Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі
1
Семинар-дискуссия
2
Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері
1
Семинар-дискуссия
3
Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау
1
Семинар-дискуссия
4
Болмыстың субстанциялық концепцияларын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау.
1
Семинар-зерттеу
5
Таным философиялық мәселе ретінде.
1
Семинар-зерттеу
6
1. Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
2. Қазақстанның үшінші жаңаруындағы цифрлық технология.
1
Семинар-конференция
7
Қазіргі философиядағы адам мәселесін талдау тәжірибесі
1
Семинар-дөңгелек үстел
8
Күнделікті тәжірибеде өмір мәнін іздеудің маңызды қырлары: философиялық талдау.
1
Семинар-дөңгелек үстел
9
Этикалық дилеммалар: жағдаяттық талдау. Қазақ философиясының экзистенциалдық сипаты.
1
Семинар-дискуссия
10
Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және түсіндіру.
1
Семинар-зерттеу
11
Музыкалық эстетиканың қалыптасуын қазіргі мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастыру.
1
Семинар-конференция
12
1. Қоғамдық сана феномені: түрлері, құрылымы, мәні. 2. ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамдық санасының жаңғыруының мәні. Қазіргі ақпараттық қоғамды философиялық талдау және қазіргі заманның жаһандық талаптарын зерделеу
1
Семинар-конференция
13
Қазақ философиясындағы тарихи даму мәселелерін талдау. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы жаңару үдерістерінің мәні мен ерекшелігі.
1
Семинар-зерттеу
14
Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы
1
Семинар-дискуссия
15
Қазіргі ақпараттық қоғамды философиялық талдау және қазіргі заманның жаһандық талаптарын зерделеу. «Мәңгілік Ел» идеясы мен «Рухани жаңғыру» жобасы– Қазақстанның тарихи дамуының
жаңа векторлары.
1
Семинар-дөңгелек үстел
І-МОДУЛЬ. тақырыптар. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері
Семинар сұрақтары: 1Көзқарас, оның қоғамдық-тарихи сипаты.
2.Мифологиялық және діни дүниетаным философияның алғышарты.
3.Философиялық көзқарастың мәні. Философияның пәні.
4.Философияның негізгі қызметі. Қазіргі замандағы философияның рөлі. Философия және ғылым.
5. Философиялық мектептердің көптүрлілігі.
Семинардың мақсаты:Философияның пән ретінде қарастыратын мәселелер шеңберін, философияның қызметі мен ддүниеге философиялық көзқарастың ерекшеліктерін талдау.
Өткізілу формасы: Семинар –дискуссия
Тақырыптағы термин сөздер: Материализм, идеализм, дуализм, монизм, плюрализм, сенсуализм, рационализм, эмпиризм.
Теориялық бөлім Семинар тақырыбына дайындалу барысында студент бірінші кезекте философияның пайда болуының алғышарттарын, оның дүниетанымдық негіздерін, көне кезеңдегі философияның мифологияға жақын болғанымен ғылымның алғашқы бастауының пайда болуына көңіл аударуы қажет. Себебі философия «Дүние қалай жаратылған, бастамасы қайда? Ол мәңгілік пе? Адам дегеніміз не, оның дүниедегі орны қандай? Ақиқат пен жалғанның ара салмағы неде? Өмір сүрудің мәні бар ма? Адам өмірінің мәні неде? Осындай «мәңгілік» сұрақтарға жауап іздеу барысында философияның пайда болғандығын байқаймыз және философия осы сұрақтарға жауап іздейді.
Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас және ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу, ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.
Философия дегеніміз – даналыққа құштарлық. Ол табиғат, қоғам және адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым қоғамдық сананың бір түрі, көзқарастық теорияның негізі, философиялық пәндер жүйесі, адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім.