды: «Бұл – өте маңызды кезең әрі 

сауатты жүргізуді талап ететін реформа. Мен бұл 

салада «Нұр Отан» фракциясы депутаттарының 

өте белсенді жұмыс атқарғанына қуаныштымын. 

Жарты жыл уақыт ішінде мұндай  ауқымды 

жұмысты атқару, менің ойымша, кез келген 

мемлекеттің қолынан келе бермейтін нәрсе. Біз 

халық үшін барлық жағдайды жасауға тыры самыз. 

Қалғаны қала тұрғындарының өзіне байланысты. 

Келіңіздер, сұраңыздар, өз құқықтарыңыздың 

іске асуын талап етіңіздер.  Біз сіздерді тек 

қолдайтын боламыз. Жемқорлыққа, бюрокра-

тизмге жол бермеуге, өз құқықтарын қорғауға 

халық өзі атсалысуы керек. Сонда ғана билік 

пен азаматтық қоғам арасында белсенді диалог 

орнайды» деді.  

Республика сарайында Тәуелсіздік 

мерекесіне арналған салтанатты жиын 

өтті. Ел Тәуелсіздігінің жиырма төрт 

жылдығын мерекелеген  салтанатты 

сахнаға Мемлекеттік ту әкелініп, Әнұран-

мен ашылды. Мерекелік құттықтау сөз 

Шаһар басшысы Б.Байбектің айтқанындай

халық талқылауынан өткен «тарихи құжатты» 

 саяси партиялар, мәслихат депутатта-

ры, үкіметтік емес ұйымдар, қала жастары 

өкілдері, мәдениет және ғылым, бизнес өкілдері 

қатысқан, 38 кісіден құрылған жұмыс тобы 

үш айдан астам уақыт дайындады. Бағдарлама 

Елбасының стратегиялық бастамалары, 

«Қазақстан – 2050», «Бес институционалдық 

реформа», «100 нақты қадам» Ұлт Жоспа-

ры мемлекеттік бағдарламалары негізінде 

жасалған.

Баяндамашының айтуынша, бағдарлама 

алғашқы рет салалық принциптер бойынша 

емес, қаланың ерекшелігі мен алматылықтардың 

қажеттіліктерін ескеріп дайындалды. «Ал-

маты – 2020» Даму бағдарламасы – тұңғыш 

рет бір ай бойы халық талқылауына түсіп, 

ел пікірі мен ұсы ныс тары ескерілген құжат. 

Талқылау барысында шаһар басшылығының 

бастамасымен түрлі сала өкілдерімен 500-

ден астам кездесулер өткен.  Соңғы айдың 

өзінде 92 тақырыптық кездесу өтіп, оған 417 

мың алматылықтың мүддесін білдірген 12 

мыңнан астам адам қатысқан. Бағдарламаға 

байланысты 900-ден астам пікірлер мен 

ұсыныстар түскен. «Алматы – 2020» электрон-

ды мекенжайға (сайтқа) 478 ұсыныс келіпті. 

Азаматтардан келген ұсыныстардың барлығы 

әр сала бойынша салалық басқармалар мен 

жұмысшы топтарда, қала әкімдігінде қаралған. 

Ұсыныстардың 400-ден астамы бағдарлама 

жобасында көрініс тауып, қалалықтардың 

28 нақты идеясы бағдарламаға кіргізілді. 

Бағдарламада алматылықтардың ұсыныстары 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет