Сырттан Теңге кемпір кіреді: Жаңылсын, саған неболды, не болды
саған (тамырын ұстайды, жүрегің тыңдайды) Түсіп, саған не болды,
жұрттың қайғысынан бақыт табасың ба? Елдегі Китлер сен болдың ғой, қан
жұтқыр, өлтірдің ғой сорлы бейбақты, азаматы Ожанның қайғысын көтере
алмай нардай шөккен әйелге соңғы үміті Қаржаудың қайғысын есту аз жүк
пе?Жоғалт көзіңді ,Түсіп,сенімен бірге қайғы да азаяр....Аққаймақ байғұс
бала ..ол мектепте болар, оған қалай айтамын анасын, сорлап қалды –ау,
кеше әкесі, бүгін анасы, сарыла күткен сүйгені Қаржаудың жаманаты....
(Сырттан адамдар келіп Жаңылсынды көтеріп алып кетеді)
Автор: Қаржауы-анасының тірегі, өзінің өмірдегі сүйіп өтер жалғызы соғыс
бітуге санаулы күндер қалғанда, ерлікпен қаза табады деп ойлап пе еді бұл
жазған?!.. Аққаймақ, осы күндерді ойлағанда, үркек аттай маңайламай
қалады. Сол қасіретті ойымен, ақылымен емес, жүрегімен, жан-тәнімен, бүкіл
болмысымен басынан қайта кешіргендей.Тәніндегі жан жарасын біреу қайта
жаңғыртқандай болады.
VI көрініс
Аққаймақ жалғыз, ой үстінде.....
Қос ана....Қос әке аманаты.... Мен жалғыз .... Жаныма жалау болған
Шәйза анамда жоқ. Мен күткен Қаржау, арманым ба әлде менің бағым
байлар сорым ба? Қаржауым-ау, сенен қара қағаз келгелі, өзімді жер-көкке
сыйғыза алмадым-ау!..
31
Әкемнің күйігінен анам да көз жұмды, анаң да өмірден озды. Екі үйлі
жаннан аңырап, мен жалғыз қалдым. Батысқа қарап, өзіңді күте-күте, үмітім
де үзілді... Бала сүйіп, ана атанып, әйел болу бақыты менің маңдайыма
жазылмаған екен де...
(Екі баласын жетектеп, Тайбағар келеді. Қызының қолында-орындық.
Тайбағардың иығында-қапшық)
Тайбағар: Құлындарым, жетімектерім. Аналарыңның орнын соқыр
әкелерің толтыра ала ма? Менің қол жайып тапқан азғана тиыным сендердің
аш құрсақтарыңды тойдыра алар ма?Көз жастарыңа аналарың да тірі
болмады-ау?!.. Сендерді қайтіп қана ел қатарына қосармын? Сендердің ер
жеткендеріңді де аналарың көре алмады-ау!.. (жылайды)
Зибаш: Жыламашы, әке! Ең болмаса, ең болмаса, сен аман болшы,
әкетай! Соғыстан, әйтеуір, сен аман оралдың ғой.Бір-бірімізге сүйеу болып,
әлі-ақ өмір көшіне ілесіп кетерміз.
Достарыңызбен бөлісу: |