«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы Күзембаева А. О. «Философия» пәнінен білім алушылардың семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау


- тақырып. «Мәңгілік Ел» идеясы мен «Рухани жаңғыру» жобасы – Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары



бет23/26
Дата27.11.2023
өлшемі138,95 Kb.
#129591
түріСеминар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқаулық Философия 2022 docx

15- тақырып. «Мәңгілік Ел» идеясы мен «Рухани жаңғыру» жобасы – Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары.
1. Жаһандану үдерісі және жаһандануға деген қарсылық
2. Жаһандану жағдайындағы мәдениет пен өнер
3. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.

Жаһандану үдерісі және жаһандануға деген қарсылық (Антиглобализм).


Жаһандану дегеніміз – бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс.Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп дамып келеді.Алысқа бармай-ақ, өзіңіз бен өз үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда – Турциядан әкелген туфли, астыңызда Германия, немесе, Америкадан шыққан жеңіл мәшине, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан шаң сорғыш, Жапониядан шығарылған магнитофон, арабтардың тоқыған кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үнді елінен әкелген шай, Мароккодан келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген тауықтың аяқтары, Қытайдан әкелінген ыдыс-аяқ т.с.с. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады. Сонымен қатар, біз басқа елдерге мұнай бен газды, жүн мен мақтаны, қара және түрлі-түсті металдар мен тас көмірді т.с.с. жіберіп жатқан жайымыз бар.
Енді саяси салаға келер болсақ, Қазақ елі бүкіл Дүниежүзілік қауымдастықпен терезесі тең қарам-қатынас орнатуда.Біздің ел дербес мемлекет ретінде мойындалды.Саяси салаға "көп партиялық", "адам құқтары", "құқықтық мемлекет" т.с.с. ұғымдар кіріп, өзгеріске ұшырап жатыр. Біз тек қана БҰҰ ғана кіріп қоймай, басқа да халықаралық ұйымдардың толыққанды мүшесіне айналып жатырмыз.
Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер.
Ең бірінші орында ядролық соғыс қару-жарақтың жетілуі мен халықаралық бақылаудың шеңберінен шығып кетуі жатыр. Бұрыннан келе жатқан ядролық қаруы бар бес мемлекетке бүгінгі таңда Үнді, Пәкістан, Оңтүстік Африка, Израиль сияқты елдер қосылды.Біршама елдер ядролық технологияны игеру үстінде (Иран, Солтүстік Корея).
Екінші үлкен мәселе – бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір бағыт негізінде тойымсыздық, табиғи ресурстарды өлшемсіз пайдалану, жағалай ортаны ластау – адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелу мүмкіндігі.
Үшінші – демографиялық мәселелер, яғни, жер бетіндегі халықтың тым тез қарқынмен өсуі. Егер соңғы мыңжылдықта жер бетіндегі халықтың саны 15 рет өссе, оның бірінші рет екі есеге өсуі 700 жылда болса, соңғысы – 40 жылда (егер 1956 ж. жер бетінде 2,8 млрд халық өмір сүрсе, 2004 ж. –6,3 млрд.).
Жаһандану үрдісі "Солтүстік пен Оңтүстік" проблемасын тудырды.Бұл төртінші мәселе. Жалпылай келе, экватордан жоғары орналасқан елдердің даму қарқыны мен өмір сүру деңгейі төмен жатқан елдерден гөрі анаұғұрлым биік. Егер де дамыған елдерде тойымсыздық жолына түскен "алтын млрд." тұрып жатса, жер бетінде осы күнге дейін тағы 1 млрд.жуық адам, басқа қажеттіктерді өтеуді айтпағанның өзінде, күнбе-күн азық-түлікке жарымай отыр, ал 75 млн. аштықтың зардабынан жыл сайын дүниеден кетеді. Енді бесінші мәселеге келер болсақ, жоғарыда көрсетілгендей, халықтың білім деңгейін көтермей, бүгінгі технологияларды игеру мүмкін емес.Адам тіпті әріптерді танып, оқи алғанның өзінде де "функционалдық надандықта" болуы мүмкін.Алтыншыдан, соңғы кезде ғалымдар жаһандану үрдісінің негізгі проблемалары ретінде денсаулықты сақтау мәселесін атауда.Өйткені, бүгінгі таңда адамзаттың жағалай ортаны түбегейлі өзгертуі мен адамдардың денсаулығы төмендеуінің арасындағы байланысты анықтап отыр.Оның куәсі ретінде жүрек, бүйрек, бауыр, мұрыннан қан кету, СПИД, рак т.с.с. "цивилизация ауруларын" келтіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет