«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы «Қазақстан тарихы» пәні презентация


–1922 жылдары Қазақстанның барлық губернияларында аштық жайлаған кезеңде мектеп ісінің жағдайы өте ауыр еді



бет3/8
Дата29.11.2022
өлшемі2,22 Mb.
#53596
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
тарих срс 4

1921–1922 жылдары Қазақстанның барлық губернияларында аштық жайлаған кезеңде мектеп ісінің жағдайы өте ауыр еді.

Республикада қараусыз қалған жетім балалардың саны айтарлықтай өсті, олар мектептен тыс қалды.

Мәселен, 1921 жылы Қазақстанда 158 мың панасыз балалар болды, ал 1922 жылы олардың саны 333 мыңға жетті.

Халыққа білім беру қажеттігіне бағытталған қаражат аштықтан зардап шеккен тұрғындарға жіберілді. Мұғалімдер жиі жалақы алмады. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жетіспеді.

Сауатсыздықты жою күресінде «қызыл отау» аталатын білім ошақтары жұмыс істеді. Олар отырықшы халық арасында оқу үйі атқаратын міндеттерді орындады.

1924 жылдың ақпан айында «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының қазақстандық бөлімі жұмысын бастады. 1925 жылы қоғамның 882 бастауыш ұйымында 77 800 мүше тіркелді. Сол жылдары ұлы ағартушы А. Байтұрсынұлы қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне бейімделген араб әліпбиін жасады.

1925 жылдан бастап халық ағарту ісіне жұмсалатын қаржы мөлшері арта түсті. Барлық үлгідегі жаңа кеңестік мектептердің желісі өсті.

Соның арқасында оқушылар саны ұлғайды. Кітаптар шығару жыл сайын артып отырды. 1926 жылы сауаттылық деңгейі қазақ халқында – 6,9%, орыс халқының арасында 36%-ды құрады.

Кеңестік Қазақстандағы сауатсыздықты жоюға бағытталған шаралар

Қазақстанда кеңестік бірыңғай мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар туралы мәселелер жыл сайын мұғалімдер конференциясында айтылды:

1)Мектептердің әлсіз материалдық-техникалық базасы;

2)Антисанитария; балалар арасында аурудың таралуы;

3)Білмді маман мұғалімдердің жетіспеуі;

4)аудандық білім беру бөлімдері тарапынан мектептерге әдістемелік басшылық пен көмектің жоқтығы;

5)Оқытуда әртүрлі, ескі әдістердің қолданыста болуы;

6)Еңбек тәртібін бұзушылық жиі орын алып отырды. Оқу жоспарлары мен бағдарламалар жетіспеді, оқушылардың сабаққа қатысуы өте нашар, оқытушылардың жалақысы өте төмен болды. Оқу орындары көбінесе санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін. Сыныптардағы оқушылар саны шамадан тыс көп, кейде 45 оқушыға дейін жетті. Бұл мәселелер орыс мектептерінде, қазақ тілінде оқытатын мектептерде де кездесті. Оқытушылар халық санақтарын жүргізуге, идеологиялық іс-шаралар мен жиналыстарға қатысып, сенбіліктерге шықты. Олар республика өмірінің барлық оқиғаларында белсенді қатысушылар мен ұйымдастырушылар қатарында болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет