«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы «Қазақстан тарихы» пәні презентация


–1930 жылдардағы Қазақстандағы сауатсыздыққа қарсы күрес



бет2/8
Дата29.11.2022
өлшемі2,22 Mb.
#53596
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
тарих срс 4

1920–1930 жылдардағы Қазақстандағы сауатсыздыққа қарсы күрес:

Большевиктер билікке келген алғашқы күндерінен бастап жаппай сауатсыздықты жою үшін күрес жүргізуге кірісті.

Кеңес үкіметінің жергілікті билік органдары Азамат соғысы жағдайында мүмкіндігінше мектептер ашты. Халықты ағарту арқылы большевиктер өздерінің идеологиясын сіңіруді және қарапайым адамдардың сеніміне кіруді көздеді.

1918 жылы шілдеде Түркістан АКСР-інде Халық ағарту комиссариаты (Наркомпрос), ал бұған дейін Қырғыз революциялық комитетінде мектеп бөлімі ашылған еді. 1919 жылы желтоқсанда В.И. Ленин «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декретке қол қойды.

1920 жылдан бастап большевиктер Лениннің тапсырмаларын жүзеге асыра отырып, барлық жерде сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссиялар құруға кірісті.

Олар хат танымайтындарды есепке алуды, мұғалім кадрларын даярлау, мектептер мен қысқа мерзімді курстар ұйымдастырумен айналысты. Курстарда оқу мен жазуды үйретумен шектелмей, табиғаттану, бухгалтерлік есеп, ән сабағы, сурет салу т.б. пәндерді оқытты.

Белгілі бір дәрежеде идеология мәселесі де қатар жүргізілді. Осы мақсатта кеңестік билік органдары Алаш қайраткерлері мен халық ағартушыларын тартты. Мысалы, 1919 жылы Ақмола облысының Омбы уезінде ағарту курстарында жұмыс істеуге қоғамның сауатты азаматтары Мағжан Жұмабаев, Қошке Кемеңгеров, Әміре Исин шақырылды.

Сауатсыздықты жою

Сауатсыздықты жоюдың көшпелі пункттері, әйелдер арасындағы сауатсыздықты жою үшін қызыл отаулар, коммуна мектептері, мектеп-интернаттар, рабфактар (жұмысшы факультеттері) құрыла бастады.

Қазақстанда сауатсыздықты жою науқаны барысында көптеген кедергілер кездесті:

1)Қаражаттың жетіспеушілігі

2)Мектеп

3)Үй-жайы

4)Оқулықтар

5)Тәжірибелі мұғалімдер тапшылығы.

Сауат ашу курсы

Осыған байланысты А. Байтұрсынұлы жаңадан ашылып

жатқан мектептерге 20 мың мұғалім керек екенін айтты. Ал бөлінген қаржы көлемі 2616 мұғалім мен кітапханашылардың жалақысына ғана жететін еді. Сондықтан ол жергілікті билік органдарын мектептерді өз бетінше ашуға, оларды ұстауға өз қаражаттарын жұмсауға шақырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет