Қазақстан республикасының


Зибаш,Әділ:Апа,апа жыламаңызшы...  Автор



Pdf көрінісі
бет31/79
Дата31.12.2021
өлшемі2,24 Mb.
#21633
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79
Байланысты:
Үйірменің-бағдарламасы-түзетілген (1)

Зибаш,Әділ:Апа,апа жыламаңызшы... 

Автор: Дөң  үсті  құрғақ  еді.  Ойда  кешелі-бұрын  жауын  болыпты. 

Аспанның  да  жақын  да  ашылған  түрі  бар.  Манадан  беру  шоқы-шоқының 

арасынан қылтиып тұрған шөкім бұлттар түс ауа ыдырап көше бастады. Әлгі 

жылжып  келе  жатырған  көлеңке  бұларға  да  жетті.  Айнала  ап-ашық.  Тек 

бұлардың үстінде ғана бір шөкім бұлт..... 

 



32 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Алтын жұмыртқа»  

(Ертегі) 

 

Баяғыда бір жетім бала болыпты. Ата-ананың мейірімнен ерте айрылған 

баланың  бар  алданышы-түнде  көретін  түстері,  оңаша  қалғанда  қиялға 

берілетін  арманы  екен.  Түсінде  әрқашанда  ат  басындай  алтын  тауып  алып 

жүреді екен. Өңінде сол алтынның қызығын көрер шақты армандайды екен.  

Қабырғасы  қатпай  қатігез  өмір  соққысында  қалған  жетім  бала  байдың 

қозысын  бағады.  Бай  еңбегіне  жылға  бір  тоқты  беремін  деп  келіседі.  Күні 

бойы  қозы  бағып  далада  жүретін  бала    бір  күні  қозыларын  жайып  жатып, 

әдеттегінше арманға беріліп , қызған тастың үстінде жатып маужырап, қалың 

ұйқыға  кетеді.  Қатты  жауынның  даусынан  оянған  бала  қозыларын  таппай 

қалады.Жоғалған  қозылар  үшін  сараң  байдың  аямайтынын  білетін  бала  зар 

еңіреп жылайды.  

«Не  жаздым  тас  маңдайыма,  мейірімді  ата-анамды  алдың,  бүтін  киім 

кимедім,  тойып  тамақ  ішпедім,  жатар  орыным  босаға.  Жоғалған  қозылар 

үшін өмір бойы байға тегін жалшы боламын. Менің қайғымды кім түсінер»- 

деп,көз жасын көлдетеді. Сол кезде бала отырған тастың астынан қара жылан 

шығады. Балаға улы тілімен ысылдап жақындап қалады.  

Жетім бала: «Ажалым осы жыланнан болды ғой, менің еңбегімді жеген 

байға  өле  -өлгенше  қор  болғанша  бүгін-ақ  өлейін  »-деп  ажалына  қасқайып 

қарап  тұра береді. Балаға жақындап келген жыланға тіл бітіпті. 

Жылан: Мен сені білемін. Сенің арманынды да білемін. Сен күнде осы 

жерге келіп, осы тас үстінен жылу табасың. Бұл тас асты-жыландар мекені, 

жылан ордасы. Адамзатқа біздер жүз жылда бір ерекше  тарту жасаймыз. Сол 



33 

 

сыйқырлы сыйды біз саған жасамақпыз. Күнде түсінде көретін ат басындай 



алтынды біз күзетіп жатырмыз. Сен түсің туралы ешкімге айтпадың. Сырға 

беріктігің  ұнады.  Бұл  байлық  саған  керек.  Алтынды  саған  сыйға  тартамыз. 

Қозыларын аман, жаңбырдан қашып ауылға да аман есен жеткен болар. Сен 

енді байға барма,-деп көзден ғайып болады.  

Тас үстінде ат басындай жарқырап алтын жатады. Алтынды орап алып, 

бала қалаға жол тартады. Алтынды айырбастап, үлкен кәсіп ашуды ойлайды. 

Қиялын қамшылап келе жатқан бала қала қақпасының алдына қалай жеткенін 

білмей қалады. Сауданың қызған уақытынында базарға жетеді. Бір дүкеннің 

алдында  жалынышты  «қыт-қыттаған»  дауыс  естиді.Тауықты  мойнынан 

қылғындырып  ойнап  отырған  саудагердің  баласын  көреді.  Еріккен  бай 

баласына :  

-

«Тауығыңды қорлама, оның да жаны бар ғой, керек болмаса маған сат»-



деп қойнына тыққан алтынын береді. 

 

Саудагердің  баласы  алтынды  көріп  қолындағы  тұзағын  балаға  береді. 



Ат  басындай  алтынға  сатып  алған  тауық  жай  тауық  емес  еді.  Бала  базар 

басында күнелтеді, тауығы оған күнде бір алтын жұмыртқа туатын болады. 

Алтын  жұмыртқаны  бала  базарға  апарып  сатады.  Аз  ғана  уақытта  бала 

дәулетті адамға айналады. Жиналған қаражатқа жетім балалар үшін сәулетті 

үй салдырып, базар жағалап қайыр-садақа сұрап жүрген балаларды жинайды. 

Жыланның  сыйлығына  айырбасталған  тауықтың  олжасы  жетім  баланы 

қиялдаған  арманына  жеткізеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет