Есіл: Мен атаның баласымын- деп төрде отырған атасының алдына
қисая кетті.
Атасы: Ой,өркенің өссін, әне, ата-әжесінің сүт кенжесі сөйтеді.Иә,
Садыр мен Мәдинаға бала қайда?
Көрші: Ертең-ақ ағасы жауды жеңіп келгенде,алдынан жүгіріп
шығар.Оған дейін өзі де дәу жігіт болып ержетер,құлынын жел жетпес
жүйрік болар, - десіп көрші-көлем әңгіме желісін өзіне аударған.
Есіл: Менің ағам батыр болады. Мен де ағамдай ата-әжемді бағамын.
Әкесі Садыр болса қашанғы әдетімен шықшытты қызыл шырайлы
жүзінде еш өзгеріс жоқ,басын изеп,жымия күліп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |