Еділ: Әке, әкетай, жыламашы. Анамыз болмаса да, сен барсың ғой. Сен
жыласаң, біз қайтпекпіз?!
Аққаймақ: Ағасы, апырмай, үніңіз қандай мұңды еді? Өмірден неге
түңілдіңіз?.
Тайбағар: Қарағым, даусыңа қарағанда, иман жүзді адам сияқтысың.
Мен сияқты мүгедекті, екі жетім жетектеген қу соғыстың құрбанын неге
сонша мүсіркедің?!.
Аққаймақ: Ағасы, соғыс өрті шарпымаған шаңырақ бар ма,сірә?! Сіздің
жүрегіңіздегі жараның ізі менде де бар. Тағдырлас екенбіз.
Тайбағар: Қарағым, сенің де жүрегің шерлі екен ғой. Басымның ауған
жағына кетіп бара жатырған сорлымын да.
Аққаймақ: Ағасы, мына кішкентай екі баламен қайда барасыз?!.
Осында қалыңыз.
Тайбағар: Мен сияқты масыл жанды мүсіркегеніңе рахмет, қарағым.
Аққаймақ: Сіз түсінбедіңіз, ағасы. Менің сізді мүсіркегенім емес. Екі
жарты - бір бүтін болайық дегенім ғой. Мен де балаға шөлдеген адаммын.
Менің үйімнен де баланың шат күлкісі есітілсін де.
-
Келе қойыңдар, құлындарым!
Ия, Алла бергеніңе шүкір, үш бейбақ мұңдасып қалғандай бодық қой.
Сендердей балаларым болсын деген тілегім орындалды. Ортайғаным толды
ғой. (көпшілікке қарап)
-
Қаржауым, кешір мені, кеш. Мен сені өмір бойы күтемін деп едім.
Бірақ, мен екеуміздің жаға алмаған отымызды осылайша тұтаттым.
Достарыңызбен бөлісу: |