Резюме
В статье рассмотрены актуальные проблемы сферы услуг в инновационном развитии Казахстана. Не-
обходимо отметить, что эта сфера способствует благоприятному развитию экономических и социальных от-
ношений, так как развитость рынка услуг является одним из важнейших критериев конкурентоспособности
и повышения качества любой страны. Актуальность исследования данной проблемы заключается в том, что
сфера услуг представляет собой одну из самых перспективных, быстроразвивающихся отраслей экономики,
которая охватывает широкое поле деятельности: от туризма, торговли и транспорта до финансирования, стра-
хования и посредничества различного рода. К тому же за последние 5 лет, по данным Агентства РК по ста-
тистике, общий объем оказанных услуг возрос в 1,7 раза. Сегодня проблемы сферы услуг и пути их решения
в республике должны рассматриваться как основа инновационного подхода в развитии. Возрастание роли и
влияния сферы услуг на экономику вызвало необходимость проведения исследований с целью классифика-
ции выявления уровней ее регулирования с учетом инновационных преобразований стратегического разви-
тия отрасли. Авторами были проведены маркетинговые исследования и SWOT-анализ, результаты которых
послужили основой для раскрытия возможностей развития сферы услуг, учета влияния слабых и сильных
сторон предприятия этой отрасли и выработки дальнейшей стратегии ее развития.
Resume
The article describes the current problems of the service sector in the innovative development of Kazakhstan.
It should be noted that this area contributes to the favorable development of economic and social relations, as the
development of the service market is one of the most important criteria of competitiveness and improving the quality
of any country. The relevance of the study of this problem lies in the fact that the service industry is one of the most
promising, high-developing sectors of the economy, which covers a wide field of activities, from tourism, trade and
transport to funding, insurance and mediation of various types. In addition to it, over the past 5 years, according to the
Agency for Statistics the total amount of services rendered increased by 1,7 times.Today problems and their solutions
in this sphere in the country should be considered as the basis of an innovative approach to development. The growing
role and influence of the service sector in the economy has caused the need for research in order to classify and
identify the levels of its regulation with the innovative transformation of the strategic development of the industry.
The authors have conducted market research and SWOT-analysis, the results of which formed the basis for opening
opportunities for the development of services, taking into account the impact of the strengths and weaknesses of the
enterprise of the industry and to develop further its strategies.
15
ӘОЖ 336.71:334.722
Ж.Қ. ШӘРІПОВА,
Қазақ-Орыс халықаралық университеті
бизнес-администрирование докторы, доцент
ҚР ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ
ДАМЫТУДА кОММЕРцИяЛЫҚ БАНкТЕРДІҢ РӨЛІ
Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Соңғы
жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар
әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің
санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім
өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Коммерциялық банктер шағын және орта бизнесті
мемлекеттік қаражаттар есебінен несиелейді. Мемлекет шағын және орта кәсіпкерлікті басым бағыт ретінде
көрсете отырып, оны қолдауға мемлекеттік бюджеттен қаражаттар сомасын бөледі, себебі бұл сектор Қа-
зақстанның көркеюінің және экономикалық өсімінің негізі болып табылады. Шағын және орта бизнесіне
бағытталған қарыз қаражаттар – бұл алға қарай жылжудың, өсудің, ас сортиментті дамытудың, өндірісті
мо дернизациялаудың бір тәсілі болып табылады. Несиелік қаражаттар есебінен шағын және орта бизнесті
дамыту кеңінен таралған тәсілдердің бірі болып саналады. «Бизнес жол картасы–2020» бағдарламасының
басты артықшылығы болып пайыздық қойылымды субсидиялау табылады. Қазіргі кезде Республикада жаңа
ашылған кәсіпорындар ды несиелеудің құралдары мен объектілері әлі де дамымай келеді. Бұл лизингтік,
кейстік несие, франчайзинг, факторинг және басқалары. Осыған байланысты оларды лизингтік несиелер,
сақтандыру, франчайзинг пен факторингті дамыту және қолдаудың басқа дәстүрлі түрлерінің маңызы зор.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі – мемлекеттің қаржы-несиелік және ин вести-
циялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады. Шағын және орта
бизнес республикадағы жұмыс орындарының 65 пайызын құрайды. Шағын және орта бизнесті қолдау ол
әрине нарықтық ортаны қолдау.
