«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы «Қазақстан тарихы» пәні презентация


ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы арнаулы орта және жоғары білім



бет6/8
Дата29.11.2022
өлшемі2,22 Mb.
#53596
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
тарих срс 4

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы арнаулы орта және жоғары білім

Большевиктер билікке келгеннен кейін республикада жоғары оқу орындары мен техникумдар ашыла бастады.

Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы жылдары жоғары білімі бар білікті кадрлар жетіспеді.

С. Сейфуллин алғашқылардың бірі болып педагогикалық оқу орындарын дамытуға, студенттердің тұрмыс жағдайына ұдайы назар аударып отырды. Оның тікелей қатысуымен ҚазАКСР Халық Комиссарлары Кеңесі 1140 мемлекеттік стипендияны қазақ жастары үшін белгіледі.

Республика Халық Комиссарлары Кеңесі қазақ мектептері үшін мұғалімдер даярлайтын Қазақстандағы бірден-бір жоғары оқу орны Орынбор қаласындағы Халыққа білім беру институтын қамқорлыққа алу жөнінде қаулы қабылдады. Қазақстан үкіметі шешімімен ана тілінде оқулықтар шығару үшін 25 мың сом бөлінді.

1928 жылы Қазақстанда алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогикалық институты ашылды. Кейін оған ұлы Абай есімі берілді.

Кейіннен басқа да жоғары оқу орындары ашылды:

Алматы малдәрігерлік институты (1929),

Қазақ ауылшаруашылық институты (1930),

Алматы медицина институты (1931),

Орал педагогикалық институты (1932).

1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды.

1941 жылы республикада 20 жоғары оқу орны және 118 кәсіптік арнаулы оқу орындарында 40 мыңға жуық студент оқыды.

Республиканың жоғары оқу орындарында жергілікті халық арасынан шыққан профессор-оқытушы кадрлар жетіспеді, көптеген институттарда қазақ студенттерінің саны аз еді. Негізгі себептерінің бірі – жаппай сипат алған аштық пен саяси қуғын-сүргін салдары болды.

ҚазҰПУ-нің алғашқы ғимараты

Білікті профессор-оқытушы кадрлары тапшылығы мәселесін мамандарды басқа республикалардан (Ресей, Украина, Өзбекстан) шақыру арқылы шешуге тырысты.

Соғыс жоғары мектептің өміріне өзгерістер енгізді. Алматыға КСРО-ның еуропалық бөлігінен бірқатар ЖОО-лар көшірілді. Аса көрнекті ғалымдардың Қазақстанға көшіп келуі жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін нығайтуға қолайлы жағдай жасап, жаңа ЖОО ашылуына мүмкіндік берді (Алматы шет тілдер институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институты).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет