Мәселенің негізін қалағаннан кейін және құрылысын тұрақтағаннан кейін ғылыми зерттеу тақырыбын анықтайды. Яғни ол өзектілігін (маңызды, тез арада шешуді талап ету), ғылымға пайдалы жаңалық енгізу, халық шаруашылығы үшін экономикалық тиімді болуы керек. Сондықтан тақырыпты таңдау арнайы техника-экономикалық есептеулер жүргізілуі қажет.
Тақырыптың маңызды сипаттамасы болып алынған нәтижелерді өндіріске жылдам енгізу мүмкіндігі табылады.
Тақырыпты таңдауға белгілі мамандық бойынша отандық және шет елдің өнертабыс, журнал, әдебиет көздерімен түпкілікті танысуымен жүргізіледі.
Тәжірибелік сабақ № 3, 4
Тақырыбы: Ғылыми ақпарларды іздеу, жинау және өңдеу
Ғылыми ақпарат көздері ретінде әдебиеттер, мерзімді басылымдар, кітапхана қорлары, ЭЕМ, байланыс құралдары т.б.жатады. Ақпараттық өнімдерді жинақтау, олардың базасын жасау қағазсыз информатикаға көшумен байланысты.
Ақпараттық қорлар салалық, политақырыптық, құжаттардың түрлеріне байланысты – патент, диссертация т.б. болуы мүмкін. Мұндай қорлар әр саладығы ғылыми зерттеу институтарында, ақпараттық органдарда жасалады.
ҒЗА – ғылыми-зерттеу ақпараттары – тез жету үшін периодты түрде шығатын басылымдар бар. Газет, журналдар, рефераттық басылымдар, ҒЗ жинақтар, стандарттар, патенттік құжаттар.
Құжаттардың қорларын тәртіпке келтіру үшін кітапханалық-библиографиялық классификация қолданылады. Әлемде ең көп тараған ӘОК (УДК) - әмбебап ондық классификация, көп елдерде қолданылады. ӘОК арқылы ақпаратты тез тауып алуға болады. Негізгі таблица 10 кластан тұрады – оларға ғылымның әр салалары бекітілген. Әр класс ары қарай 10 бөлімге, ол бөлімдер ары қарай 10 бөлімшелерге бөлінеді.
Патенттік ақпараттар құқықтық және ғылыми-техникалық негізге ие. Патенттану жаңалықтар мен өнертапқыштықтықты қорғау үшін қажет. Авторлық құқық заңмен қорғалады. Өнеркәсіптегі қолданылатын ой еңбегінің нәтижесі өнеркәсіп жекеменшігі деп аталады. Олар жаңалық, өнертапқыштық, пайдалы үлгілер, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер және фирмалық атаулар деп бөлінеді. Өнеркәсіп жекеменшігін қорғау үшін Ұлттық патенттік орталыққа өтініш береді.
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу үшін орынды дайындау маңызды. Оқу, оқығанды есте сақтау, белгілеу, конспектілеу, реферат жазу, ғылыми шолу жазу әдістері маңызды.
Тәжірибелік сабақ № 5, 6
Тақырыбы: Теориялық зерттеулерді ғылыми-техникалық тұрғыда моделдеу
Теориялық зерттеулерді жүргізу бірнеше сатылардан тұрады. Оперативтік шұғыл сатыда техникалық қайшылықтарды жою, қоршаған ортаның өзгерісі, есепті шешу үшін басқа ғылым саласын қолдану, т.б. қарастырылады.
Синтетикалық сатыда объектінің бір бөлігінің өзгерісінің оның басқа бөліктеріне әсері, өзгерген объектіні жаңаша қолдану жолдары қарастырылады. Бұл алғашқы сатылардың нәтижесінде мақсатты анықтау сатысына көшуге болады.
Талдау сатысында шынайы соңғы мақсатты анықтау, оған кедергі болатын жайттарды білу, т.б. жүргізіледі.
Тәжірибеде кезігетін есептерді математикалық тәсілдермен шешу үшін мақсатты математикалық жолмен өрнектеу, яғни оның математикалық үлгісін жасау қажет. Есепті математикалық өрнектеу сандар, геометриялық өрнектер, функциялар, теңдеулер жүйесі түрінде болады. Математикалық үлгілеудің бірінші сатысында есептің бағытын анықтау, зерттеудің мақсаты мен объектісін және критерийлерін белгілеу жасалады.
Тәжірибелік сабақ № 7, 8
Тақырыбы: Ғылыми жұмыстың нәтижесін дайындау
Ғылыми есеп, баяндама, мақала жазған кезде жалпы жоспар төмендегідей болуы мүмкін. Алдымен оның атын жазу керек, ол қысқа, анықтаушы, жұмыстың мазмұнына сай болу керек, өйткені осы аты бойынша ол каталогқа кіреді.
Мазмұны оны оқырман үшін қысқа түрде мазмұнын ашатындай болу керек, негізгі бөлімдер, тараулар және тағы басқа бөліктер көрсетіледі. Кейде ғылыми жұмысты жазғанда алғы сөз жазу қажет. Онда ғылыми жұмысты жазудың алғы шарттары, жұмыстың орындалған жері, т.б. келтіріледі.
Кіріспеде қысқаша проблема туралы, көкейкестілігі, мақсаты мен мүдделері, проблеманың қазіргі жағдайы сөз болады.
Әдебиеттерге шолу әдетте қарастырылатын мәселе бойынша беріледі. Бұл жерде ең маңызды әдебиетті қосымша әдебиеттен ажырата білу қажет. Әдебиеттің белгілі бір бөлігі соңғы жылдарда жарияланғаны дұрыс, шет елдік әдебиеттерде болғаны жөн.
Жұмыстың негізгі мазмұнына материалдар, зерттеу тәсілдері, тәжірибенің нәтижелері, қорытындылар мен талдаулар кіреді. Мәтінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері дәл, ұғынықты болуы керек. Жаңадан енгізілген терминдер мен ұғымдарды тиянақты түсіндіру қажет. Цифрлық материалды таблица, диаграмма не график түрінде беру керек. Олардың аттары мен нөмірлері болады.
Қорытындылар жұмыста келтірілген материалға сай болуы керек. Олар қысқа түрде, нөмірленген тезистер түрінде болады.
Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттердің тізімі келтіріледі. Осы тізім бойынша мәтінде оларға сілтемелер жасалады. Тізім библиографиялық тәртіпке сәйкес, мәтінде жазылған кезегі бойынша жасалады. Тізімде авторлардың аты-жөні, кітаптың аты, баспаның аты, шыққан жылы, жалпы бет саны, не беттің нөмірі көрсетіледі. Журнал болса шыққан жылы, нөмірі, беті. Тізімдегі әдебиеттің нөмірі мәтінде жақша ішіне жазылады.
Қосымшада көмекші таблицалар, графиктер, есептеулер, программалар, т.б. материалдар орналасады. Олардың әрқайсысының нөмірі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |