Қазақстан тарихы билет жауаптары Дариға 1


Қазақ ғылым академиясының құрылуы



бет43/57
Дата02.03.2023
өлшемі430,63 Kb.
#71351
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57
Қазақ ғылым академиясының құрылуы
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы (ҚР ҰҒА) құрамына Қазақстанның ең алдыңғы қатарлы ғалымдары – Академияның толық мүшелері (академиктер) және корреспондент-мүшелері кіретін республикалық қоғамдық бірлестік болып табылады. ҚР ҰҒА құрамында 236 мүше (160 – академик және 76 – корреспондент-мүшелері), 17 шетелдік және 110 құрметті мүшесі, 41 ұжымдық мүшелері, 23 – ҚР ҰҒА профессоры бар.

ҚазКСР Ғылым Академиясы 1946 жылдың 1 маусымында құрылған және Республика ғылымының басты орталығы, Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестірушісі болып саналады. Республиканың Ұлттық ғылым академиясы алғашқы құрылған жылдарынан бастап бай табиғи ресурстарды игеру бойынша күрделі зерттеулерді жандандырып, еліміздің өңдіріс күштерінің дамуына, қазақстандық қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуының маңызды мәселелерінің шешілуіне үлкен үлес қосты.

ҒА тұңғыш президенті (1946-1952, 1955-1964 жж.) болып КСРО ҒА академигі, ҚазКСР ҒА академигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, әлемге танымал ғалым, қазақстандық геология мектебінің негізін салушы, ҚазКСР Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері – Сәтбаев Қаныш Имантайұлы сайланды. Қазақстанда ғылыми қызметкерлер күні Қ.И. Сәтбаевтың туған күніне орай 12 сәуірге белгіленген.

Одан кейінгі жылдары Ғылым академиясының президенттері болып ғалым-кенші, академик Д.А. Қонаев, ғалым-энергетик, академик Ш.Ч. Чокин, ғалым-геолог, академик, Ленин сыйлығының иегері Ш.Е. Есенов, ғалым-металлург, КСРО мен ҚазКСР ҒА-ның академигі, КСРО мен ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының иегері А.М. Қонаев, ғалым-биолог, Ленин сыйлығының иегері М.Ә. Айтқожин, ғалым-математик, КСРО мен ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ө.М. Сұлтанғазин, ғалым-экономист, академик К.Ә. Сағадиев, ғалым-ядрошы, ф.-м.ғ.д., проф. В.С. Школьник, ғалым-биолог Н.Ә. Айтқожина, ғалым-геолог, академик С.Ж. Дәукеев, ғалым-химик, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері М.Ж. Жұрынов сайланған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2003 ж. ҚР ҰҒА «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі мәртебесі берілді. 2003 жылдың 30 қазан күнінен конкурс бойынша баламалы негізде ҚР ҰҒА президенті болып, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, хим. Ғылымдарының докторы, проф., ҚР ҰҒА академигі Жұрынов М.Ж. сайланды. Кейін ол осы қызметке конкурс бойынша үш рет қайта сайланды (2008, 2013, 2018 жж.). 2015 жылдың 29 маусымында Халықаралық түркі академиясы Астана қаласында Одақтың алғашқы құрылтай сессиясын өткізді. Оның барысында Түркі әлемінің мемлекет басшылары шешімімен Түркі әлемінің Ұлттық ғылым академиялары Одағын құру туралы құжатқа қол қойылып, Одақтың тұңғыш президенті – ҚР ҰҒА президенті, академик М. Жұрынов сайланды. Сонымен қатар, 2018 жылы Пекин қаласында (Қытай) Қытай Ғылым академиясының базасында Ұлттық Ғылым академияларының және ғылыми ұйымдардың Альянсы (ANSO) құрылды. М. Жұрынов ANSO Басқарушы кеңесінің құрамына кірді. Бұл оның жоғары беделі мен шетелдік ғалымдардың оған және қазақстандық ғылымға деген құрметін көрсетеді. ҚР ҰҒА Президенті ҚР БҒМ Алқасының мүшесі және ҚР Үкіметі жанындағы ЖҒТК мүшесі, 2011 жылдан 2013 жылға дейін ғылым жөніндегі ҚР Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы республика ғылымы дамуының басым бағыттарын анықтауға қатысады, Елбасына ғылым бойынша жылсайынғы Ұлттық баяндаманы дайындайды, академиялық ғылыми журналдар мен т.б. басылымдар шығару арқылы ғылыми жетістіктерді насихаттайды, ғылым мен техника саласында симпозиумдар мен көрмелерге және мемлекеттік сыйлық үшін конкурстарға қатысады, халықаралық ғылыми ынтымақтастық пен инновациялық қызметтердің дамуына атсалысады, іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми сараптама жүргізуге қатысады.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау үшін ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ҚР ҰҒА жанынан ғылыми-білім беру қызметіне, ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған конкурстардың нәтижелеріне және ғылыми жұмыстарды практикада жүзеге асыру үрдісіне этикалық сараптама жүргізу мақсатында әрекет ететін Этика жөніндегі кеңес құрылды.
2004 жылы еліміздегі ірі ұлттық университеттердің негізінде ҚР ҰҒА төмендегі Ғылым бөлімшелері жаңадан ұйымдастырылды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет