Аққаймақ:Әкешім,әкетайым,мына ағалар не дейді, жалған бәрі,
әке,әке
(бәрі сыртқа шығып кетеді)
V көрініс
Жаңылсын со күні де оттан бір балды суырып ап, ағынан жарылды ма
екен деп терезенің алдына келген-ді. «Шыққыр көзім не көріп тұр?»— деп
қара бауырынан ырсиып қақ тілінген балды әйнектің алдына қайта
ұстай беріп еді, жарғақ құлағы терезені сүйкей-мүйкей біреу өтті. Түсіп!
Жаңылсын балын түсіріп алды. Ашық тұрған есіктен оның жып етіп қалай
кіргеніне де көзі ілесе алмай қалды. Пештің мойындығына келіп сәлем де
жоқ, сауқат та жоқ:
Түсіп: Жаңылсын, мә!— деді.
Сүйретілген қақпа шекпенінің жеңінің аузынан әлдене көгереді. Көк
пакет.
Жаңылсын: Көк пакет тағы да көк пакет.Қаржау айналайыным-ау, екі
ананың үміті...Шайза... Аққаймақ балапаным... Екі әке аманаты (талықсып
құлайды)
Достарыңызбен бөлісу: |