Қазақстан Республикасының Тәуел- сіздігін жариялаған күн – біздің



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата22.12.2016
өлшемі3,79 Mb.
#252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

МЕМЛЕКЕТТіК КөШБАСШыНың 

ҰСТАНыМыН БіЛДіРуі ТуРАЛы

Нұрсұлтан Назарбаев оның сөзі бүкіл халық 

пікірінің көрінісі болып табы латындықтан 

мемлекет басшысы үшін өз сөзін мұқият ойлас-

тыра білудің маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы халықаралық келіс-

сөздер кезінде бәтуаға келе білу қажет тігіне 

назар аударды.

– Ондай жағдайларда әркезде де біздің 

еліміз үшін пайдалы жағына қол жеткізуге 

тырысасың, – деді Қазақстан Президенті.

ШыНАйы 

КөңіЛ-КҮй ТуРАЛы

 Нұрсұлтан Назарбаев Астананың барша 

жұрттың бойында таңғажайып көңіл-күй туды-

ратынымен бөлісті. Қысқа мерзім ішінде далада 

заманауи қала өсіп шықты, оның төңірегінде 

нағыз орман пайда болды.

– Бүкіл Қазақстан да дәл солай. Біз осы 

жылдар ішінде мүлде жаңа ел мен жаңа ұрпақты 

құрдық. Олар еш қысылып-қымтырылмайтын, 

мейлінше ашық жастар, – деді Мемлекет бас-

шысы.

 Сондай-ақ Қазақстан Президенті өзі 



бөлген қайырымдылық көмектің көптеген 

балаларға денсаулық сыйлағанына байланысты 

өте күшті толқуды сезінгенін атап өтті.

– Мен олардың аналарының көз дерінен 

қуаныш жасын көрдім. Әрине, ол өте күшті 

көңілкүйлік әсер, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.



ҚАБыЛДАНАТыН 

ШЕШіМДЕР ТуРАЛы

 Мемлекет басшысы шешімдер қабылдау 

кезінде өз тәжірибесіне арқа сүйейтінін атап 

көрсетті.

– Мен үшін ең күрделісі таразы басы-

на бүкіл факторларды қоюға тура келетін 

кадрлық шешім қабылдау болып табылады. 

Жұмыстан босатылудың оның отбасы мен 

жақындарына салдары туралы ойлағандықтан, 

өзің бұрынырақ та тағайындаған адамды ла-

уазымынан босату оңайға соқпайды, – деді 

Қазақстан Президенті.

 Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жыл-

дарында көптеген маңызды шешім дердің 

қабылданғанына назар аударды.

– Мұндай жағдайларда жауапкершілік өте 

жоғары. Кез келген қателіктің бүкіл елге теріс 

әсер етуі мүмкін. Дегенмен, қателікке жол беру-

ден қауіптеніп шешім қабылдауды соза беру де 

дұрыс емес. Мұндай жағдайларда дұрыс шешім 

қабылдауға ішкі түйсік көмектеседі, – деді 

Мемлекет басшысы.

Демек, халықтың өркениеті, рухани қайнар бастауларының 

өз сыры мен мағынасы бар. Елімізде әр жылдары өткізіліп келе 

жатқан Әлемдiк және дәстүрлi дiндер съездері де халықтар 

арасындағы мә дениет сұхбаттастығын қалыптастыруға серпін 

беріп отырғаны сөзсіз. 

Осы тұрғыдан келгенде, «біз мәдениет деген ұғымды нақты 

түсiндіре алып жүрміз бе? Бiздiң мәдениетiмiздi кiмдер қалып-

тастырады?» деген мәселе туындайды. 

Меніңше, бізге ең алдымен гуманитарлық-рухани элита 

тәрбиелеу керек. Нақты айтқанда, қазақтың мәдени элитасын 

қалыптастыратын мектеп қажет.

Бұл жерде мәселе халықаралық дәрежеде гуманитарлық-

рухани мәселелер бойынша пiкiрталасқа түсе алатын, қазақ 

ұлтының философиялық, мәдени-тарихи ойлау дәрежесiн 

әлемдiк деңгейге жеткiзетiн тұлғаларды тәрбиелеу жөнiнде бо-

лып отыр. Ол үшiн арнайы мемлекеттiк стипендия мен гранттар 

тағайындау да артық болмас еді. 

Диалектикада санның сапаға айналуы жөнiнде заң бар. Сон-

дықтан бiз қазақтың санын сапаға айналдыруымыз керек. Оны 

iс жүзiне асырудың бiр жолы халықаралық дәрежеде, әсіресе 

гуманитарлық салада бәсекелестiкке түсе алатын тұлғалар 

тәрбиелеп шығару. 

Бүгiнгi Қазақстан өткен замандардан ұлттық мәдениеттер мен 

дәстүрлердiң сан алуандығын мирас еттi. Бұл орайда жаһандық 

мәдени стандарттар мен үлгiлердi жаппай тарату жағдайларында 

мәдени сан алуандық пен өзiндiк ерекшелiгi бар мәдени дәстүрдi 

сақтау өзектi мәселеге айналып отыр. Өз мәдениетiн қорғау 

үлгiлерiн әр ел өз қолымен жасайтыны кездейсоқ емес.

Осы мәселенің маңыздылығын ұғынып, еліміз мемлекеттiк 

деңгейде мәдени саясатты нысаналы түрде жүзеге асыра баста-

ды. «Мәдени мұра» ұлттық жобасы осы бағыттағы жұмыстардың 

күретамыры. Бағдарламаның қазақ ұлтының мәдени – тектiк 

кодын сақтауға, дамыту мен таратуға қатысты жүйелi жолын 

жасап бердi. Ол бiздiң қоғамымыздың мәдени және рухани 

жаңғыруында негiзгi рөл атқарып отыр. Посткеңестiк кеңiстiкте 

теңдесi жоқ бағдарлама Қазақстан Республикасында тұратын 

барлық ұлттар мен ұлыстардың тарихы мен мәдениетiне қатысты 

ескерткiштердi анағұрлым тереңiрек зерделеуге, жүйелi есеп 

жүргiзуге, сақтауға септiгiн тигiзедi.

Қазақстан бүгінде Еуразиядағы аймақтық үрдiстерге белсендi 

қатысып отыр. Интеграция, жаһандану үрдiстерiне белсендi 

қатысу, халықаралық және аймақтық қауiпсiздiктiң жаңа 

жүйелерiн жасау iстерiн Қазақстан қарқынды екпiнмен iлгерi 

жылжытуда. Осы орайда, Еуразиялық кеңiстiкте аймақтық 

экономикалық және саяси блок құру жөнiндегi Қазақстанның 

бастамасы ерекше маңызды. Бұл үрдiс әлемдiк үрдiстерге 

сәйкес келедi. Ол өз кезегiнде, көпполярлы әлем орнату мен 

жаһандануға қатысуға қосқан үлес болып табылады. Екiншi 

жағынан, бұл жаһанданудың келеңсiз әсерлерiне шара қолдану 

тетiктерiн жасайды. 

Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық 

одақ құру жобасын ұсынуы посткеңестiк ыдыраудың салдар-

ларынан күйзелiссiз арылу үшiн қажет шешушi бағдарларды 

айқын белгiлеп бердi және Еуразия елдерiнiң арасындағы 

қатынастарды жаңа деңгейге шығарды. Еуразиялық идея 

жалпы адамзаттық та, сондай-ақ жеке халықтардың да тари-

хымен және мәдениетiмен тығыз байланысты. Елбасы атап 

көрсеткендей, Еуразиялық интеграцияның құндылығы мынада, 

ол халықтардың бiрегейлiгiне қысым жасамастан және ассими-

ляцияламастан, керiсiнше олардың сан алуандығын сiңiретiндей 

бiрлiк пен тұтастықты иеленуi тиiс. Өйткенi этномәдени байлық 

пен батысеуропалық славян, ислам және түрiк өркениеттерiнiң 

элементтерiн қосу бүгiнгi Еуразия үшiн айрықша ерекшелiк 

болып табылады. 

Бiздiң өңiрiмiзде, одан да нақтырақ айтсақ, бiздiң елiмiзде, 

Шығыс пен Батыстың дәстүрлерi өзара сабақтасады және өзара 

кiрiгедi, мәдениеттер мен өркениеттердiң ынтымақтастыққа 

ұласатын нақты диалогы жүзеге асуда.

Өркениетаралық диалог баламаларының бiрi ретiндегi 

еуразиялық идеяны практика жүзiнде iске асыру аймақтық эконо-

микалық институттар мен аймақтық қауiпсiздiк құрылымдарын 

ЕурАЗЭҚ, ШЫҰ, АӨСШК аясында кезек бойын ша жасау 

арқылы жүредi.

Саяси, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени байланыс-

тардың көптеген бағыттары бойынша түрлi халықаралық 

ұйымдардың, интеграциялық құрылымдарды дамыту 

бағдарламаларының тұтас қатары жұмыс iстейдi. Бұл қазiр-ақ 

өзiнiң нәтижелерiн бере бастады. Гуманитарлық салада осы 

өңiрдегi халықтар мәдениеттер диалогынан баяғыда-ақ мәдени 

ынтымақтастыққа ауысты, соның iшiнде, мәселен, Гуманитарлық 

ынтымақтастық Қоры, ТМД елдерiнiң мәдени ынтымақтастық 

Кеңесi, шығармашылық және ғылыми интеллигенция Форумы, 

кiтапханаралық ынтымақтастық Ассамблеясы сияқты түрлi 

үйлестiрушi құрылымдардың қызметi арқылы да жүзеге асты. 

Айталық, мәдени ынтымақтастық жөнiндегi мемлекетаралық 

Кеңес гуманитарлық байланыстардың басымдықтарын жасай-

ды, ал оның жобалық жұмысы интеллигенцияның қоғамдық 

форумдары ұсыныстарының негiзiне айналады. Гуманитарлық 

ынтымақтастық Қоры мәдениет, ғылым, спорт, жастар бай-

ланысы саласындағы жобаларға қолдау көрсетедi. Ұлттық 

әдебиеттерге, кiтап шығаруға, өзара аудармалар жасау мен 

кiтапхана iсiне қолдау көрсететiн жобалар шешушi бағыттардың 

бiрi болып табылады.

Әйтсе де мынаны мойындау керек, мемлекетаралық 

мүдделердi үйлестiрудiң құқықтық тетіктерін ескергенде, 

ынтымақтастықтың пайдасы бұдан да көп болар едi. Сонда 

да болса, еуразиялық өзара ықпалдастықтың тәжiрибесi, осы 

аймаққа кiретiн халықтар мен елдердiң экономикалық және 

мәдени мүдделерi үндестiгiнiң бiрегей мысалына айналуы мүмкiн. 

Бұл орайда, Шығыс пен Батыс арасындағы диалогты және өзара 

түсiнiстiктегi жаһандық деңгейде нығайтуға Қазақстанның 

Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi Ұйымға 

2010 жылы төрағалық еткені бiрегей мүмкiндiк бердi. Осының 

барлығы аймақ және мемлекеттерде мәдени жаһанданудың 

келеңсiз жақтарына жауап беру тетiктерi қалыптасып отырғанын 

көрсетеді. Ал елiмiз осының үлгiсi болды. 



Нұрғали НҮСіПЖАНоВ, 

«Ауыл» халықтық демократиялық 

патриоттық партиясының мүшесі, 

Қазақстан Республикасының халық артисі

Нұрсұлтан НазаРБаев:

Төрткүл дүние бағалаған ел болдық

Мәдениет – ауқымды ұғым. Оның негізінде құндылықтар 

қалыптасады. Олай болса, біз төл мәдениетiмізді еуразия кiндiгiнiң 

өзегi ретiнде басқа халықтарға танытуымыз керек. Өйткені 

қазақтың мәдениетінің өз ерекшелігі бар. Бір қолөнердің өзі 

неге тұрады. Сакральды деп айтуымызға болатын бірегей өнер 

түрі. Киім тігу, киіз басу, жүн иіру, т.б. ата кәсібіміздің рухани-

философиялық мәні айрықша екенін айтып түсіндірудің қажеті 

жоқ шығар. 

4

№52 (1310) 

24 желтоқсан

2015 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

5

№52 (1310) 



24 желтоқсан

2015 жыл


жеріңнің аты – бабаңның хаты

павлодар облысында еліміз тәуелсіздік 

алған жылдардан бері ономастика са-

ласында біршама жұмыстар атқарылып, 

жалпы алғанда 81 елді мекеннің атауы 

қазақшаланды. Қазіргі таңда облыстың Баян-

ауыл, ертіс, Май, ақтоғай аудандары мен 

екібастұз, ақсу қалаларына қарасты ауыл-

аймақ атауларының басым бөлігі ұлттық 

санамызға тән атаулармен  өрнектелген. 

Нақтырақ тоқталар болсақ, бүгінгі күні Баян-

ауыл ауданына қарасты 38 ауылдың 36-сы, 

Май ауданындағы 23 ауылдың барлығы, 

Лебяжі ауданындағы 27 ауылдың 25-сі, ертіс 

ауданындағы 34 ауылдың 29-ы, ақтоғай 

ауданындағы 37 ауылдың 30-ы және 

екібастұз қаласына қарасты 27 ауылдың 25-і 

қазақи атаулардан құралған. Жалпы алғанда 

облыс аумағында 3 қала, 10 аудан, 4 кент, 

138 ауылдық округ, 402 ауыл бар. Қазіргі 

уақытта облысымыздағы 138 округтің 83-і 

(60%) және 402 ауыл атауының 259-ы, яғни 

64 пайызы қазақ тілінде. 

Тәуелсіздік алғанымызға тәубе етіп, тіліміз 

бен дінімізді нығайту үшін еңбек етіп келеміз. 

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл дәрежесіне ие 

болды. Соған орай республиканың түкпір-

түкпірінде мемлекеттік тілімізді дамыту ба-

рысында көптеген іс-шаралар жүзеге асуда. 

аТауДы айҚыНДауДа 

бұқараның белсенділігі қажет

Өзекті мәселе ортаға салынды

Өзіміздің 

жанымыз ашысын 

Әрине, егемендігімізді алғаннан бері 

атаулардың мемлекеттік тілдегі үлес салмағын 

әлі де арттыра түсуіміз қажет екені түсінікті. 

Алайда 2008 жылдан бастап, түрлі себептер-

мен жарияланған мораторийлер ономастика 

саласындағы жұмыстардың жүргізілуіне қол 

байлау болып келді. 

Мәселен, Павлодар облысының кейбір 

аудандарындағы тұрғындардың басым бөлігі 

өзге этнос өкілдерінен құралғандықтан 

осы өңірлердегі елді мекен атауларын 

қазақыландыру бағытындағы жұмыстар 

қиынға соғатыны белгілі. Себебі Қазақстан 

Республикасының ономастика мәселелеріне 

қатысты заңнамалық актілерінде осы 

бағыттағы жұмыстарды жүргізуде ең ал-

дымен жергілікті тұрғындардың пікірін 

ескеру керектігі ескерілген. Бұл жөнінде 

«Қазақстан Республикасы Тіл туралы» 

Заңы мен Әкімшілік-аумақтық құрылысы 

туралы заңында да, сондай-ақ Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде 

қабылданған әкімшілік-аумақтық бірліктер 

мен елді мекендердің құрамдас бөліктерін 

қай атау кезінде тиісті аумақ халқының 

пікірін ескеру қағидасында да осы мәселе 

басты назарға алынған. Ал осы аудандардың 

ұлттық құрамына нақты тоқталар болсам, 

Успен ауданында тұратын 12697 адамның 

4419-ы қазақ, 8272-сі өзге этнос өкілдері, 

Качиры ауданындағы 21140 тұрғынның 8392-

сі ғана қазақ, 12748-і өзге этнос, Шарбақты 

ауданындағы 20649 тұрғынның 8831-і қазақ, 

11818-і өзге этнос өкілдерінен құралған. 

Міне, осындай жайларды есепке алғанда 

Павлодар өңіріндегі ономастика мәселесіне 

дөңгелек үстел

Жыр додасы

хат Жолдарынан

лануына Қазақстан Республикасының оно-

мастика мәселелеріне қатысты заңнамалық 

актілеріне қайта өзгерістер мен толықтырулар 

енгізу себеп болып отыр. Бүгінгі таңда бұл 

мәселе бойынша ҚР Мәдениет және спорт 

министрлігі жанынан құрылған арнайы 

жұмыс тобы жұмыс жасауда.

Алайда қордаланған мәселелер мен 

депутаттық сауалдарға байланысты елді ме-

кендер мен оның құрамдас бөліктерін қайта 

атауға және мекемелердің атауын өзгертуге 

жарияланған мораторийден тыс Ұлы Отан 

соғысындағы жеңістің 70 жылдығына 

орай Кеңес Одағының батырлары мен 

көрсеткен ерлігі үшін ордендер мен ерекше 

марапаттарға ие болған ардагерлердің есімін 

беру бойынша жұмыстар елімізде қайта 

жалғасын тапқан болатын. Осыған орай, 

ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық 

ономастика комиссиясының қарауына 

ұсынылған мәселелерден Кеңес Одағының 

Батыры Бауыржан Момышұлының есімін 

беру мәселесі қозғалды. Мәселе тиісті 

комиссияның қарауында оң шешім тауып, 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында 

ҚР Үкіметінің Қаулысы да шығарылды. 

Бір айта кетерлігі, бұл тек мектеп ұжымы 

үшін ғана емес, жалпы облыс тұрғындары 

үшін ерекше қуантарлық сүйінші хабар 

болғаны сөзсіз. Осыдан былай аймағымыз екі 

мектептің атауы Халық қаһарманы Бауыржан 

Момышұлының есімімен аталуда. Аталған 

комиссияның келесі отырысында Бірлік 

жалпы орта білім беру мектебіне Жылбек 

Ақәділовтің есімін беру туралы мәселе де 

қаралмақ.

Бұған қоса облыстық ономастика комис-

сиясының отырысында Качир ауданының 

8 көшесіне Кеңес Одағы батырларының 

есімі беріліп, Шарбақты ауданының Сынтас 

ауылындағы «Ленин» көшесі мен Марал-

ды станциясындағы «Казарма», «Мир» 

көшелерін «Жеңіс» атауымен қайта аталды.

Сонымен Павлодар облысында 2015 

жылдың басынан бері 16 мәселе қаралып, 

2 мекеме мен 10 көшенің атауы өзгертілді. 

Сондай-ақ 2 мектеп пен 2 көшенің атауын 

өзгерту бойынша құжаттар республикалық 

ономастика комиссиясына жолданды. 

Бүгінде қалалар мен аудандардың жергілікті 

өкілі және атқарушы органдары тарапынан 

ономастика комиссиясының қарауына жаңа 

ұсыныстар келіп түсуде. Бұлардың барлығы 

да жыл соңына дейін облыстық ономастика 

комиссиясында қаралып, комиссия мүшелері 

тарапынан қолдау табады деген үміттеміз.

Қорыта келгенде, кезінде көнеден келе 

жатқан дәстүрмен қойылған тарихи атаула-

рымызды қалпына келтіру мәселесіне енді 

бүгінгі күннің көзімен қарауымыз қажет. 

Өйткені төл тарихымыз бен мәдениетіміз 

арқылы қазақ өркениетінің көшін ілгерілете 

алсақ, келесі ұрпаққа жарқын жүзбен қарай 

аларымыз анық.



Қабжан ЕДіЛБАй,

Павлодар облысы Тілдерді 

дамыту жөніндегі 

басқарма басшысы

бастап, арнайы комиссия құрылып, 

тоқсанына бір рет қала, аудан басшыла-

ры мемлекеттік тілдің қолданыс аясын 

кеңейтуде атқарылған жұмыстар жөнінде 

есеп беретінін атап өтті. 

Бұдан кейін сөз алған «Тіл-Аудит» 

сайтының редакторы Дина Имамбаева 

екінші деңгейлі банктердің сайттарындағы 

қазақша ақпаратты сынға алды. Атап 

айтқанда, Kazinvest, Forte Bank, Home 

Credit, Nurbank банктерінің қазақшасы 

сын көтермесе, Сбербанк сайтының 

қазақшасы мүлдем жоқ. Бұл ҚР «Тұты-

нушылар құқығын қорғау» туралы 

заңының 24-бабына қайшы келеді. 

Дос Көшім банк саласындағы қазақ 

тілінің басты кемшілігі, орыс тілінен 

сөзбе-сөз аудармадан болып отырған-

дығын жасырмады. Расында, банк тілі 

аударма тілі болмау керек. Бұл пікірді 

қолдаған Каспий банктің баспасөз хат-

шысы Ербол Азанбек тұтынушылардың 70 

пайызға жуығы қазақ тілін таңдайтынын, 

сондықтан барлық ақпараттар әуелі қазақ 

тілінде дайындалу керектігін айтты. 

Сонымен бірге қазақ тілін оқыту-

дың жай-күйі, мемлекеттік тілдегі құжат 

ай налым барысы осы бағыттағы нақты 

атқарылған жұмыстар, қол жеткен жетіс-

тіктер, әлі де болса шешімін таппаған 

мә селелер жайлы ой қозғалып, пікірталас 

өрбіді. 

Ақбота ИСЛӘМБЕК

мен» атауын беру туралы мәселе қаралып, 

мүшелер тарапынан оң шешім тапты. 

Бұған қоса білім беру мекемелеріне де ұлы 

тұлғаларымыздың есімін беру жұмыстары да 

қолға алынып, республикалық ономастика 

комиссиясына «Ақсу қаласы Пограничный 

селолық округінің орта мектебі» мемлекеттік 

мекемесіне Бауыржан Момышұлының, 

«Лебяжі ауданының Ленин жалпы негізгі білім 

беретін мектебі» мемлекеттік мекемесіне Ах-

мет Байтұрсыновтың, «Павлодар қаласының 

№22 жалпы орта білім беру мектебі» 

мемлекеттік мекемесіне Кеңес Одағының Ба-

тыры Бауыржан Момышұлының, Баянауыл 

ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене 

тәрбиесі және спорт бөлімінің «Құндыкөл 

ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік 

қазыналық коммуналдық кәсіпорнына 

Балтабай Бекжанұлы Сейсенбековтің, «Баян-

ауыл ауданы білім беру бөлімінің Бірлік 

жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық 

мемлекеттік мекемесіне Жылбек Ақәділовтің 

есімін беру туралы мәселелермен қатар, 

Екібастұз қаласының №4 жалпы орта білім 

беру мектебіне Қазбек Нұралиннің, Екібастұз 

қаласының Северный көшесіне Болат 

Шәпеновтің есімін беруге қатысты құжаттар 

топтамасы жолданды.

Алайда нысан атауларын өзгерту бойын-

ша жұмыстар биылғы жылы да ерекше 

қарқында жүргізіле бастағанымен, Қазақстан 

Республикасы Президенті Әкімшілігінің 

Басшысы Н.Нығматулиннің 2015 жылғы 

30 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес қайта 

атау мәселесі 2016 жылға дейін әзірше 

тоқтатылды. Аталған мораторийдің жария-

ламасы жоқ. «Сана» дүкенінің «дүкені» 

деген сөзінде «і» әрпі түсіп қалыпты. 

І.Жансүгіров көшесі бойынша 

жасалған жұмыс барысында көптеген 

кемшілік анықталды. Атал мыш 

көшедегі «Құс жолы» кешенінің сыр-

тындағы  «қонақүйі»  деген  тір ке с    тегі 

«ү» әрпі түсіп қалған, «Сағадат» сау  да 

үйінің маңдайша жазуындағы «сауда 

үйі» тіркесінде «у» әрпінің орнында 

«ү» әрпі қонжиыпты, яғни «саүда 

үйі» деп көрсетілген. «Өмірбек» 

дүкенінің сыртында «дүкені» және 

«магазин» жазулары мүлдем жоқ. 

«Дрожжи» деп аталатын дүкеннің 

сыртындағы «дүкен» сөзінің соңында 

«і» әрпі тіркелмепті. Осы мекемелерге 

ескертулер жасалып, түзетуге уақыт 

берілді. 

Д.Рақышев және Н.Алдабергенов 

көшелерінің қиылысындағы бил-

бордта «ОLX-та сақтаныңыз үшін 

рақмет» деп жазылған. Яғни «қ» 

мен «т» әріптерінің орны ауысып 

кеткендіктен, «ОLX-та сатқаныңыз 

үшін рақмет» деп өзгерту ұсынылды.

Жарнама жайлы талай рет ай-

тылып, жазылып та келеді. Бірақ  

әлі «тәртіпке келдік, қазақшамыз 

ойдағыдай» деп айта алмасымыз 

анық. Қаламыздың келбетіне 

сыртқы жарнамалардың қосар үлесі 

зор. «Салкын сусындар», «Балмуз-

дактар», «Дөнгелек жөндеу», «Аяқ 

киім жондеу» сынды бұрмалап не-

месе дұрыс жазылуын ескермейтін 

жарнама, тәржімалар тіл көсегесін 

көгертіп, қаланы көркейткеннің 

орнына қазақ тілінің қабырғасын 

қайыстырып тұрғандай. Көрнекi 

ақпараттың барлық мәтiнi мы-

надай ретпен: «мемлекеттік тiлде 

– сол жағына немесе жоғарғы 

жағына, орыс тілінде оң жағында 

немесе төменгi жағына орналасады, 

бiрдей өлшемдегi әрiптермен жа-

зылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi 

ақпараттың мәтiндерi қосымша 

басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн» 

деп көрсетілген. Яғни қазақ тілінде 

жазылып, содан кейін басқа тілге 

аударылуы керек. Аталған мәселені 

жарнама берушілер мен жарнама 

агенттіктері де қаперде ұстағандары 

абзал. Жарнаманы ілмес бұрын 

дұрыстығын жергілікті тілді дамыту 

бөлімімен тілдесіп, аудармаларын 

тексертіп алуға кеңес берілді. Жар-

нама талапқа сай болғаны жөн. 

Қалалық мәдениет және тілдерді 

дамыту бөлімінің бас маманы 

Сандуғаш Арнайқызы бұл турасын-

да «Жарнама халыққа үлкен әсер 

етеді. Ең алдымен, оны ілуде заң 

шеңберінен аспай, талаптарды 

сақтау керек. Тілімізді дамытуға 

атсалысу баршаға ортақ міндет екені 

анық» дейді. 

Атқарылып жатқан іс те, қол 

жет кізген нәтиже де, талпыныс пен 

ұмтылыс та бар. «Саусақ бірікпей, ине 

ілікпейді» демекші, біріге отырып, Заң 

талаптарына сай жұмыстар жүргізіле 

берілгені жөн.

Данагүл МӘКЕН

тақырыпта. Бұл жолғы жарысқа 

қатысушы 25 ақын тыңдарман қауым 

алдында өз өнерлерін ортаға салып, 

өткір тіл, орамды оймен жазылған 

шығармаларын ұсынды. Тартысты 

өткен жыр сайысында әділқазылар 

алқасының сараптауымен жүзден 

жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар 

анықталды. Сондай-ақ мұнда 8 

ақын жүлдеге лайық деп танылып, 

ынталандыруға ие болған 5 ақынға 

Алғыс хаттар табыс етілсе, жүлделі 

орын иегерлеріне қаржылай сыйақы 

тағайындалды. Ал жарыстың бас 

жүлдесіне талай шаршы алаңдарда 

шашасына шаң жұқтырмай топ 

жарып жүрген Алматы облыстық 

баспасөз орталығының бас маманы, 

ақын Сағыныш Намазшамова ие 

болды.

Кәлім хАН

халықаралық деңгейге көтеру» дейді. 

Осы орайда банк, қаржы жүйесіне 

қатысты дайындалған тілдескіштердің 

маңы зына тоқталды. 12 тілдегі салалық 

тілдескіш, банк терминдерінің орысша-

ағылшынша-қазақша сөздігі, қаржы 

саласы қызметкерлеріне қазақ тілін 

үйрететін оқулықтар елімізде тұңғыш 

рет жарыққа шықпақ. Бұл тілдескіштер 

қазақ тілінің өрісін кеңейтуге, басты-

сы орыс тілінің ықпалынан арылуға 

мүмкіндік беретінін баса айтты. Ұлттық 

Банктің бастамасымен дайындалған бұл 

тілдескіштердің таралымын көбейту, 

электронды нұсқасын дайындау алдағы 

уақыттың еншісіндегі мәселе. Сондай-

ақ келесі жылдан бастап Ұлттық банктің 

ішкі құжат айналымы толық мемлекеттік 

тілге көшпек. 

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұра-

ғаттар және құжаттама басқар ма сының 

басшысы Мамай Ахет атқары лып жатқан 

жұмыстар жайында баяндап, Елбасының 

2025 жылға дейін қазақстандықтардың 

95 пайызы қазақша сөйлеу керектігіне 

байланысты тапсырмасының орындалу 

барысын сөз етті. Бұл орайда, жергілікті 

халыққа қызмет көрсету орталықтары, 

мемлекеттік органдар қадағаланып 

отырғаны айтылды. Алайда Заң бойынша, 

өтініш қай тілде келсе, жауап та сол тілде 

беріледі деген мәселе мемлекеттік тілді 

дамытуға кері әсерін тигізіп отырғанын 

тілге тиек етті. М.Ахет 2016 жылдан 

Алайда қазақ тілі Ата Заңда көрсетілген 

мем ле кет тік тіл мәртебесіне лайық кең 

қолданыс қа ие болды деп ауыз толтырып 

айта алмаймыз. 

Қазір, өз елімізде ана тілінің қадірін 

кетіріп, балаларын мемлекеттік тілде 

оқытқысы келмейтін ата-аналар аз емес. 

Олардың пікірінше, қазақ тілінің болашағы 

бұлыңғыр әрі мектептерде қазақша білім 

беру деңгейі төмен көрінеді. Өткен уақыт 

аралығында мемлекеттік тілдің алған 

белестері аз емес. Сонау би-шешендердің 

қара қылды қақ жарып, қазақ тілінің 

құдіретімен шешкен дау-жанжалдары 

қаншама?! Қылышынан қан тамып тұрған 

Кеңес үкіметінің тұсында өмір сүрген 

Алаш зиялылары мірдің оғындай өнегелі, 

көркемсөздерімен тарихта қалды. 

Өкінішке қарай, талай елді тамсандырып 

таңғалдырған ана тіліміздің деңгейі қазір 

құлдырап барады. Заман ілгері дамыған сай-

ын асыл қазынамызды өгейсітіп, менсінбей 

жүргендер қаншама?!

Қазір тіпті тілдік сапа жоқ сияқты. 

Бүгінде жас буынның сөйлеу мәнері, сөз 

саптауы құлаққа ерсі естіледі. Олар көбінесе, 

«бара жатырық, отырық, не істеватсын, 

жүргенсол» деген сөздерді жиі қолданады. 

Бала күнінен естігендері сол болса, солай 

қалыптасары да ақиқат. 

Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, 

құнды қиялы көркемсөзбен кестеленген. 

Сондықтан, ана тіліміздің шұбарлануына 

жол бермейік. Тіліміздің тағдыры – өзіміздің 

тағдырымыз. Оған салғырт қарау өзгені емес, 

өзімізді сыйламау. Қазақ тілінің мемлекеттік 

тіл мәртебесін орнықтыруға, тілдің қолдану 

аясын кеңейтуге күш салуымыз керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет