Қазақстан тарихы билет жауаптары Дариға 1



бет45/57
Дата02.03.2023
өлшемі430,63 Kb.
#71351
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




Депортация (лат. deportatio - шығару) — мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.

1941-1945 жылдардағы Сталиндік кезеңнің жекелеген ұлттар үшін жасалған өрескел зардабы-халықтар депортациясы еді. Тарихи деректерге сүйенсек,поляк еврей,шешен-ингуш,немістерді күштеп атамекенінен көшіру жоспарлы және түрде іске асырылды.


Социалистік заманда Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ.
Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар — сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.
Депортация латынша deportatio — «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Ал шетел тіліне енген сөздер сөздігінде «депортация» — қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген.
1920—1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру — сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 млн адамға жетті. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көші-қондардың төмендегідей түрлері қолданылды:

  • этностың белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар»«шекараларды тазалау»«сенімсіз халықтар»).

  • әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендерді арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы) деп атады.

  • саяси мүдде негізіндегі 1934—1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.

Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды. Оларды үш санатқа бөлді. Солардың ішінен екінші санатқа жататындарды КСРО- ның алыс аудандарына жер аудару көзделді. Жоспарлы түрде әкімшілік күшпен алып келіп қоныстандырудың мұндай ауқымы этностардың гендік қорына нұқсан келтірді, миллиондаған шаруалар ұжымдастыру жылдарында аштан қырылды. Жаппай ату жазаларына ұшырады және лагерь капастарына қамалды.
Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Орталық қаратопырақты және Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932—1933 жылдары мыңдаған адамдар жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды. Осылайша халықтарды күштеп көшіру соғысқа дейінгі кезеңде басталып, әр түрлі әлеуметтік топтар мен сословиелерді, этностық топтарды КСРО-ның орталық аудандарынан 20—30-жылдары Қазақстан, Орал, Орталық Азия, Сібір, Қиыр Шығысқа жаппай көшіріп-қондыру қызу жүргізіліп жатты.
Кулак деп аталған миллиондаған таңдаулы шаруалардың көзін құртқан этнодемографиялық дағдарыс халықтарға зор зиянын тигізді. Қазақстанда ұжымдастыру науқаны кезінде жер аударылған кулактардан тұратын арнайы көшірілгендердің 100-ге тарта қоныстары болды. Олар арнайы комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, металл өндірісі, темір жол мен электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) құрылыс объектілерінде, мақта өсіру, қызылша, қант өндірістерінде және т.б. жұмыс күші ретінде пайдаланылды.
Арнайы қоныс аударылғандардың азаматтық құқығы сақталды, қоныстанған әкімшілік аудан көлемінде жүріп-тұруына рұксат етілді. Бірақ қоныстанған жерінен кетуге құқығы болмады. Олардың тұрмыстық-шаруашылық мәселелерін шешу НКВД-ның, ГУЛАГ басшыларына жүктелді.
1930 жылдардың ортасында жаппай саяси қуғын-сүргіннің тереңдеуіне Сталиннің «Троцкий-Зиновьев» топтарымен және оңшыл оппортунистермен күресі түрткі болды. Орталықтағы болып жатқан бұл оқиғалар ұлт республикасында, өлкелерде тұрғындарды жаппай саяси кудалауға жол ашып берді. Осы үлгімен мұнда да «халық жауларын» — «ұлтшыл-фашистерді» әшкерелеу қолдан ұйымдастырылды. Елде сталиндік жаппай қуғын-сүргіннің кең етек алуына негіз қаланды.
1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.
Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. Ал 1937—1938 жылдары немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді.
Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939—1940 жылдары Гитлер армиясының Полынаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940—1941 жылдары поляктардың осы бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. Дегенмен 1936 жылғы көшірілгендер мен 1940—1941 жылдары көшірілген поляк азаматтарының құқық жағынан айырмашылықтары болды. Соңғы келгендер «поляк осадниктері мен босқындары» ретінде өмір сүрді. Кеңес үкіметі КСРО аумағына келген поляктардан армия құрып, гитлерлік Германияға қарсы қою жағын да ойластырған еді. 1940—1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. Поляк-кеңес пактісіне қол қойылғаннан кейін олардың көп бөлігі Владислав Андерс бастаған поляк армиясының қатарында өскери қимылдарға қатысты. Андерс армиясына енгісі келмегендердің бір бөлігі Қазақстан аумағында қалды. Соғыстан кейін олардың көпшілігі еліне қайтқанымен, 30-жылдарда депортацияланған бөлігі қалып қойды.
80. Қазақстанға корейлерді депортациялау: тарихы және тағдырлары.

Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір белсенді бөлігін 1935—1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. Жалпы, жаппай көшіріп-қоныстандыру екі кезеңнен түрды. Оның алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін созылды. жылдың қыркүйек айының соңынан бастап алғашқы эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Жапон «шпионы» деп жала жабылған корейліктерді қазақтар жанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты халдеріне түсіністікпен қарады, құшағын жайып қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын беруден тайынған жоқ.


1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге орналасқандықтан, тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару корей халқын өзінің тарихи отаны — Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білім, тіл, мәдениет саласында орны толмайтын шығынға үшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық корей тіліндегі мектептер, Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы корей педагогикалық институты жабылды, корей тіліндегі оқулықтар жойылды.
70 корей ұжымшарлары республиканың 8 облысында — Қызылордада, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық кәсіпшілігімен жөне ауыл шаруашылығымен айналысты.

81. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарын депортациялау: тарихы және тағдырлары. . Солтүстік Кавказ халықтарын күшпен қоныс аудару қорытындыларына жүгінсек, 1944 жылдың ақпан-наурыз айларында Қазақстанға және Қырғызстанға барлығы 602193 адам қоныс аударылғанын, оның ішінде шешендер мен ингуштердің 496460 адам, қарашайлардың 68327, балқарлардың 37406 адам екенін байқаймыз. Олардың негізгі бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. Осындай тағдырды Ақысқа түріктеріде бастарынан өткерді. Ғасырлар бойы өмір сүрген тарихи Отаны Оңтүстік Грузияда, әсіресе оның батыс бөлігі – Месхетияда түріктер 220 ауылда шоғырлана өмір сүрді. Олар жеке ауыл болып та, грузиндермен, армяндармен араласып та тіршілік ететін. Ақысқа түріктері – бөтен түріктер емес, Анатолия түріктерінің түрлі тарихи-географиялық жағдайларға байланысты сыртта қалыптасқан тармағы болатын. Ал жалпы, Ақысқа – Оңтүстік Грузиядағы бес ауданның ең ірісі – Ахалцехенің түрікше айтылу формасы. Бұл өңір осы ауданның атымен «Ақысқа» өңірі деп атайды. Өткен ғасырдың 20-30 жылдарында Ақысқа түріктеріне қарсы қорлау, ұлттық беделі мен абыройын аяққа таптау шаралары жүзеге асырыла бастады. Күштеп олардың аты жөндерін, тіпті, ұлтын өзгертіп жаздырған жағдайларда көптеп орын алды. 1937-1938 жылдары Ақысқа түріктерінің зиялылары қаумын құртып жіберді. 1944 жылғы 14 қарашада екі сағаттың ішінде өз Отандарынан күштеп Қазақстан мен Орта Азияға жер аударылды. Осы сәтте Ақысқа түріктерінің жалпы саны 110000 болған. Суықтан, мал таситын вагондарындағы жайсыздықтан, аштықтан, медициналық көмектің болмауынан, екі айға созылған жол жүру мерзімі ішінде Қазақстан мен Орта Азияға жеткенше аз ғана халықтың тағы да 20 мыңдайы опат болды. Өлкеге депортацияланғандардың жағдайы өте ауыр болды: өмір сүру талаптары, ауыр еңбек, әртүрлі инфекциялар, азық түліктің жетіспеуі т.с.с. яғни, күштеп көшіріп жат жерлерге орналастыру – террорлық сипатта жүргізілді.


82 билет.РКП(б) 10 съезі және И.Сталиннің жеке басқа табынуын сынау


РКП(б) ның 10 съезі.
РКП(б)- ның 10 съезінде 1921 жылы наурыз айында Жаңа экономикалық саясат қабылданды,яғни «Әскери коммунизм» саясатынан осы ЖЭС-қа көшуді жөн көрді.ЖЭС - Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет болып табылады.
Жаңа экономикалық саясаттың мәні-салғыртты салықпен ауыстыру болды.
Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия
конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа
экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды.
1956 жылы 14 ақпанда Мәскеуде КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комите- тінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін эшкерелеп, талдау жасауға тырысты. "Жеке басқа табынушылық жэне оның салдары" туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісіне көтеріліп, съезд өткен соң, жар­ты жылдан кейін, 30 маусымында "Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою" жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің XX съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу" туралы баяндамасының толық мэтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді.
Тарихта "жылымық" деп аталып жүрген 1954—1964 жыл­дары біршама басшылықтың үжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған шаралар біршама ой еркіндігін туғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерьлерден босатылып, партияның кейбір қайраткерлері ақталды. 1930—1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953—1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, ¥лы Отан соғысы жылдары жау басып алған аумақтарда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мүқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрущев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз сотталған адамдар түрмелерде қалды. Тарихи шындық ақтаңдақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жүмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және тағы басқа алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. ¥лттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау жэне тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді.

83билет.Н.С.Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасы және оның үстірт сипаты.
1953-1964 жылдар тарихта шартты түрде «Хрущев жылымылығы» деп аталады. Сталин қайтыс болғаннан кейін билікке келген Н.Хрущев КСРО экономикасын ілгері дамыту жоспарымен тағы бірқатар реформалар жасауға әрекеттенді. Соғыстан кейінгі астық жетіспеушілігін жою үшін 1954 жылы наурыз айында КОКП ОК Пленумында тың және тынайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды. Егін егетін жер көлемін ұлғайтып астық өнімін көтеруге тапсырылды. Бұл шаруашылық пен азық-түлік дағдарысын шешудегі экстенсивті жолы болды. Астық өндіруді арттыру мақсатында 25 млн. гектар жер жыртылды, оның 9 млн. эррозияға ұшырап жарамсыз болып қалды. Тың игеру жылдары республикаға КСРО еуропалық бөлігінен «қажетті мамандардың» 2 млн. адам жаппай қоныс аударды. Нәтижесінде елдегі демографиялық жағдай одан әрі күрделенді. Қазақтардың үлес салмағы өз елінде 30 % -ға дейін төмендеп кетті.
1957 жылы шаруашылық реформасы бойынша экономиканы басқаруда аймақтық принципке негізделген халық шаруашылық кеңестері құрылды. Қазақстан 9 аймақтық халық шаруашылық кеңеске бөлінді. Елімізде 730 өнеркәсіп орындары іске қосылып жұмыс істеп тұрды. Қарағанды (1953 ж.), Шымкент (1958 ж.) және Семей (1958 ж.) цемент зауыттары, Жезқазған мыс байыту фабрикасы (1954 ж.), Шымкент гидролиз зауыты (1959 ж.) т.б. Халық шаруашылығын дамытудағы 1957 жылғы реформа сәтсіз болды.
Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды.
1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара арасындағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы” аты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бұрмалағаны үшін” және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, ұлт мәселесін көтерушілермен күресті жандандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде көтеру мәселесі өте маңызды болды.
1957 жылы сол кездегi Кеңес Одағында бiрiншi басшы болған Н.Хрущев шаруашылық реформа енгiздi. Реформаның басты мақсаты бiр орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйенi өзгертiп экономиканы басқаруды жергiлiктi органдардың қолына беру болды. Халық арасында Хрущевтың атымен аталған бұл реформа бойынша экономиканы басқаруды жергiлiктi жерлердiң қолына беру мақсатымен экономика саласы бойынша құрылған министрлiктердi, мемлекеттiк жоспарлау комиссиясын таратып жергiлiктi жерлерде административтiк-экономикалық райондар құрылды. Бұл райондарда экономиканы басқаратын халық шаруашылық кеңестерi /совнархоз/ құрылды. Совнархоздардың қолына сол райондағы барлық шаруашылық объектiлерi берiлдi. Совнархоздар өз қарамағындағы шаруашылықтардың өнiм өндiру, оны сату мәселесiн өздерi шешетiн болды.
Қазақстанда облыстардың орнына 9 экономикалық-әкiмшiлiк район орнады. Бұл шараның нәтижесiнде шаруашлықты басқару жергiлiктi жердiң қолына өттi. Бүл әрбiр кәсiпорынның, әрбiр районның экономикалық ынтықтығын арттыруға, сөйтiп ел экономикасын дамытуға мол мүмкiндiк ашты. Осы реформаның нәтижесiнде 5-6 бесжылдық жоспар толық орындалды. 1964 жылы үкiмет басына келген Брежнев 1957 жылғы реформаны тоқтатып бiр орталықтан басқаратын жоспарлы экономикалық жүйенi қалпына келтiрдi. Бұл Кеңес Одағында экономикалық тоқыраудың басталуына әкеп соқты. Мұны сезген Кеңес Одағының Министрлер Кеңесiнiң төрағасы Н.Косыгин 1967 жылы жаңа реформа енгiздi. Ол жоспарлы экономика мен нарықтық экономиканың артықшылығын ұштастырып ел экономикасын тоқыраудан құтқаруды көздедi. Дегенмен Косыгин реформасы нәтиже бермедi де ұзамай тоқтатылды.
Соғыстан кейінгі жылдары Кеңес Одағының, соның iшiнде Қазақстанның ауыл шаруашылығының артта қалуы 50-жылдардың басында, әсiресе, егiншiлiк саласында ерекше сезiле бастады. Кеңес Одағы өз астығымен қажеттiгiн қамтамасыз ете алмады. 1953 жылы одақ бойынша 31 млн. тонна астық өндiрiлдi, ал елдiң қажеттiгi 32 млн. тонна болды. Жетпегенiн шет елден сатып алды. Кең байтақ, құнарлы жерi бар Кеңес Одағындағы мұндай хал ахуалдың себебi, шешу жолы күрделi едi. СОКП бұл мәселенi тың игеру жолымен шешпек болды.
1954 жылы көктемде болған СОКП Орталық Комитетiнiң пленумы Қазақстан, Сiбiр, Едiл бойы, Солтүстiк Кавказда 1954-1955 жылдары 13 млн. гектар тың жер игеру «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы шешiм қабылдады. Кейiн бұл меже 30 млн гектарға көтерiлдi. Тың жер игеруде Қазақстанның үлесi зор болды.
Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесін шешудің теориялық тұрғыда екі бағыты болды:

  1. Интенсивтік бағыт – экономиканы ретеудің нарықтық қатнасына көшу. Бірақ та бұл социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Одағында тың игеруге дейінгі астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бұл өнім бүкіл игерілген тың жерлердің өнімімен пара-пар болар еді.


  2. Экстенсивтік бағыт – астық өнімін жаңа жерлерін жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады.




Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осылайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі көп жайтты аңғартып тұрса керек: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кантемировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың және тыңайған жер, Оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шаққанда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тәжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын.
Тың игерудің негізгі қорытындысы – ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың әлеуметтік институттарының жойылып кетуі қаупі туды.
1962 жылы Н.Хрущевтың бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді.
Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан астам мал басы болды.
1956 жылы бүкiл одақ бойынша 29,7 млн. гектар жер жыртылды, соның 18 млн-ны Қазақстанның үлесiне тидi. Тың жер Қазақстанның солтүстiк бес облысында игерiлдi. Тың жер игеру Қазақстан үшiн де, одақ үшiн де өз нәтижесiн бердi. Тың жер игерудiң нәтижесiнде Қазақстанда егiншiлiк жердiң көлемi 36 млн. гектарға жеттi. Бұл одақтағы егiстiктiң 16%-не тең едi. Кеңес Одағының халқының 6 %-ын құрайтын Қазақстан бидайдың 20%ын, еттiң 10%-ын, жоғары сортты қатты бидайдың 60%-ын өндiретiн болды. Ауыл шаруашылығы жерiнiң әр адамға тиетiн орташа мөлшерi жөнiнен Қазақстан дүние жүзiнде бiрiншi орынға шықты, мұнда әр адамға 14 га жер келетiн болды. Қазақстан Одақ қоймасына 6 рет млрд пұт астық құйды. Тың игеруге жұмсалған қаржы 1977 жылы өтелдi. Тың игерудiң экономика, әлеуметтiк салаға тигiзген салдары да болды. Тың игеру Кеңес Одағында, соның iшiнде Қазақстанда экономика саласында белгiлi нәтиже бергенiмен оның зардаптары да аз болған жоқ.Тың жер игеру шұғыл, асығыс жүргiзiлдi. Егiстiкке жарамсыз жерлер жыртылды, мал жайылымы азайып, мал шаруашылығына зыян әкелдi. Осының салдарынан игерiлген жерлердiң бiразы қуаңшылыққа айналды, көптеген өзен, көлдер жойылып кеттi. 50-жылдарының ақырында Қазақстанда 9 млн. га жер эрозияға ұшырады.
Сонымен «Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан, ХХ съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік және субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту әрекетімен тарихта қалды.
Тың игеру Қазақстанның ұлттық-этникалық бейнесiнiң өзгеруiне әсер еттi. Тың игеру кезiнде Қазақстанннан тыс жерде өмiр сүрiп отырған қазақтарды келтiру мүмкiндiгi туды, қазақ зиялылары сондай пiкiр де көтердi, бiрақ бұл пiкiр ескерiлмедi. Қазақстанға тың игеруге 1,3 млн басқа ұлттың адамдары келдi. Орталықтан 25 мың басшы қызметкер, 1,5 мың мұғалiм келдi. Олар жергiлiктi кадрларды ығыстырды. Жергiлiктi жерлердегi қазақ мектептер жабылды, мектептер жаппай орыс тiлiнде оқытты. Қазақ тiлiндегi газеттер жаппай жабылды. Мұндай көрiнiстерге интернационализм мен ұлттар достығының белгiсi, Қазақстан ұлттар достығының лабораториясына айналды деген лепiрме баға берiлдi. Осылардың салдарынан қазақ халқы өз республикасында азшылыққа айналды. 1959 жылғы санақта республика халқындағы қазақтардың үлес салмағы /табиғи өсуi жоғары болса да/ 8% кемiп, 30 пайызға түсiп қалды. Басқа ұлт өкiлдерiнiң үлес салмағы артты. Солтүстiк облыстардағы қазақтардың үлес салмағы республикалық орташадан көп төмен болды. Жер су, қала, қыстақ аттары орысшаланды. Аталмыш жағдайлар Қазақстан тәуелсiздiкке қол жеткiзген соң ғана оңала бастады.


84 билет.Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарындағы Қазақстан.Нәтижелері мен зардаптары.Этно-демографиялық салдары.

1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді рдан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.


Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.
1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).
2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.
5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.
6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.
7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.
9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.
10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет