Қазақстан тарихы бойынша түсіндірме жазба


Қазақстан Республикасындағы 14 облысты карта бойынша көрсетіңіз



бет25/93
Дата17.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#25739
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   93
Байланысты:
o aza stan-tarikhy -2018

3.Қазақстан Республикасындағы 14 облысты карта бойынша көрсетіңіз.

1.Алматы облысы, 2.Жамбыл облысы,3. Оңтүстік Қазақстан облысы, 4. Қызылорда облысы, 5.Ақтөбе облысы, 6. Атырау облысы, 7. Маңғыстау облысы, 8. Батыс Қазақстан облысы, 9.Ақмола облысы, 10. Солтүстік Қазақстан облысы, 11.Қарағанды облысы, 12. Павлодар облысы, 13. Қостанай облысы, 14.Шығыс Қазақстан облысы


6 - Билет

1. Жетісудың сақ дәуіріндегі археологиялық ескерткіштері.

2. Тарихи тұлға Абылай ханға баға беріңіз.

3.Тәуелсіз Қазақстан Республикасымен шектесетін мемлекеттерді карта бойынша көрсетіңіз.

Жауаптары:

1. Жетісудың сақ дәуіріндегі археологиялық ескерткіштері.

Жетісудың сақ дәуіріндегі археологиялық ескерткіштеріне Бесшатыр қорымы және Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан. Бұл қорым үлкен, орташа және шағын 31 обадан тұрады. Бесшатыр обалары солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 километр, ал шығыстан батысқа қарай 1 километр аймақты алып жатыр.Үлкен Бесшатыр обасын ғалымдар «патша» қорғандары деп атайды. Өйткені бұл обаларды патша сияқты ең беделді, ең даңқты адамдар жерленген. Обаны үйер алдында оның табанына жалпақ тастардан бірнеше қабат тас төсеніп төселген. Тас жамылғының үстіне топырақ және қиыршықтастардан оба үйілген. Сағана жер бетіне орнатылған. Сағананың қабырғасы бөренеден қиып салынған.Бесшатыр сағанасы бірнеше бөліктен тұрады: дәлсіз (дромос), қабір алдына кірер ауыз және жерлеу бөлмесі.Бесшатыр обасынан семсер – ақинақтар, қола ұшты жебелер, темір пышақтар, шаш түйірегіштер, ақық моншақтар табылған. Осы заттарға талдау жасап, Бесшатырды б.з.б. V-ІV ғасырларға жатады деп айтуға болады.Алматының күншығыс жағында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайындағы жазықта 40-тан астам оба орналасқан. Соның ішінде «Есік обасы» да бар. Оны 1969 жылы археолог-ғалым К.Ақышев тапқан. «Есік обасы» б.з.б. V-ІV ғасырлармен мерзімделді. Оның диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр. Үйілген топырақ құрылымы айқын емес, бірақ көп қабаттан тұратыны байқалады.Малтатас қабаты қиыршық-сазды қабатпен ауысып отырған. Үйінді орталық және бүйірдегі екі қабірден тұрады. Орталық қабір бірнеше рет тоналған. Ал бүйірдегі қабір тонауға ұшырамай, сол күйінде сақталған.Қабір қарағайдан қиып, қиюластырып салынған төртбұрышты кішкене ағаш үй сияқты. Еденіне бір-бірімен қиюластырылған тақтай төселген. Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, еденге әр жеріне уақ алтын түймеше, қаптырмалар тігілген үлкен мата төселген. Содан соң сол төсеніштің үстіне киімі басынан аяғына дейін алтын түймешелер, қаптырмалармен апталған мәйіт жатқызылған. Мәйіт қаруымен жерленген. Оң жағына, бел тұсына ағаш қыны бар семсер қойған. Беліндегі белдікке ағаш қынды қанжар – ақинақ ілінген. Белдік аң, жануар бейнелері салынған алтын қаптырмалармен әшекейленген. Мәйіттің сол жағында алтын ұшты жебе, одан жоғарырақ сабы жалпақ алтын таспамен бунақталған оралған қамшы, шағын жібек қоржын жатыр. қабірдің ішінен басқа да көп алтын түймешелер, алтынмен апталған қола тегенелер табылды. Жалпы әшекей бұйымдарың саны 4000-нан астам.Қабірден қыштан, ағаштан, металдан жасалған ыдыстар табылды. Арасынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша шықты. Бұл жазудың сырын ғалымдар әзірге аша алмай отыр. Б.Ақышевтің пікірінше, бұл сақтардың өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейді.Сақтың киімі алтын тоғалар мен жапырақшалар, жылқы, барыс, тауешкі, құс күйіндегі және қиял-ғажайып мүсіндерімен әшекейленген. Киімі күн көзі мен ай жарығында жарқ-жұрқ ететін сауытқа ұқсайды.Антропологтардың анықтауынша, Есік обасында жерленген адам – 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы. Есік қорғанынан табылған алтын бұйымдардың молдығына қарап, бұл мәйіт «Алтын киімді адам» деп аталады. «Алтын киімді адам» сақ мәдениетінің бірегей үлгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет