часть бизнес-стратегии // Социальное партнерство. – 2006. – № 1. – С. 10–16.
2 Булавкина Л.В. Социальная ответственность – инструмент бизнеса или инструмент PR //
Маркетинговые коммуникации. – 2007. – № 6 (42).
3 Налибаева М.К.: http://be5.biz/ekonomika1/r2011/00250.htm.
4 Boddy D. Management: An Introduction – Forth edition. – USA: Pearson Education, 2008.
5 http://undp.by/ru/undp/gcompact/res/.
6 Выступление президента Н.А. Назарбаева на республиканском форуме по вопросам социальной
ответственности бизнеса.
SPISOK LITERATURy
1 Sheldon B. Korporativnaja social’naja otvetstvennost’: ne pobochnaja dejatel’nost’, a sostavnaja chast’
biznes-strategii // Social’noe partnerstvo. – 2006. – № 1. – S. 10–16.
125
2 Bulavkina L.V. Social’naja otvetstvennost’ – instrument biznesa ili instrument PR // Marketingovye
kommunikacii. – 2007. – № 6 (42).
3 Nalibaeva M.K.: http://be5.biz/ekonomika1/r2011/00250.htm.
4 Boddy D. Management: An Introduction – Forth edition. – USA: Pearson Education, 2008.
5 http://undp.by/ru/undp/gcompact/res/.
6 Vystuplenie prezidenta N.A. Nazarbaeva na respublikanskom forume po voprosam social’noj
otvetstvennosti biznesa.
Түйін
Әлемдік ғылыми әдиебиетінде корпоративті әлеуметтік жаупкершілігінің концепциясы туралы бір түсі-
нік жоқ. Мақалада казақстандық компаниялар үшін корпоративті әлеуметтік жауапкершілігінің концепция-
сының өзектілігі негізделген. Бизнестің әлеуметтік жаупкершілігі тұрақты даму үшін негізгі сұрақтары ұлт тық
басымдылықтар және ерекшеліктер, сонымен қатар, олар халықаралық үдерістерге, бағдарламаларға және
бас тамаларға сәйкес компаниялардың белсенді қатысуы негізінде анықталуы керек. Заманауи компаниялар
бизнестерінің жағдайларына байланысты әлеуметтік бағдарламаларға қатысу шегін өздері анықтауы қажет.
Басқа жағынан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне халықаралық стандарттарды енгізу қоғамның әрі
қарай модернизациясының кепілі болады. Мақала келесідей бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің түсі-
ніктерін көрсетеді (БӘЖ), олар өз еркі негізінде, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық аймақтарда қо-
ғамның дамуына әсер еткен бизнес өкілдерінің үлесі болып табылады. Бұл үлес компанияның негізгі жұ-
мысымен немесе оның сыртқы ортасымен де байланысты болуы мүмкін. Мақалада бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігін жүзеге асырудың себептері қарастырылған. Кейде, жағымсыз қоғамдық бедел тұтынушылар
жағынан жарияланған ұрыстың себебі болып, жалпы корпорация үшін үлкен қаржылық шығындар алып
келуі мүмкін. Әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, еңбек өнімділігінің өсуіне, компанияның имиджінің
жақсаруына, беделдің өсуіне алып келеді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін іске асырудағы ең маңызды
дәлелі – бұл инвестициондық капиталды тарту, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар
салықтық жеңілдіктерді алу. Компания бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігі қайырымдылық, демеушілік
көмек, әлеуметтік маркетинг, әлеуметтік инвестициялар арқылы жүзеге асырылады.
Resume
In the world literature there is no common understanding of the concept of corporate social responsibility
(CSR). The article explains the relevance of the concept CSR for Kazakhstani companies. Issues of corporate social
responsibility for sustainable development should be based on national priorities and features, as well as the active
participation of companies in the relevant international processes, programs and initiatives. Contemporary companies
themselves must determine the measure of participation in social programs, depending on their state of business. On
the other hand the introduction of international standards of corporate social responsibility will ensure the further
modernization of society. The author highlights the following understanding of Social Corporate Responsibility
(SCR), which is the contribution of business representatives in the development of society in the social, economic
and environmental spheres on a voluntary basis. This contribution may be associated with both the company’s core
business, and go beyond its frames. The article discusses reasons for implementation of corporate social responsibility.
Negative public image can cause consumers’ boycotts and huge financial losses for any corporation. Implementation
of social programs leads to increase in labor productivity, improving companies’ image, its reputation growth. An
important motive of corporate social responsibility is to attract investment capital, maintain social stability, as well
as tax benefits. Social responsibility of businesses are realized through charitable donations, sponsorship, social
investment, social marketing.
126
ӘӨЖ 33*336
Е.Б. БАХЫТ.
Халықаралық Бизнес Университеті,
PhD докторанты
ҚАЗАҚСТАНДА ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДАҒЫ
МЕМЛЕкЕТТІк ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ РӨЛІ
Орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі – мемлекеттің қаржы-несиелік және инвестиция-
лық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады. Кәсіпкерлікті қар жы-
несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау жүзеге асырылады. Кез келген елдің экономикасын ары қа рай
дамытуға көмектесетіндіктен шағын және орта бизнес экономиканың ерекше орнын алады. Шағын және орта
бизнес жұымспен қамтылу мәселелерін шешеді және мемлекеттің орнықты экономикалық дамуын құрады.
Қазіргі таңда орта кәсіпкерлікті дамыту мемле кеттік саясаттың басым бағытта рының бірі, экономикалық және
әлеуметтік мәселелерді шешу бағыттарының бірі болып табылады. Сауда банктерімен орта бизнестің несиеле-
ну механизмдерін дамытуда әлемдік тәжірибелерде кеңінен қолданылатын әдістемелік құрылымдарды енгізу
қажет, бұл мемлекеттің, экономика агенттіктерінің қызметі үшін әрі тиімді. Кәсіпкерлік инфрақұрылымның
тұрақты өсуі мен дамуы нарықтық экономиканың дамуының міндетті шарты болып табылады. Орта бизнес
халықтың экономикалық белсенділігін оятады, қоғамдық қажеттіліктерге тез жауап береді, бәсекелестіктің
дамуына мүмкіндік туғызады, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына қатысады. Орта бизнес бүгінгі
өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі бо-
лып саналады. Өнеркәсіптің өңдеу салаларындағы орта кәсіпкерлікпен айналысатын компаниялардың Қа-
зақстан экономикасының дамуына, ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің, жалпы ұлттық өнімнің өсуіне,
жұмыспен қамтылу дәрежесіне тікелей әсер етеді. Нәтижесінде орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін
тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.
Тірек сөздер: несие, кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес, салық.
Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті қалып-
тастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды.
Қазіргі таңда орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі
болып табылады.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы
Қа зақстан халқына арналған «Қазақстан жолы–2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп
ата латын Жолдауында шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің жүйелі іс-қимылдары
баян дала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген.
Бүгінгі күні отандық банктеріміздің барлық капиталының мөлшері әлемдегі ірі банктердің
капиталынан жүз есе кем екендігін ескеретін болсақ, онда банктерге ең алғашқы кезекте өз-
дерінің ресурстарын нығайту қажеттілігі туып отыр.
Коммерциялық банктердің шағын бизнесті несиелеу механизімі мәселелеріне әлемдік
тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларды ендіру қажет [1].
Осылайша, мемлекет бүгінгі күні кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің нарық экономи-
касының толыққанды қатысушысы ретінде өз қызметтерін жүзеге асыруларына қажетті жағ-
дайды қамтамасыз етіп отыр. Шағын және орта кәсіпорындармен жұмыс істетуді көздейтін
жалпыұлттық институттар құрылуда. Шағын және орта бизнеске атаулы қолдау көрсетуді жүзеге
асыратын арнаулы «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» қоры құрылып, табысты жұмыс
жүргізуде. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге
асырылуда. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және бизнестің билікпен
арадағы іс-қимылдарының жаңа үлгісін құруға бағытталған «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қа-
зақстан Республикасының Заңы қабылданды. Кәсіпкерлердің белсенділігін ынталандыруды
көздейтін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер заңдық деңгейде қарастырылды.
Белгілі бір тәжірибесі бар және қызметтің жаңа бағыттарын игеру үшін жоғары техноло-
гиялы жабдықтар мен қосымша капиталға мұқтаж кәсіпкерлер үшін қаржылық қолдаудың
жаңа құралдары (лизинг, венчурлық қаржыландыру және басқалары) іске қосылады. Лизингтік
құрылымдарды дамыту мен венчурлық құрылымдарды құру жаңа өндірістердің пайда болуына
және дәстүрлі қаржыландыру көздерін тарта алатын кезеңге дейін өндірістерді қалпына кел-
тіруге ықпал етеді.
127
Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне:
несиелер беру рәсімдерін және онымен байланысты шығыстарды;
шағын бизнес субъектілері үшін несиелерге қызметтер көрсету төлемдерін азайту жө-
ніндегі тетіктерді әзірлеу және енгізу;
шағын бизнес кәсіпорындарын оларды жеңілдетілген нысан бойынша жобаның техника-
экономикалық негіздемесімен ауыстыра отырып, несие берілетін іс-шара бойынша бизнес
жоспарларды міндетті түрде ұсынудан босату;
қарыз алушы – шағын бизнес кәсіпорындарының қаржы жағдайын бағалау өлшемдерін,
сондай-ақ несиелерді қамтамасыз ету түрлеріне қойылатын талаптарды жеңілдету жолымен
оң тайландыру қажет болады.
Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктер сауда мекемелеріне несиені үлкен көлемде
береді, өйткені сауда саласында активтердің айналымдылығы өте жоғары.
Кесте 1 – Орта және шағын бизнеспен айналысатын кәсіпорындардың салалар бойынша
2012 жылы ROA, ROE көрсеткіштері
Салар бойынша
ROE, %
ROA, %
Сату
рентабель
дігі, %
Активтердің
айналымды-
лығы
Капитал
мультипли-
каторы
Актив
тердегі
үлесі, %
Ауыл шаруашылығы
5,38
1,41
2,68
0,53
3,80
2
Тау-кен өндіру
өнеркәсібі
77,15
45,06
55,61
0,81
1,71
21
Өңдеуші өнеркәсіп
43,0
21,72
22,57
0,75
1,98
13
Құрылыс
37,55
3,43
4,04
0,85
10,95
12
Сауда
23,29
3,76
2,57
1,46
6,19
19
Көлік және байланыс
20,29
10,66
16,41
0,65
1,90
11
Жылжымайтын
мүлікпен операция-
лар, жалдау, тұтыну-
шыларға қызмет
көрсету
31,70
6,08
31,49
0,19
5,12
12
Дерек көзі – ҚРҰБ, ҚРСА мәліметтері бойынша есептелген.
Сауда мекемелерінің активтерінің айналымдылығы өте жоғары, сондықтан да банктер өң-
деуші кәсіпорындарға қарағанда сауда мекемелеріне несие ресурстарын көбірек береді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие ресурстарына қол жетімділігін кеңейтуге бай-
ланысты мәселелердің шешілуі, қарыз алушылардың тізілімдерін жасау мен жүргізу оларға
не сие тарихын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл шағын кәсіпорындар саны мен
өнімділігінің тұрақты өсуіне ықпал ететін болады [2].
Осылардан көріп отырғанымыздай, шағын бизнестің тиімді әрі ырғақты дамуы үшін мем-
лекет тұрғысынан қаржы-несиелік және инвестициялық қолдаудың қолайлы саясаты алдыңғы
орынға шығады. Орта бизнестің гүлденуіне еліміздегі инвестициялық климаттың жағдайы ті-
келей әсер етеді. Соңғы кезде тәжірибеге енгізілген тура инвестициялар тартудың рөлі зор.
Мәсе лен, Астана, Алматы, Шымкент, қалаларында жүзеге асырылған тура инвестициялар
тар тудың тәжірибесі – бұл әдістің өміршеңдігін көрсетті. Екінші деңгейдегі банктерді басқа
көз дерден несиелеу ставкаларын төмендетуге ынталандыру жөніндегі шараларды талдап жа-
сауды тапсырды. «Даму» бағдарламалары бойынша ШОБ субьектілеріне берілген қаржының
былай бөлінгенін байқауға болады: сауда саласына – 45,7%; қызмет көрсету саласына – 24,2%;
өнеркәсіпке – 17,2%; құрылысқа – 5,2%; ауыл шаруашылығына – 5,1%; көлік пен байланысқа –
2,7%.
«БТА Банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту
қоры және Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау
бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберіндегі Стресті активтер қоры бизне-
сін дамытуға несиелер ұсынады. «Даму» қоры аймақтарда басымдыққа ие салалардағы шағын
128
және орта бизнесті дамытуға бағытталған мақсатты қаржыландырудың ондаған бағдарлама-
сын іске асыруда.
Негізгілер:
Аймақтық қаржыландыру бағдарламасы;
«Даму өндіріс»;
«Бизнестің жол картасы – 2020»;
Лизингтік мәмілелерді қаржыландыру бағдарламасы;
Әйелдер кәсіпкерлігін микронесиелеу бағдарламасы.
Аймақтық қаржыландыру бағдарламасы – ауыл шаруашылығы өнімдерін, мал шаруа-
шылығы, аралас ауыл шаруашылығы, балық аулау, акваөнімдер, азық-түлік өндірісі, мақта-мата
бұйымдары, киім, мектепке дейінгі білім саласымен айналысатын кәсіпкерлерге көрсетілетін
көмек. Бизнесті қолдауды тағы бір бағдарламасы – «Даму аймақтары ІІ». Бағдарламаның басым
салалары тізбесінде: агроөнеркәсіп кешені, тау-кен саласы, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі,
туризм, ақпарат және байланыс, білім саласы қызметі, денсаулық сақтау, мәдениет, мәдени
қызмет көрсету, спорт және т.б. бар.
«Даму өндіріс» қаржылық бағдарламасы ЖК субъектілері үшін және дағдарыс жағдайынан
шығуға арналған несие ресурстары тапшылығын тартып отырған кен байыту өндірістеріне кө-
мек көрсету мақсатында жұмыс істейді. Осы бағдарлама пайыздық мөлшерлемені қайта қа-
рап, 8%-ға төмендету жағына өзгертуге мүмкіндік береді. «Даму» қоры сыйақы мөлшері төмен –
8%-дық талаптары өте жақсы лизингтік бағдарлама әзірледі және әрекетке енгізді. Кәсіпкер
жаңа құралдар алады және несие алушының қаржылық жағдайы тұрақты болған жағдайда
қосымша кепілдеме ұсыну қажеттілігі жойылады. Сонымен қатар, әйелдер кәсіпкерлігін мик-
ро несиелендіру бағдарламасы жұмыс істейді. Онда қаржыландыру саласына шектеу қой ыл-
май, жылына 14%-дан аспайтын несие беріледі. Оны төрт банк жүзеге асырады, олар: «Центр-
Кредит» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Дельта банк» және «Евразиялық банк». Банкке және үйлестіру
кеңесіне өз жобасының өміршеңдігін дәлелдей алған кәсіпкерлер жылдығы 14% аспайтын несие
алуға мүмкіндік алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылғы 13 шілдедегі
қаулысымен Бағдарламаның бірінші және үшінші бағытына қатысты өзгерістер енгізілді.
Осылайша, бірінші бағытында – 12 пайыздық мөлшерлеме сыйақысы кезінде 5% орнына,
мемлекет 14% кезінде 7% жабады, ал кәсіпкер бағдарламаның 7%-ынан астамын ғана жабады.
Үшінші бағытында экспортқа бағытталған өндірістерге қолдау көрсету бойынша субсидиялау
тағы да 14% аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады, олардың 6% экспортер төлейді де, қалған
8% мемлекет өз есебінен жабады.
Сурет 1 – Шет елдердегі шағын және орта бизнестің салалық құрылымы, %
Ескертпе – [4] негізінде құрастырылған.
Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің салалық құрылымының басқа елдермен
салыстырғандағы өзіндік ерекшелігі оның сервистік-аграрлық салаға бағытталуы болып та-
былады. Осыған байланысты шағын және орта кәсіпкерлік секторын әртараптандыру өзекті
мәселенің бірі болып саналады [3].
Кәсіпкерлік секторды қаржылық қолдау үшін мыналар қажет:
аймақаралық банктер (оның ішінде шағын бизнесті қолдау бойынша мамандандырыл-
ған) желілерін одан ары дамыту;
129
өндірісті қолдауға қарыздары бойынша коммерциялық банктермен кепілді қамтамасыз
ету;
несиелік ресурстарды бюджеттен тыс жұмылдырудың басқа формаларын қолдану;
дәстүрлі емес қаржыландыру қызметін дамыту (лизинг, факторинг, венчурлық қар жы-
ландыру, франчайзинг және басқалары);
шағын кәсіпкерлік несие ассоциациясының өзін-өзі басқаруы үшін жағдай жасау.
Осы көрсетілген қажеттіліктерді орындай отырып, шағын және орта бизнесті қаржылан-
дыру үшін несиелеудің жаңа түрлерін қарастыру қажет.
«Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасының негізгі экономиканың шикізаттық
емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету,
сонымен катар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орын-
дарын құру болып табылады [4].
Бағдарлама жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жеке сектордағы кәсі-
порындар үшін қаржылық ресурстардың қолжетімділігін арттыру, экономиканың шикізаттық
емес секторларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке сектордың қаража-
тын, бірінші кезекте, банктердің қаражатын тарту, жеке сектордағы кәсіпорындардың, оның
ішінде шағын жене орта бизнестің қаржылық-экономикалық тұрақтылығын жоғарылату тәріз-
ді міндеттерді шешуге бағытталған.
Жалпы алғанда, Бағдарламаны іске асыру иңдустрияландыру үрдісіндегі шағын және орта
бизнестің рөлін күшейтуге, өндеу өнеркесібіндегі еңбек өнімділігін арттыру, шикізаттық емес
экспорттың үлесін арттыруға мүмкіндік жасайды.
Бизнестің жол картасы бағдарламасы жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік сек-
торды сауықтыру, экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау тәрізді үш бағыт бойынша жұ-
мыс жасайды.
Бірінші бағыт бойынша, жаңа жобаларды іске асырушы немесе жаңа жобаларды іске асы-
руды, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұл-
ғайтуға бағытталған жобаларды жоспарлап жүрген кәсіпкерлерге жеңілдік көрсетіледі.
Жаңа жобаларды іске асырушы кәсіпкер:
банк несиесі бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
несие бойынша ішінара кепілдік беру;
өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту, яғни жетіспей тұрған инфра-
құрылым: жолдар, жылумен жабдықтау, су құбырлары, темір жол тұйықтары, телефон орнату,
кіші электр стансалары, электр тарату желілерін жүргізу сияқты көмек түрлеріне қол жеткізе
алады.
Инфрақұрылымды дамыту өнеркәсіптік алаңдар ұйымдастыру шеңберінде іске асырылуы
мүмкін. Бизнесті жүргізуге консалтингтік және маркетингтік, есеп жөне заңдык қызмет көр-
сетулер, жұмыс үрдісін қалыптастыру, өнеркәсіпті басқару, маркетингтік зерттеулер жүргізу
және өзге де сервистік кызмет көрсетулер түрінде көмек жасалады.
Осымен бірге, кадр дайындауға, жастар іс-тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыруға мүмкіндік жасалады.
Екінші бағыт қолданыстағы несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, боры-
шкердің салық берешегін (жеке табыс салығынан бөлек) өтеу бойынша мерзімін шегеру аркы-
лы қаржылай сауықтыруды көздейді.
Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кә-
сіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Бағдарламаға экономиканың басымды шикізаттық емес салаларында бизнеспен айна лы-
сатын немесе өндіретін өнімінің 10 пайызын сыртқа экспорттайтын әрбір кәсіпкер қатыса
алады.
Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттары бойынша кәсіпкер несие беруші банкпен
бірлесе отырып, жергілікті бағдарламаның үйлестірушісіне субсидиялауға немесе ішінара ке-
пілдендіруге өтініш береді. Өтініш өңірлік үйлестіруші комиссияның карауына ұсынылады.
Бірінші бағыт бойынша субсидиялауға 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап несие алатын не-
месе алған кәсіпкерлер қатыса алады. Бір кәсіпкер үшін субсидияланатын несие сомасы бір
жоба шеңберінде 3 млрд теңгеден аспайды.
130
Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға немесе жаңғыртуға
арналған несие шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ несие сомасының 20 пайызынан ас-
пайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін несиелер бой-
ынша кепілдік беру жүзеге асырылмайды.
Қаражат бөлу немесе қайта құруға арналған техникалық-экономикалық негіздеме немесе
бизнес-жоспар негізіңде жүзеге асырылуы тиіс.
Сервистік қызметтер Бағдарламаға енгізілген жобаларды іске асыруды қолдау үшін, сондай-
ақ өңірдің кәсіпкерлігін жалпы қолдау үшін тегін көрсетіледі.
Сервистік қызмет алу үшін кәсіпкер жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушіге және
сервистік қолдау жөніндегі операторға өңірлік үйлестіруші комиссиясы айқындаған тәртіп-
пен өтініш жасайды.
Шағын және орта бизнес инновациялық экономикадан алатын өз орнын жедел іздеуі үшін
өзінің икемділігін, жинақтылығын, рыноктың шынайылығын пайдалануы тиіс. Өз кезегінде
мемлекет кәсіпкерлік ортаның белсенділігін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасап, өзінің
көмегін шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілетті жоғары және елдің ғылыми-техникалық
күш қуатын көтеру көзқарасы тұрғысынан мүмкіндігі зор кәсіпорындарға бағыттауы қажет [5].
Қорытындылай келгенде мемлекеттің шағын және орта бизнесті қаржы – несиелік және
инвестициялық қолдау саясаты келесідей негізгі бағыттарда жүзеге асуы керек:
басым жобаларды конкурстық негізде және жеңіл жағдайда несиелеу;
екінші деңгейдегі банктердің шағын бизнес субьектілеріне ұсынатын несиеге кепілдік
беру жүйесін енгізу және дамыту;
екінші деңгейдегі банктермен біріге отырып, жобаларды ортақ қаржыландыруды жал-
ғастыру;
венчурлық қаржыландыру жүйесін дамыту;
шағын кәсіпкерлікті қолдау процессі кезінде сақтандыру компанияларының белсенді
қатысу.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан Республикасының президенті Н.А. Назарбаевтің 2014 – 17 қаңтардағы Қазақстан
халқына «Қазақстан жолы–2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауы // Егеменді Қазақстан. –
2014. – 17 қаңтар. – 3–4 б.
2 2010–2014 жылдарға арналған «Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» Алматы қаласының шағын
және орта бизнесті тікелей қаржыландыру бағдарламасы.
3 Қантарбаева А.К. Предпринимательство: институционально-эволюционный подход. – Алматы:
Раритет, 2000. – 200 с.
4 Қазақстан және оның аймақтарындағы шағын және орта кәсіпкерлікті даму жағдайы жайлы есеп
«Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры». – Алматы, 2013. – 328 б.
5 Исахова П.Б. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың рөлі // АльПари. –
2005. – № 3. – 144 б.
ӘDEBIETTER TІZІMІ
1 Қazaқstan Respublikasynyң рrezidentі N.A. Nazarbaevtің 2014 – 17 қaңtardaғy Қazaқstan halқyna
«Қazaқstan zholy–2050: Bіr maқsat, bіr mүdde, bіr bolashaқ» zholdauy // Egemendі Қazaқstan. – 2014. –
17 қaңtar. – 3–4 b.
2 2010–2014 zhyldarғa arnalғan «Damu» «Kәsіpkerlіktі damytu қory» Almaty қalasynyң shaғyn zhәne
orta biznestі tіkelej қarzhylandyru baғdarlamasy.
3 Қantarbaeva A.K. Predprinimatel›stvo: institucional›no-jevoljucionnyj podhod. – Almaty: Raritet,
2000. – 200 s.
4 Қazaқstan zhәne onyң ajmaқtaryndaғy shaғyn zhәne orta kәsіpkerlіktі damu zhaғdajy zhajly esep
«Damu» «Kәsіpkerlіktі damytu қory». – Almaty, 2013. – 328 b.
5 Isahova P.B. Orta zhәne shaғyn kәsіpkerlіktі damytudaғy salyқ saludyң rөlі // Al›Pari. – 2005. – № 3. –
144 b.
131
Достарыңызбен бөлісу: |