Тірек сөздер: экономикалық және саяси даму, кәсіпкерлікті қолдау агенттілігі, несиелеудің құралдары,
инвестициялық климат, несие портфелі.
Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыт-
тарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің
2012 жылғы 14 желтоқсан айындағы «Қазақстан–2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекет-
тің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей шағын және орта
бизнеске қолдау көрсетудің жүйелі іс-қимылдары баяндала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан
әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген [1].
Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бой-
ынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы
бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне
де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы
артып келеді. Шағын және орта бизнестің рөлінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты
жүргізілуі, шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылуы, барлық екінші деңгейлі банктердің
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы, орта жә-
не шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұ-
мыстарына жағдай жасауы және жеңілдіктер беруі көрсетеді.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес
саясаты стагнациялық экономикадан шығудың бір жолы бола алады, өйткені ол жұмыспен қам-
ту және өндірістің жандануы сияқты екі макроэкономикалық мәселелермен байланыстыры-
лады. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі
мүмкін. Соңғы 10 жылдықта көптеген елдердің даму тенденциясы шағын бизнес саласына өту-
мен байланысты. Осы салада бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ре-
сурстарын толығырақ қолдану және инновациялық үрдісті күшейтуге күш жұмсалады. Батыс
елдерінде шағын бизнес тиімді дамуда. Шағын бизнестің тиімділігі ұйымдастырылуының қа-
ра пайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет етуі, яғни нақты
тап сырыстармен сатуға, сондай-ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дә-
режесі болып табылады.
16
Қазіргі уақытта АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, халқының 53% шағын және орта
бизнес саласында жұмыс істейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және
саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шығындарының
өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі
өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін
көрсетіп отыр [2].
Коммерциялық банктер шағын және орта бизнесті мемлекеттік қаражаттар есебінен не-
сиелейді. Мемлекет шағын және орта кәсіпкерлікті басым бағыт ретінде көрсете отырып, оны
қолдауға мемлекеттік бюджеттен қаражаттар сомасын бөледі, себебі бұл сектор Қазақстанның
көркеюінің және экономикалық өсімінің негізі болып табылады. Шағын және орта бизнесіне
бағытталған қарыз қаражаттар – бұл алға қарай жылжудың, өсудің, ассортиментті дамыту-
дың, өндірісті модернизациялаудың бір тәсілі болып табылады. Несиелік қаражаттар есебінен
шағын және орта бизнесті дамыту кеңінен таралған тәсілдердің бірі болып саналады. «Бизнес
жол картасы–2020» бағдарламасының басты артықшылығы болып пайыздық қойылымды
субсидиялау табылады. Осы арқылы, шағын және орта кәсіпорындарда бос ақша қаражаттарын
негізгі қорларды жаңартуға, шығарылатын өнімдердің ассортиментін ұлғайтуға, жаңа жұмыс
орындарын жасақтауға мүмкіндік алды.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі болып қаржы-несиелік және
инвестициялық тұрғыдан қолдау мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерліктің өндірістік секторына жергілікті және
республикалық бюджеттің, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген, мемлекеттік емес сыртқы қа-
рыздардың есебінен, заңдарда белгіленген тәртіппен несие беруі;
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беруді, сондай-ақ несие алған кәсіпкерлердің
міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету үшін, аймақтарда қалыптасатын кепілдік қорлар
есебінен екінші деңгейдегі банктерді ынталандыру тетігін әзірлеу;
тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте аталған мақсатқа қаражат көзделген
жағдайда жобаларды екінші деңгейдегі банктермен қоса бюджеттен қаржыландыру;
қоғамдардың өзара несие беру және өзара сақтандыру қызметін ұйымдастыру тетікте-
рін әзірлеу.
Қазіргі кезде Республикада жаңа ашылған кәсіпорындарды несиелеудің құралдары мен
объектілері әлі де дамымай келеді. Бұл лизингтік, кейстік несие, франчайзинг, факторинг және
басқалары. Осыған байланысты оларды лизингтік несиелер, сақтандыру, франчайзинг пен
факторингті дамыту және қолдаудың басқа дәстүрлі түрлерінің маңызы зор.
Айналым қаражаты мен өтімді кепілдің жетіспеушілігімен ұштасқан бизнестің неғұрлым
күрделі және жауапты кезеңінде тұрған кәсіпкерлерді қолдау мақсатында шағын кәсіпкерлік-
ке несие берудің кепілді жүйесін жасау үшін жағдай жасалады. Осы жүйе несиені өтеу қабі-
летсіздігі жағдайында шығындардың орнын толтыру жолымен несиелік мекемелермен тәуе-
келдерді бөлісуге және өміршең жобаларды жүзеге асыруға ниет білдірген, бірақ жеткілікті
қамтамасыз етілмеген немесе несие беруші банктің талаптарын қанағаттандыра алатын, несие
тарихы жоқ кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бұл мәселе шағын кәсіпкерлерліктің сала-
лық құрылымын жетілдіру, бастапқы капиталды қаржыландыру арқылы перспективалы қайта
өңдеуші өндірістерді дамыту қажеттігіне байланысты ерекше маңызды [3].
Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне:
несиелер беру рәсімдерін және онымен байланысты шығыстарды;
шағын бизнес субъектілері үшін несиелерге қызметтер көрсету төлемдерін азайту
жөніндегі тетіктерді әзірлеу және енгізу;
шағын бизнес кәсіпорындарын оларды жеңілдетілген нысан бойынша жобаның техника-
экономикалық негіздемесімен ауыстыра отырып, несие берілетін іс-шара бойынша бизнес
жоспарларды міндетті түрде ұсынудан босату;
қарыз алушы – шағын бизнес кәсіпорындарының қаржы жағдайын бағалау өлшемдерін,
сондай-ақ несиелерді қамтамасыз ету түрлеріне қойылатын талаптарды жеңілдету жолымен
оңтайландыру қажет болады.
Осылардан көріп отырғанымыздай, шағын бизнестің тиімді әрі ырғақты дамуы үшін мем-
лекет тұрғысынан қаржы-несиелік және инвестициялық қолдаудың қолайлы саясаты ал дыңғы
орынға шығады [4].
17
Шағын бизнестің гүлденуіне еліміздегі инвестициялық климаттың жағдайы тікелей
әсер етеді. Соңғы кезде тәжірибеге енгізілген тура инвестициялар тартудың рөлі зор. Мәсе-
лен, Астана, Алматы, Шымкент, қалаларында жүзеге асырылған тура инвестициялар тар-
тудың тәжірибесі – бұл әдістің өміршеңдігін көрсетті. Кәсіпкерлер форумы кезінде ел
Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деп атап өтті: Кәсіпкерлердің қаржы-несие ресурстарына
қол жеткізуіндегі шектеушілік проблемасы біз қажет еткендей қарқынмен шешіліп отырған
жоқ. Несие алудағы негізгі кедергілер жоғары қарыз пайызы және несиені қайтарудың қысқа
мерзімі болып отыр. Бүгінгі күні коммерциялық банктердің шағын бизнеске берілетін несиелер
бойынша пайыздық ставкалар мөлшері шетел валютасында 16–18% және теңгеде 20–24%-
ға дейін құрайды. Алынған несие ресурстарын игерудің орташа мерзімі шамамен 11–12 ай.
Сондықтан да Елбасы Ұлттық Банк пен Үкіметке шағын бизнес секторын дамытудың арзан
халықаралық бағдарламалық қарыздарына қызмет көрсету кезінде банк маржасының төмен
ставкаларын белгілейтін шараларды, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерді басқа көздерден
несиелеу ставкаларын төмендетуге ынталандыру жөніндегі шараларды талдап жасауды тап-
сырды. «Даму» бағдарламалары бойынша ШОБ субьектілеріне берілген қаржының былай
бөлінгенін байқауға болады: сауда саласына – 45,7%; қызмет көрсету саласына – 24,2%;
өнеркәсіпке – 17,2%; құрылысқа – 5,2%; ауыл шаруашылығына – 5,1%; көлік пен байланысқа –
2,7%. Республикамызда шағын және орта бизнестi қолдау саясаты жоқ деуге болмайды. Қайта
мемлекет тарапынан көптеген заң жүзiндегi қолдаулар көбеюде.
«БТА Банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту
қоры және Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау
бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберіндегі қиын активтер қоры бизнесті
дамытуға несиелер ұсынады. «Даму» қоры аймақтарда басымдыққа ие салалардағы шағын
және орта бизнесті дамытуға бағытталған мақсатты қаржыландырудың ондаған бағдарлама-
сын іске асыруда.
Негізгілер:
аймақтық қаржыландыру бағдарламасы;
«Дамуөндіріс»;
«Бизнестің жол картасы–2020»;
лизингтік мәмілелерді қаржыландыру бағдарламасы;
әйелдер кәсіпкерлігін микронесиелеу бағдарламасы.
Осы бағдарлама пайыздық мөлшерлемені қайта қарап, 8%-ға төмендету жағына өзгертуге
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әйелдер кәсіпкерлігін микронесиелендіру бағдарламасы
жұмыс істейді. Онда қаржыландыру саласына шектеу қойылмай, жылына 14%-дан аспайтын
несие беріледі. Оны төрт банк жүзеге асырады, олар: «ЦентрКредит» АҚ, «Цеснабанк» АҚ,
«Дельта банк» және «Еуразиялық банк». Банкке және үйлестіру кеңесіне өз жобасының
өміршеңдігін дәлелдей алған кәсіпкерлер жылдығы 14% аспайтын несие алуға мүмкіндік
алады. 2009 жылдың 16 ақпан айында «Самұрық-Қазына» қорынан шағын және орта бизнесті
несиелеу үшін екінші деңгейлі банктерге 120 млрд теңге бөлінген болатын. Оның ішінде АҚ
«БТА» 22 млрд, АҚ «Альянс банкке» – 18 млрд тенге, АҚ «Казкоммерцбанк» – 16 млрд тенге, АҚ
«Қазақстаннның Халықтық жинақ банкі» – 11,7 млрд теңге, АҚ «АТФ банкі» – 10 млрд теңге,
АҚ «Банк Центркредит» – 10 млрд теңге, АҚ «Нұрбанк» – 8 млрд теңге, АҚ «Каспи банк» –
6 млрд теңге, АҚ «Сбербанк» – 6 млрд, АҚ « Цесна банк» – 3,3 млрд теңге, АҚ «Еуразиялық
банк» – 3 млрд теңге, АҚ «Астана Финанс Банкі» – 3 млрд теңге бөлінді. Айтып кететін жәйт,
АТФ банкі өз шотынан 10 млрд теңге қаржылап отыр. Барлық мемлекеттік қаражаттармен
қаржыландыру көлемі 20 млрдты құрады. Әрі АҚ «Даму» қорынан 3 млрд «Даму-Қолдау» бө-
лініп, тікелей несиелеу бағдарламасы бойынша іске асырылады [5].
Банктер келесі шарттар бойынша несиелеп отыр:
қарыздар клиенттерге жаңа құралдарға немесе негізгі қүралдарды жаңартуға, айналым
құралдарын толтыруға, әрі бар қарыздарын қайта қаржыландыруға;
неселеу мерзімі – 84 айға дейін;
несенің максималды көлемі 750 млн теңге;
негізгі қарызды қайтаруға жеңілдік уақыты – 12 айға дейін.
18
Банктер алынған қаржылардың 70% бар қарыздарды қайта қаржылауға жіберуіне бола ды,
мысалы егер сіз бұрын жоғары пайызбен қарыз алсаңыз қаразыңызды төмендету үшін енді
оны қайта қаржылай аласыз.
Осының өзі кәсіпкерлік секторды дамытуға оң әсер етіп көпшілігін қолдауға, өз бизнесін
кеңейтуге және жаңа бастаманы іске асыруға мүмкіндік береді.
2012 жылғы 2 шілдедегі жағдайы бойынша Бағдарламаның барлық 3 бағыты бойынша
субсидиялауға жалпы кредит құны 503,06 млрд теңге болатын 1603 жоба мақұлданды.
Сурет 1 – Өңірлер бөлінісінде субсидиялау
Бағдарламаны субсидиялауда мақұлданған жобалардың ең көбін мына облыстарға
жатқызуға болады: Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, облыстары және Алматы қаласы, оларға
шамамен 37,9% (608 жоба) жобалардың үлесі келеді.
Мақұлданған жобалардың ең азы Қызылорда (56 жоба) және Маңғыстау (48 жоба)
облыстарына келеді.
Несиелер бойынша кепілдік беру үшін жалпы құны 14,32 млрд теңге болатын 56 өтінім
мақұлданды. Жалпы кредит құны 10,71 млрд теңге болатын 40 жоба бойынша кепілдік шартына
(бұдан әрі – КШ) қол қойылды.
Қол қойылған КШ ең көбі Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарына келеді.
Сурет 2 – Салалар бойынша Бағдарламаның жобалар құрылымы
Салалық бөліністе жобалардың ең көбі өңдеуші өнеркәсіпте (48,7%) іске асырылады.
Ден саулық сақтау мен әлеуметтік қызметке – 17,9%, көлік және қоймаға жинауға – 12,8%,
ауыл, орман және балық шаруашылығына – 10,3%, білім беруге және тұру және тамақтан-
дыру қызметтеріне – 5,1% келеді.
150
137
101
117
89
72
78
90
68
59
66
50
56
54
54
36
14
13
36
15
12
13
20
9
6
15
12
13
10
5
2
8
2
15
6
2
19
26
4
2
17
13
11
2
4
0
20
40
60
80
100
120
140
160
180
Павлодар
Қарағанды
Алматы қаласы
Ақтөбе
ШҚО
ОҚО
Алматы
БҚО
СҚО
Қостанай
Астана қаласы
Ақмола
Жамбыл
Атырау
Қызылорда
Маңғыстау
1-ші ба
ғыт
2-ба
ғыт
3-ба
ғыт
1,9
3,3
4,3
2,7
8,5
19,6
11,5
8,2
14
23,3
Ауылшаруашылық кешені
Ж еңіл өнеркәсіп және жиһаз
өндіру
Тау-кен өндірісі
Құрылыс мат ериалдарды
және мет алды емес басқа да
минералды өнімдерді өндіру
Мет аллургия, мет алл өңдеу,
машина жасау
Өнеркәсіпт ің басқа
сект орлары
Көлік және жиып қою
Туризм
Білім
Денсаулық сақт ау мен
әлеумет т ік қызмет т ер
19
Қазіргі уақытта инвестицияларын жалпы сомасы 49,01 млрд теңге болатын 263 кәсі по-
рындар үшін құрылыс және өндірістік инфрақұрылымды қайта құру жүзеге асырылуды [6].
Қорытындылай келгенде мемлекеттің шағын және орта бизнесті қаржы – несиелік және
инвестициялық қолдау саясаты келесідей негізгі бағыттарда жүзеге асуы керек:
басым жобаларды конкурстық негізде және жеңіл жағдайда несиелеу;
екінші деңгейдегі банктердің шағын бизнес субьектілеріне ұсынатын несиеге кепілдік
беру жүйесін енгізу және дамыту;
екінші деңгейдегі банктермен біріге отырып, жобаларды ортақ қаржыландыруды жал-
ғастыру;
венчурлық қаржыландыру жүйесін дамыту;
шағын кәсіпкерлікті қолдау процессі кезінде сақтандыру компанияларының белсенді
қатысу.
Қаржы дағдарысы Қазақстан банктерінің несие портфеліне мерзімінде қайтылмаған
қарыздар көлемінің ұлғаюы мен мәселелі активтердің пайда болуына алып келді. Несие үр-
дісін оңтайландыру сапалы несие үрдісінің құрылуына алып келеді. Шағын және орта бизнесті
қолдау ол әрине нарықтық ортаны қолдау. ШОБ үлесі экономикада көбейіп келеді. Қаржыға
сұраныстың көбеюі банк саласына әрине тиімді. Несиелендіруді тиімді жүргізу үшін ең алды-
мен бәсекеге қабілетті өнімнің түрлерін, бизнес үрдісті сауатты құру, қызмет көрсету балама-
сын енгізу, арнайыланған несиетөлеу қасиетін анықтауды пайдалану міндетті.
Жургізіліп жатқан саясаттарға қарамастан бөлінген қаржы әлі күнге дейін экономиканың
нақ ты секторларына жетпей жатыр. Дағдарыстық жағдайға 1,5 жыл болды. Бүгінгі күні үкіметтің
бөліп отырған 1 млрд доллар көлеміндегі қаржысы кәсіпкерлікке қажет қаржының оннан бір
бөлігі ғана, қаржының жоқтығы салдарынан елде жаппай бизнес ошақтары жабылуда. Шағын
және орта бизнес республикадағы жұмыс орындарының 65 пайызын құрайды.
Кәсіпкерлердің айтуынша, елдегі бизнестің бойына қан жүгіртудің өзге де шарттары бар.
Бизнес иелеріне 2 жыл көлемінде салық демалысын беру, мемлекеттік органдар мен ұлттық
ком паниялардың шығынын азайту, бизнес пен билік арасында делдал рөлін атқарып отырған
мемлекеттік институттарды құруды тоқтату, кәсіпкерлерді ретсіз тексеруге жарияланған мо-
раторийдің мерзімін келесі жылға дейін ұзарту шағын және орта бизнесімізді аяғына тұрғызуы
сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жол-
дауы // Егеменді Қазақстан. – 2012. – 14 желтоқсан. – 3–4 б.
2 Сәбден О., Тұрғынбаева А. Шағын бизнес негіздері. – «Фолиант» Баспасы, 2008. – 113 б.
3 Супугалиева Г.И. Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекет тарапынан қаржы-несиелік қол-
дау саясатын жетілдіру. – Ассоциация «Евразиялық экономикалық клуб ғалымдары» бірлестігі.
4 «Егеменді Қазақстан» газеті. – 2013. – 25 маусым. – 3 б.
5 www.damu.kz сайтынан алынған ақпараттар, 2013.
6 Бизнестің жол картасы: www.dkb2020.kz сайтынан алынған ақпараттар.
ӘDEBIETTER TІZІMІ
1 Қazaқstan Respublikasynyң Prezidentі Nұrsұltan Nazarbaevtyң Қazaқstan halқyna zhol dauy //
Egemendі Қazaқstan. – 2012. – 14 zheltoқsan. – 3–4 b.
2 Sәbden O., Tұrғynbaeva A. Shaғyn biznes negіzderі. – «Foliant» Baspasy, 2008. – 113 b.
3 Supugalieva G.I. Shaғyn zhәne orta biznestің damuyn memleket tarapynan қarzhy-nesielіk қol dau
sajasatyn zhetіldіru. – Associacija «Evrazijalyқ jekonomikalyқ klub ғalymdary» bіrlestіgі.
4 «Egemendі Қazaқstan» gazetі. – 2013. – 25 mausym. – 3 b.
5 www.damu.kz sajtynan alynғan aқparattar, 2013.
6 Biznestің zhol kartasy: www.dkb2020.kz sajtynan alynғan aқparattar.
|