Баяндама мен рефераттар тақырыбы:
1.Философиялық мәселелердің табиғаты. Философия - көзқарас ретінде.
2.Көзқарастың тарихи типтері, оның ерекшеліктері.
3.Философия, мәдениет пен ғылым әлемінде.
4.Филосфиялық білімнің мәні, жүйесі, құндылығы.
5. «Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі» тақырыбы бойынша сараптау жұмысын (эссе, реферат, баяндама) дайындау.
6. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты.
3-тақырып. Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау.
1. Сананың гносеологиялық моделдері.
2. Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты.
3. Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері. Сана феномендері Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері. Сана феномендері
Теориялық бөлім
Сана – материя емес, оны қолға ұстап сындырып, я болмаса, ауызға салып дәмін байқап, мұрынға жақындатып иісін анықтауға т.с.с. болмайды. Болмыстық тұрғыдан кең түрде қарағанда, сана –
адамның ішкі жан-дүниесі, адам белсенділігінің психикалық
деңгейі. Ал оны нақтылай келсек, ол, әрине, адамның ой
толғаулары. Бірақ, ол онымен бітпейді. Ойлау, рационалдық
таным – сананың өзегі болғанмен, оған адамның сезім
толқындары да кіреді: адам қуанады, ренжиді, ашуланады,
шаттанады, сүйеді, жек көреді т.с.с.
Егер де біз кең түрде адамның психикасын алатын болсақ, оған санамен қатар бейсаналық та кіреді. З.Фрейдтің уақытында ашқан бұл жаңалығының қазіргі өмірдегі маңызы өте зор. Сонымен қатар, санаға тең емес
адамның ырқы да (воля) бар. Кейбір жағдайларда адам сана ға
сыймайтын, оған қарсы нәрселерді жасауы мүмкін. Ф.Ницше
уақытында айтқандай “нағыз адам” толқынмен бірге емес, оған
қарсы жүзеді.
Әдістемелік ұсыныстар
Студент философия дәстүріндегі рух ұғымы, оның ішінде Ибн-Синаның рух туралы көзқарасына тоқталады . Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігін талдауға тырысуы тиіс. Неміс классикалық философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері. Шәкәрімнің үш анығы. Шәкәрімнің рух туралы көқарастарын Ибн Синаның көзқарастарымен салыстырып, адамның рухани қызметінің табиғатын талдай білуі керек.
Аристотель секілді Ибн Сина да рух пен дене арасында өте жақын байланыс бар екендігін айтады. Бірақ Ибн Сина Аристотельдің екі жауһар пікірін теріске шығара отырып, диализмдік көзқарасты қолдайды. Оның рух пен дене турасындағы көзқарасы әрі қызықты әрі терең мағынада айтылған. Ибн Сина адам рухының денеге мұқтажсыз бар болу құдіретіне ие болған жауһар екендігін анықтау үшін екі дәлел келтіреді. Біріншісі -өзімшілдік түсінігі, екіншісі ақылдың материалды емес болғанын анықтайды.
Ибн Сина бұл дәлелдерді өзінің «Китап аш - Шифа» атты еңбегінің психология тарауында анықтайды. Оның ойынша, адам жетілген болсын, бірақ оның денесі ешбір нәрсемен байланыс құра алмайды және сыртқы дүниедегі ешбір нәрсені түсіне алмайтын бір дәрежеде болсын. Және де өз денесін көре алмайтын, ешбір нәрсені сезе алмайтын дәрежеде болсын. Әрине, мұндай адам дүниедегі әрекеттердің ешқайсысын біле алмайды және өз денесінің де бар екендігін сезіне алмайды. Бірақ өзінің бар екендігін түсіне алады. Мұндай жағдайдан рух денеден азат болған бір жауһар болып табылады.
Ибн Синаның бұл дәлелі Декарттың «Ойлану қабілетінде болсам, онда мен бармын» деген пікіріне ұқсас келеді. Бірақ бұл жерде маңызды айырмашылық бар. Декарттың пікірінде мынандай бір сұрақ туады: «Менің бар болуым логикалық тұжырым ба, әлде түсіну қабілетінің тікелей нәтижесі ме? Бұл сұрақтың жауабы не болса да, декарттық «түсінік» пен «мен» екеуінің бір нәрсе болғандығын аңғарамыз. Олай болса, меннің түсінігі мен оның болмысының логикасы ретінде бір-бірімен айырылмас халде болғандығы анық.
Ал Ибн Сина болса, «меннің» болмысын түсіне алу себебімен «менде» түсіну қабілетінің бөлек нәрсе болғанын айтады. Негізінде, Ибн Сина Декарт пен Плотиннің ойынша түсіну қабілеті тек өзін ғана ойлауы емес, сонымен қатар басқаларды да түсіне білу қабілетіне ие дейді.
Дененің бар екендігіне күдіктене отырып, бір дуализмдік түсінік қалыптастыруға тырысқан бұл дәлелді организмнің жалпы функцияларынан рухтың функциялары шыққан дәлелі деуге де болады.
Ибн Сина былай дейді: «Денелік сипаттарды ақылдық функциялардың қайнары болған бір нәрсеге жүктесем, оның бүл сипаттарды қабыл ете алмағандығын байқаймын және осы денелік болмаған болмысты рух деп есептеймін».
Бұл айтылған сөзден байқайтынымыз: жоғарыда айтылған дәлелдің жаңа бір сипатқа ие болғандығы және түсіну қабілеті жаңа бір пікірмен алмасқандығы. Бұған қарай ақылдың және рухтың сипаттар арасындағы айырмашылық бұлардың бір жауһарды иемденуіне мүмкіндік бермейді
2. Сонымен қатар студент сананың түрлеріне баса назар аударуы тиіс. Қоғамдық сана – қоғамның рухани ӛмірі, адамдардың қоғамдық психологиясы, идеологиясы, саяси және құқықтық кӛзқарастары.
Қоғамдық сананың бес түрлі формасы бар. Олар: саяси сана, құқықтық сана, моралдық сана, эстетикалық сана, діни сана.
Саяси сана – бұл белгілі бір ұлттардың, мемлекеттің түпкі мақсатын кӛрсететін қоғамдық ойлардың формасы. Саяси сана қоғамдық сананың барлық формаларына ықпалын тигізеді.
Құқықтық сана – ол экономикалық және саяси мүддені жақтайды, нығайтады. Мақсаты: қоғамдық меншікті, демократияны, адам құқығы мен бостандығын қорғау.
Мораль – қоғамдық сананың ең кӛне формасы. Мораль – адамдардың бір-бірімен қатынасын белгілеп, тарихи ӛзгеріп отыратын нормалардың, принциптер мен ережелердің жиынтығы.
Эстетикалық сана – объективті шындықты кӛркем образдар арқылы бейнелейді. Қоғамның барлық саласына әсер етеді.
Діни сана – дүниені жаратушы «жоғарғы күш» құдай арқылы түсіндіреді. Гносеологиялық тамыры – дүниені танудың, білудің қиындығында, қайшылыққа толы екендігінде. Дін мен ғылым – екі ақиқат.
Қоғам дамуы адам іс-әрекетінің жемісі, қоғамдық ӛмірді ӛзгерте отырып, адамның ӛзі де ӛзгереді, жаңа қажеттіліктер туғызады. Еңбек құралдарын жетілдіріп отыруды қажет етеді. Ол жетілген сайын адам дами түседі. Осылай адам еңбегі шығармашылық еңбекке айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |