«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы «Қазақстан тарихы» пәні презентация


«Сауатсыздық жойылсын» қоғамы жұмысына комсомол жастар белсене атсалысты



бет4/8
Дата29.11.2022
өлшемі2,22 Mb.
#53596
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8

«Сауатсыздық жойылсын» қоғамы жұмысына комсомол жастар белсене атсалысты.

1928 жылы олардың бастамасымен мәдени жорық ұйымдастырылды.

1930 жылы мәдени жорыққа 5 мың комсомол мүшелері қатысты.

Сауатсыздықты жоюға 30-жылдардың басындағы аштық та өз әсерін тигізді. Жүздеген мың далалықтар көшіп кетуге мәжбүр болды. Кейінгі жылдары бірте-бірте жағдай дұрыстала бастады. 1939 жылы Қазақстанның 50 жасқа дейінгі халқының сауаттылығы 80%-ға жақындады. Қазақ халқының сауаттылығы – 54,5%, орыс халқының сауаттылығы – 70,4% деп анықталды.

Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдығындағы жалпы білім беру жүйесінің қалыптасуы.

Жаңа кеңестік билік бүкіл білім жүйесін қайта құруды талап етті. 1918 жылы Қазақстан аумағының едәуір бөлігін қамтитын РКФСР-да қабылданған «Бірыңғай еңбек мектебі туралы» ережесіне сәйкес бұрынғы бастауыш училищелер, гимназиялар, реалдық училищелер және басқа да оқу орындарының орнына 2 сатылы бірыңғай еңбек мектептері құрылды.

Оның бірінші сатысында – 8-ден 13 жасқа дейінгі, ал екінші сатысында – 13-тен 17 жасқа дейінгі балалар оқиды деп бекітілді. 1918 жылғы қазандағы «Шағын ұлттар мектебі туралы» қаулыға сәйкес, барлық ұлттар, соның ішінде қазақтар өздерінің ана тілінде оқуды ұйымдастыра алады деп жарияланды.

1920–1921 оқу жылында республикадағы мектептердің саны 2410-ға жетті

(1914–1915 оқу жылында – 2011). Мектептердегі білім беру деңгейі әлі де нашар еді. Балалар мен мұғалімдерге арналған оқулықтар мен оқу құралдары тапшы болды. Әсіресе қазақ мектептерінде оқулықтар жетіспеді. Сондықтан да Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы бастаған Алаш зиялылары сауатты деген ел азаматтарын қазақ мектептері үшін оқулықтар жазуға шақырды.

Балалар үйіндегі материалдық-техникалық жағдай сын көтермейтін, онда тіпті ауыстыратын киімдер мен төсек-орындар жетіспейтін. Ауылдық елді мекендер уезд және губерния орталықтарынан шалғайда орналасты. Қазақ мектептерінде әліппе оқулықтарының өзі де жетіспеді. Жоғары білімі бар білікті педагогтер өте аз еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет