«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы Күзембаева А. О. «Философия» пәнінен білім алушылардың семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау



бет21/26
Дата27.11.2023
өлшемі138,95 Kb.
#129591
түріСеминар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқаулық Философия 2022 docx

Әлеуметтік философия материяның ұйымдық әлеуметтік формасы ретінде қоғам мәселесін қарастырады.



Әлеуметтік философияның қарастыратын мәселелер шеңбері

  • қоғамның пайда болуы;

  • қоғамның құрылымы;

  • социумның жалпы даму заңдарын әлем құрылымының біртұтас жүйесі ретінде қарастыру;

  • қоғамдық санасы мен қоғамдық болмыстың ерекшелігінашу;

  • қоғам дамуының болашағы;

  • әлеуметтік жүйенің қызметтерінің заңдылығы.

Қоғамның негізгі сипаттары

ҚОҒАМ

ҰҒЫМЫ

СИПАТТАРЫ

Қоғам – ұйымының әлеуметтік формасы, адамдардың мәдени әрекеттері мен қажеттіліктері, қызығушылықтарының, мақсаттарының саналы ұйымдасқан формасы.

  • тұтастық;

  • өзіндік ұйымдастырушылық;

  • динамикалық;

  • дамуға мүмкіндігі;

  • заңдылық;

  • өзіндік реттеу.

Қоғам өмірінің салалары



Саласы

Құрылымы

1

Рухани

рухани ілімдер, дін, философия, ғылым, білім, құқық, мораль, өнер, идеология.

2

Материальды

өндірістік қатынастар, өндірістік күштер.

3

Әлеуметтік

халық, ұлт, әлеуметтік топтар (жас ерекшелік, жыныстық, қызығушылыққа байланысты топтар), таптар, партиялар.

4

Саяси

мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, халықаралық саяси ұйымдар мен бірлестіктер.

Тарихи материализм (Марксизм) концепциясына
сәйкес қоғам құрылымы

Қоғам

1

2

Қоғамдық сана

Теоретикалық сана

  • Философия

  • Дініи ілімдер

  • Ғылым

  • Этика

  • Құқық

  • Саяси

  • Идеология

  • Өнер

Қоғамдық болмыс

Өндірістік қатынастар

Қарапайым (бұқаралық) сана

  • Қоғамдық психология

  • Бұқаралық мәдениет

  • Әлеуметтік мифтер

  • Діни дәстүр

  • Тұрмыстық философия

Өндіріс тәсілі

Тарихи материализм (Марксизм) концепциясына сәйкес әлеуметтік-экономикалық формация

ФОРМАЦИЯ – қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық кезеңдері

  • Коммунистік

  • Социолистік (коммунизмнің 1-ші фазасы)

  • Капиталистік

  • Феодалдық

  • Құлиеленушілік

  • Алғашқы қауымдық құрлыс

Қоғам дамуының түрлері

Даму түрлері

Революциялық

  • Соғыстар

  • Саяси төңкерістер

  • Әлеуметтік-саяси революциялар

  • Көтерілістер

  • Ғылыми революция

  • Техникалық революция

Эволюциялық

  • Реформалар

  • Дәстүрлі немесе сайлау жолымен биліктің ауысуы

  • Идеялардың, теориялардың, концепциялардың, идеологияның табиғи динамикасы

  • Табиғи экономикалық өзгерістер

  • Әлеуметтік иерархия мен түрдің еркін транформациялануы

  • Әлеуметтік мобильділік

  • Мәдениетаралық диалог



Бақылау сұрақтары:
1. Қоғам дамуы объективті заңдылықтарға бағынышты ма?
2. Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың арақатынасы қандай?
3. Идеология дегеніміз не?
4. Қоғамдық дамудың қозғаушы күштері неде?
5. Қоғамдық прогрестің объективті көрсеткіші не?
6. Ғылыми-техникалық прогрестің мәні неде?
7. Адам табиғаттың бір бөлігі болып табыла ма?
8. Экологиялық мәселенің мәні неде?
9. Сіз жерден тыс өркениеттер, өмір мен сана бітімдері бар деп ойлайсыз ба?
10. Адам мен табиғаттың арақатынасы қандай?
11. Ӛндіргіш күштер мен ӛндірістік қатынастардың субъектісі кімдер?
Реферат тақырыптары:
1. Табиғат және қоғам.
2. Адам, мәдениет және қоғам.
3. Тарихтағы субъективті фактордың рөлі.
4. Ақпараттың қоғамның ӛзекті мәселелері.
5. Өндіргіш күштердің дамуы қоғамдық прогрестің объективті көрсеткіші ретінде.
6. Прогрестің қарама-қайшылық сипаты.
7. Философия тарихындағы прогресс ұғымы.
8. В.И.Вернадскийдің табиғат туралы ғылымға қосқан үлесі.
9. Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және экология.
10. Тіршілікті танудағы биология мен философияның орны.
11. Адамның пайда болып тіршілік етуінің табиғи алғышарттары.


13- тақырып. Қазақ философиясындағы тарихи даму мәселелерін талдау.
Қазіргі Қазақстан қоғамындағы жаңару үдерістерінің мәні мен ерекшелігі.
1. Тарихтың бағытталғандығы және оның мәні. Тарих философиясының пәні.
2. Формациялар және өркениеттер.
3. Адамзаттың даму үрдістері.


Тарих философиясы - («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)- тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері.[1] Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде құрылады деп есептемеді. Тарих философиясының классикалық жобаларында дұрыс пікірлер де болды. Мысалы, француз ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын дайындап шығарды. Оның алғашқы авторы Кондерсе болды. Гердер процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан Вольтер болатын. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды. Тарих философиясының рационалистік нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді. Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі байланысы, сабақтастығы, көптүрлілігі ашылды. Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті. Бірақ олар метафизикалық көзқарастардан арыла алмады. Тарих философиясына позитивизм де өз пікірін айтты. Позитивизм адамдардың табиғи қажеттіліктеріне, табиғи алғы шарттарға көп назар аударды. Идеалистік концепцияларда да, натуралистік философияда да реалды тарихи шығармашылық әлде бір сыртқы, тарихи емес күштерден бастау алады. Тарихқа материалистік көзқарас барлық трансцентентальды, жаратылыстан тыс, тарихи еместің бәрін ысырып тастайды. Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур). ХIХ ғасырдың соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі мен нәтижесін талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға қойды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, тарих әрекет ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден мектебінің индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай ерекшелік Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам философиясының бір аспектісі ретінде орын алады. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің “Тарих философиясы” деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді:

  1. өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;

  2. материалдық молшылықтарға жету;

  3. ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі;

  4. баюдың көзі ретінде соғысты жою;

  5. “индустриалдық қоғамда” өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш маңызы жоқ. Р.Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен таратты.

ХІ ғасырдың бастау алғанына да біршама уақыт болды. ХХ ғасыр тарихи дамудың өзіндік келбеті мен сипаты бар ерекше кезеңі ретінде есімізде қалды. Бұл – адам баласының жер аясынан шығып, ғарышты игеріп, космосқа ұшқан ғылыми-техникалық прогрестің үдемелі қарқынмен дамыған, несібесі мен ырысы мол уақыт. Сонымен қатар, адам өміріне қатер туғызып, мысын басып, жігерін құм еткен небір сұрқия оқиғалар пайда болған кесепатты уақыт. Осы ғасыр аясында бұрын-соңды болмаған небір әлеуметтік тәжірибелер жасалып, адам баласының рухани құлдырауы да жүзеге асты. ХХ ғасыр феноменін түсіндіру 1900 жылы Э.Гуссерльдің «Логикалық зерттеулерінен бастау алып, 1991 жылғы Тарнастың «Батыс ойлауының тарихына» деген еңбегімен салыстырмалы аяқталды деуге болады. Салыстырмалы деуіміздің басты себебі - бұдан былай да ойлау мәдениетінің небір тылсым құпиясын ашу мақсатында ХХ ғасыр тәжірибесіне әлі де қайта-қайта үңілетін боламыз. Өйткені дәл осы уақытта терең мағыналы, ұлағаты мол философиялық, тарихи, мәдениеттанулық шығармалар дүниеге келді. Бұлардың қатарына М.Вебердің «Протестантская этика и дух капитализма», Кафканың «Процесс», З.Фрейдтің «Неудовольствия культурой», Х.Ортега и Гассеттің «Востание масс», А.Тойнбидің «Охват истории», Э.Фроммның «Бегство от свободы», Ж.П.Сартрдың «Бытие и ничто», М. Хайдеггердің «Бытие и время», Тейяр де Шарденнің «Феномен человека», Медоуздың «Границы возрастания», О.Тоффлердің «Третья волна» деген еңбектері дүниеге келді. Аталған авторлардың әрқайсысы ХХ ғасыр болмысын өзіндік тұрғыдан бағалады, сондықтан олар бірін-бірін қайталаған жоқ.


Көрнекті ойшыл Фридрих Ницшенің «Құдай өлді» деп пайымдауы әлем мен адам сұхбатының өзгергендігін паш етті. Егер осыған дейін әлем мен адам тіршілігі одан жоғары тұратын керемет күш – құдай арқылы айқындалса, енді адам өзіне де, әлемге де мән беруге тырысты. Яғни Ф.Ницшенің «асқақ адамы» өзіне де, басқаға да мән іздестіруге ұмтылды. Бұл – өте жақсы ұмтылыс, бірақ қаншалықты табысты, жемісті қадам. Мұндай сұрақ ғасырдың өне бойында қойылды, оған жауаптар да іздестірілді. Құдай өлімі туралы ойлана отырып, Нобель сыйлығының лауреаты Альбер Камю абсурд идеясын әкелді. Адам оның іс-әрекеті, оны қоршаған шындық – бәрі-бәрі мағынасыз, мәнсіз. Адамның күйбең өмірі таудың басына ауыр тасты күндікке өрмелетіп жеткізе алмаған Сизифтің ит-әлек тіршілігі іспеттес.
ХХ ғасырда тарих ағыны екі бағытта өрбіді: оның біріншісі – өркениеттің, мораль мен мәдениеттің іргелі бүкіл адамзаттық негіздерін нығайту, ал екіншісі – бұрынғы ескі әлемді түбірімен өзгертіп, жаңа әлемді құру. Көрсетілген бағыттар іске асырылып, бірімен-бірі тайталасып, бірде келісіп, бірде бірін-бірі жоққа шығарып жатты. Ұлы Отан соғысы болып, фашистік Германия мен КСРО бір-бірімен күш сынасты. Сонан соң ұзақ жылдарға созылған қырғи-қабақ соғысы басталып кетті.
ХХ ғасыр – адамзат өркениетін жан-жақты дамытқан кезең. Ғасыр басында М.Планк квантты физиканың негізін қалады, Гуссерль феноменология принциптерін ұсынды, Мендельдің генетикасына қызығушылық оянды, Эйнштейн салыстырмалы теорияны жасады, Ресейде орыс революциясы болды. М.Ганди тәуелсіздік үшін өзіндік жолмен күресті, АҚШ-та Ч.Джеймстің прагматизмі қанат жайды. Ф.Ницше идеяларын Б.Шоу, З.Фрейд, А.Бергсон және Г.Юнг дамытты. Марксистік ілімді В.И.Ленин, Н.Бухарин, Л.Троцкий, И.Сталин одан әрі тереңдетті. Ғасырдың ортасына таман осындай технологиялық индустриялық даму үрдісін екінші дүние жүзілік соғыс тоқтатып тастады. Соғыс бүкіл адам баласына рухани тоқырау мен дағдарыс әкелді. Ғасырдың аяғына таман соғыс нәубетін жеңген, өзіне өзі келіп, өз күштерін шын нығайта бастаған адам баласының жасампаз шығармашылығы дамиды. 1991 жылы КСРО ыдырап, көптеген елдер үшін тарихи дамудың жаңа беті бастау алды.
ХХІ ғасыр ХХ ғасырдың кешенді белгілері мен нышандарын одан әрі толықтыруда. Дегенмен, оған тән ерекшеліктер де жоқ емес. Оның ең негізгісі және бірегейі – жаһандану. Ол – көп талқыланып жүрген тақырыптардың бірі. Бұл термин қазіргі саяси әлемнің күрделілігі мен алуантүрлілігін сипаттау үшін 1990 жылдарында ғылымға енгізілген.
Қазіргі әдебиеттерде жиі қолданылатын постиндустриалды дәуір, ақпараттық революция ғасыры, техно-жаһандану сөздерінің бәрі жаһандану үдерісімен тығыз байланыста пайда болған.
Жаһандану дегеніміз – әртүрлі қоғамның әлемдік ауқымдағы өзара әрекеті мен өзара үйлесуінің объективті интеграциялық үрдісі. Адамзаттың барлық тарихи даму сатысында әртүрлі этностар, ұлттар, халықтардың интеграциялық үрдісі жүріп отырған. Әлемде интеграция ағымы әрқашанда болды, ол этникалық, ұлттық, мемлекеттік шеңберде көрініс тапты. Тарихи қозғалыстың тәжірибесінде әлем көпқырлы болғанымен, біркелкі бірлік күші мен әрекетіне ие деген ой қалыптасты.
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында әлемнің дамуы халықаралық байланыстардың, әсіресе экономикалық салада әлемнің өзара байланыстылығының күшеюіне әкелді. Өзара тығыз байланыс, интеграциялық үдерістер елдер мен қоғамдық қарым-қатынастарда бәсекелестікті тереңдетеді. Ал бәсекелестік бар жерде келісу мен келіспеушілік әрқашан қатар жүреді. Ортақ мүдде әртүрлілікті жоя алмайды. Олар мүдделер қақтығысы әбден тереңдеп, өзінің даму шегіне жеткенде әртүрлі кикілжіңдер пісіп жетіледі.
«Біз төрткүл дүниенің Батысы мен Шығысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы тайталастың тым өршіп кеткенінің куәсы болып отырмыз. Не жасаса да пайдалылық принципін ғана ұстанған АҚШ пен Батыс әлем байлығының басым бөлігін бауырына басып қана қоймай, ғылым мен техниканың барша жетістіктерімен мұздай жарақтанып алып, енді жұмыр жер бетіндегі адамзатпен бірегейлендіруді көздеген жаһандану процесін бастап кетті» деп атап көрсетті Ә.Нысанбаев.
Қазіргі уақытта әлемді бөліске салу байқалады, ұзақ мерзімге бағытталған күштердің құрылымы мен орналасуы айқындалуда және әр мемлекет, елдердің аймақтық тобы, ірі корпорациялар мүмкіндігінше тиімді де ықпалды өңірге ие болуға талпынуда. Құрама Штаттар мен Батыстың дамыған елдері жаһандану үрдісі жағдайында геоэкономикалық әсер ету тәсілдерін белсенді түрде пайдалануда. Геоэкономикалық әсер ету әрекеттерін жүзеге асыру барысында көбінесе экономикамен үйлесіп кеткен әскери-саяси жайттарды қолдану байқалады. Мұндай тәсілдерді пайдалану жаһандану үрдісінің жағымсыз жақтарын үдете түсуде.
Бұл жағдай тереңдеген сайын оған қарама-қарсы бірегейлену процесі пісіп-жетіледі. Әрбір ұлт пен ұлыс жаһанданудың аранында жұтылып кетпей өзіндік ерекшелігін сақтап қалғысы келеді. Өзімшіл ықпалды АҚШ пен Батыс күш көрсеткен сайын әрбір ұлт өз тәуелсіздігін сақтап қалуға ұмтылады. Бұл ұмтылыс одан әрі тереңдей береді.
ХХ ғасыр – Қазақ елі үшін оның дамуының ерекше кезеңі. Бір жүз жылдың ішінде қазақ халқы бірнеше формацияны басынан өткеріп, бұрын-соңды болмаған тарихи тәжірибені жинақтады. Көшпелі бекзат болмысынан социализм жұмағына аяқ басып, оның барлық ықпалын көріп, жақсы-жаман жағын өне бойына сіңіріп, ХХІ ғасырдың бас кезінде нарықтық қатынастар жолына түсті. Социализм дәуірінде қуғын-сүргінге ұшырап, өз территориясында азшылық көріп, тоталитарлық жүйенің тауқыметін толығынан тартқанына қарамастан қазақ халқы білімді, өркениетті, білікті ұлт болып қалыптасты.
Қазақстан – Еуразияның жүрегіндегі ерекше орынға ие ел. Ғасырлар бойы қазақ жері Батыс пен Шығыс арасындағы әртүрлі империялар мен мәдениеттердің жалғастырушысы болып келгендіктен, оның халқы да бөтен мәдениет пен пікірлерге төзімшіл болып өсті, толерантты болып қалыптасты.
Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» тақырыпты жолдауында ХХІ ғасырдың он сын – қатерін анықтады.
«Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі.
Тарихи уақыт аса жеделдеу түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады» деді Президент. «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуы тиіс. Дамушы елдер арасында клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуы тиіс» деп орынды пікір қорытты Президент.
Қазақстан - тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық дәрежеде біршама танымал болған мемлекет. Қазақ халқының гуманды, ізгілік дүниетанымы мен пацифистік философиясына негізделген сыртқы саясаты Орталық Азия қауіпсіздігіне қомақты үлес қосуда. Бұның айқын дәлелі – ЕҚЫҰ, ИЫҚ, ШЫҰ ұйымдарын басқаруы. Бұдан басқа «Жібек жолы» ескі сауда жолын қайта жаңғыртуға қатысты, Еуразияда дінаралық сұхбат ұйымдастырып, түркі елдерінің ынтымақтасуына жол ашты, Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетті, Иран ядролық бағдарламасын талқылауға атсалысты.
Қазақстан Орталық Азия елдерінің тұрақтылық пен бейбітшілікте өмір сүруін қамтамасыз етуде қолынан келгенінше әрекет етуде. Қазақстан осы уақытқа дейін көрсетіп келе жатқан халықаралық дәрежедегі белсенділігін өзіндік ішкі қуатымен үйлестіріп, толыққанды ойыншы болуға күш салуда.
Президент жолдауында осы мақсатқа бағытталған экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын да айшықтады. Біртұтас экономикалық прагматизмді қамтамасыз ету үшін елбасы бүгінгі көзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгертуді ұсынды. Бұдан былай экономикалық және басқару шешімдерін түгелдей экономикалық мақсаттылық және ұзақ мерзімдік мүдделер тұрғысынан қабылдап, Қазақстан толыққанды бизнес-серіктес ретінде қатыса алатын жаңа нарықтық тауашаларды айқындау қажет.
Ұлт көшбасшысы қойған орасан зор мақсатты қамтамасыз етуге мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты бір-бірімен үйлесім тапқан жағдайда ғана жол ашылады. Халықаралық еңбек бөлісі тереңдеген сайын, елдердің экономикалық дамуындағы жаһандану үдерісі одан әрі қанат жайған сайын сыртқы факторлардың маңызы жоғарылай береді. Әлемдік экономикалық даму бағыттарын жіті қадағалап, оған бейімделу тетіктерін анықтап отыру - бірден-бір қажеттілік.
ХХ ғасырдың негізгі қозғаушы күші әлемдік екі жүйенің – социализм мен капитализмнің ұдайы бәсекелесте болуы, сонымен қатар, ғасырдың соңғы ширегінде трансұлттық бизнес жүйелерінің пісіп-жетілуі болған еді. ХХІ ғасырдың бас кезінде бұл жағдай мүлдем өзгерді. Қазір бір-бірімен жүйелік сипатта бәсекелесіп отырған біртұтас кешенді даму жоқтың қасы.
Халықаралық ұйымдардың мәліметі бойынша «2011 жылы әлемде 650-ден астам мемлекеттік трансұлттық корпорация бар, олардың бүкіл дүние жүзінде 8100 шетелдік бөлімшелері бар. Бұл бүкіл трансұлттық корпорациялардың 1%-ын ғана құрап отырса да, олардың шетелдік инвестиялары 2010 жылы жаһандық ЖІӨ-нің 11%-ын қамтиды.
Жалпы трансұлттық корпорациялар әлемдік өнеркәсіптік өндірістің 50%-на жуығын ауқымдандырып отыр. Оған әлемдік сауданың 70%-ы үлесі тиесілі Осындай өте үлкен трансұлттық корпорациялар кейбір елдердің бюджетінен асып түсетін қаржыға ие» .
Ұлттық сипаттағы мемлекеттер мен трансұлттық корпорациялардың арасындағы туындап отыратын кикілжіңдердің объективті себептері бар. Тарих доңғалағының жылдам дамуы, уақыт пен кеңістіктің сығымдалуы, әртүрлі пиғылдар мен мүдделердің өзара тікелей ұшырасуы. Қазіргі әлемнің қатты өзгеріске ұшырағанын дәлелдеп отыр.
Әлем әртүрлі күштердің саяси, экономикалық және мәдени тұрғыдан өзара әрекеттестігінен, әсіресе адамзаттың дүниетанымдық қондырғылары мен құндылық бағдарының күрт өзгеріске түсуі мен ығысуынан туындаған айқынсыздық пен тұрақсыздық кезеңіне аяқ басуда.
Қазіргі заманның даму үрдістерін есепке ала отырып, осы қандай әлемде өмір сүріп жатырмыз деген сұрақ - көптеген ойшылдардың көкейінде тұрғаны бүгінгі күннің бұлжымас шындығының бірі. Бұған жауап беру үшін біраз шегініс жасап, 2007 жылға оралайық. Дәл осы жылы Н.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» тақырыпты жолдауын халық назарына ұсынды.
Жаңа әлем – бұл қазіргі әлем. Оның бітім болмысында ХХ ғасырға өте ұқсас белгілер бар, өйткені ол – бір жағынан, біртұтас табиғи-тарихи үдеріс, екіншіден, әр түрлі күштер мен мүдделердің өзара байланысы, қимыл бірлігі мен текетіресі. Саяси ғылымдар докторы Нәубет Қалиевтің «Жаңа әлем – қандай әлем?» деген ауқымды еңбегіне сүйене отырып, жаңа әлемнің, яғни қазіргі әлемнің мынадай негізгі белгілерін атап көрсетпекбіз.
Біріншіден, елдер мен аймақтар арасындағы өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктің тереңдеуі. Мұның айқын дәлелі Ресейдің «Газпром» компаниясы қызметіне бүкіл Европа елдерінің тәуелді болуы. Соңғы кездері осы тәуелділіктен құтылу жолдары іздестірілуде.
Екіншіден, жаһандану процесі тереңдеп барады, бірақ одан миллиардтаған адам тыс қалуда. Мысалы, Орталық Европа жаһандану үрдісін ерекше сезінсе, Африка континенті тұрғындарының басым көпшілігі одан мүлдем хабарсыз, өйткені олар бұл үдерістен аластатылған.
Үшіншіден, әлемдік саяси-экономикалық кеңістікте жаппай алыптар бой көтеріп, олар әлемдік саясаттың жаңа орталықтарына айналуда. Мысалы, Қытай, Үндістан, Бразилия.
Төртіншіден, бір кезде мәдениет пен ғылыми дамудың ошағы болған ислам дүниесінің бүкіл дүниежүзілік қатынастар жүйесінде өз орнын алуға ұмтылысы. Өкінішке орай, Ислам діні соңғы кезде адам өміріне қауіп тигізетін жағымсыз топтардың әрекетімен тығыз байланыстырылып, оның шын мәніндегі гуманистік, адамсүйгіштік қасиетіне күмән тудыруда. Орта ғасырлық Араб халифатында медицина, химия, математика, философия, астрономия, оптика қарқынды дамып, әл-Фараби, Ибн Сина, Омар Хайям сияқты алыптар өмір сүрді емес пе? Ол кезде Батыс Еуропада алдыңғы қатарлы ойшылдар инквизия отына өртеліп, кертартпа діни көзқарастардың шырмауында болды емес пе?
Бұл күндері дәл осы жағдай мұсылман елдерінде қайталануда. Мұсылман елдері көр-соқыр сенімге иек артатын, дамушы бағытта ойлауға шектеу қоятын ағымдардың және соларды қорғайтын дін басыларының кесірінен артта қалып, өмір сүруге қажетті барлық жағдай тұрғысынан мұсылман емес елдерге тәуелді болып отыр.
Бесіншіден, қуатты Европалық Одақтың қалыптасуы. Дегенмен Украинада орын алған теке тіресте Европа елдері лидерлерінің шынайы бетпердесі көрініп қалды. Демократия, адам құқықтары ұрандарымен тек өз мүддесіне пайдалы шешімдерді қабылдау Европалық Одақта да орын алып отыр деуге негіз бар сияқты.
Алтыншыдан, Америка Құрама Штаттары қазіргі үнемі өзгерісте болып тұрған сусымалы әлемде өз орнын біржақты жоғары бағалап, бүкіл әлемдік билікке ұмтылуда. Бұл әрине халықаралық қауымдастыққа түсініксіз болып, қарсылық пен алаңдатушылық туғызып отыр.
Жетіншіден, Қазақстан мен Ресейдің халықаралық саяси-демократиялық үрдістегі белсенді рөлі күннен-күнге нақтыланып келеді. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 2050 жылға дейін Еуразиялық экономикалық одақты осындай бірлестіктердің үздік үштігіне енгізуге шақырды.
Қазақстан еуроазиялық кеңістікке кіргенімен, басқа елдерге есігі ашық болады. Еліміздің өз өнімдерін шығарып, сатуы үшін сыртқы нарық керек. Ол үшін әрине, көрші елдермен сауда қарым-қатынасын жасаудан бас тартпаймыз. Бүгіннің өзінде Қазақстан Ресейдің 12 өңірімен тығыз байланыста. Біздің мақсатымыз - жаһандану үрдістерін, оның заңдылықтарын халыққа түсіндіру. Бұдан Қазақстан ешқашан да ұтылмайды. Бізге интеграция ауадай қажет.
Сегізіншіден, жаңарған әлемнің аса күрделі мәселесі – табиғи ресурстардың тапшылыққа айналуы, балама қуат көздерінің жеткіліксіздігі» (4, 5б.). Міне осы мәселелер қазіргі әлемнің негізгі болмысын анықтайды. Н.Қалиевтің қазіргі әлем дамуының жетекші үрдісі – жаһандану, соның аясында қазірде бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған қағидаттың жаңа тұрпатты проблемаларымен бетпе-бет тұр деген пікірімен келісуге болады.



Ғаламдық мәселелер



бейбітшілікті сақтап, соғысты болдырмауға ұмтылу

табиғи орта мен қоғамның өзара үйлесімділігін қамтамасыз етіп, экологиялық тепе-теңдікті қорғау

демографиялық үдерісті үнемі бақылауда ұстау

энергетикалық және шикізат ресурстарын оның жер шарындағы көлеміне сәйкес пайдалану, әртүрлі қуат көздерін іздестіруде табиғи мүмкіндіктердің барлық жағын ойластырып, тиімді пайдалану

үнемі өсіп бара жатқан халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету

салауатты өмір салтын оңтайлы ұйымдастырып, денсаулықты нығайтудың алдын алу

сауатсыздықты жойып, білім беру жүйесін жетілдіру

Кестеде аталған мәселелер барлық елдерге ортақ. Сонымен қатар, әр елдің өзіндік сипаттағы мәселелері де көптеп саналады.


«Әлемдегі белгілі саясаткерлердің еңбектерін талдаудан олардың жаһанданудың негізгі үш өлшемін ерекше атап көрсететінін пайымдауға болады: 1) ол тұрақты жүретін тарихи үдеріс; 2) әлемнің әмбебап және гомогенизациялық (біртектілік) келбетінің нығаюы; 3) ұлттық шекаралардың ашықтығы. Бұл жерде әмбебаптылықты оның барлық елдерге ортақ белгілерінің күшеюі ретінде, ал гомогенизацияны – оның біртекті құрылымға қарай жылжуы деп түсінген жөн.» (4, 6 б.) дейді Н.Қалиев. Ғалым орынды пікір қорытып отыр, бұл философия ұдайы еске салып отыратын жеке, жалпы, ерекшелік жағдайлардың бір-бірімен өзара байланыстылығын тағы тереңдете түседі.
Әлем халқының 1,2 миллиарды аштықтан әртүрлі ауруларға шалдықса, бұдан үш есе көбі ашқұрсақ болудан зардап шегуде. Егер бүгінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия елдері халқының 55 пайызына жуығы артық салмақ пен семіздіктен қиындық көрсе, Үндістан халқының – 53, Бангладеш халқының – 56, Эфиопия халқының 48 пайызы аштықтан азап шегуде.
Жаңа әлемдегі тағы бір маңызды мәселе – 2020 жылға қарай кедей аймақтар халқының жартысынан астамы саяси және әлеуметтік жағынан ең мазасыз контингент – жастардан тұрады. 2020 жылға қарай Азия халқының 47 пайызын, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка халқының 57 пайызын жастар, ал Сахарадан оңтүстікке қарай аймақ тұрғындарының тіпті 70 пайызын 30 жасқа дейінгі азаматтар құрайтын болады. АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының деректері бойынша, халқының басым көпшілігін жастар құрайтын елдердің алдында Ауғанстан, Пәкстан, Колумбия, Ирак, Газа секторы, Йемен тәрізді әлеуметтік-экономикалық проблемалары өте өткір, әлеуметтік-саяси жағынан тұрақтылық жоқ елдердің тұрғаны ойландырар, алаңдатарлық жәйт. Мұның өзі бүкіл адамзат үшін тағдырлы мәселе. Ал бұл елдерде жастардың қоғаммен толыққанды интеграциялануына ешқандай жағдай жасалмаған. Құқықсыз және әлеуметтік жоқшылықтан ашынған жастар З.Бжезинскийдің пікірінше, әлемде АҚШ орнатпақ болған жаңа тәртіптің ең жанталасқан қарсыласы болады. Әртүрлі террористік ұйымдар қатарын дәл осы жастардың толықтыруға ұмтылары сөзсіз. Яғни, дүниеде мамыражай тыныштық, әлеуметтік келісім орнату, қауіпсіз өмір ахуалын қалыптастыру адамзат қауымдастығының аса күрделі міндеті болып қала береді. Жаңарған әлемнің бұл да бір ащы шындығы- деп атап көрсетті Н.Қалиев.
Осы мәліметтер төңірегінде ойланып көрсек, мынадай мәселелер туындайды. Аш адам ауырады немесе тіпті өліп те кетеді. Бұған ешкім күмәнданбайды. Дамыған елдердегі артық салмақ пен семіздіктен қиналатын адамдар да табысы аз болғандықтан сондай жағдайларға душар болады. Өйткені адам ағзасына қажетті барлық минералдар мен құнарлы заттар қымбат тұратын натуралді өнімдерде ғана болады. Ал көптеген адамдар жеңіл-желпі нан, қант, жеміс-жидекпен, жартылай дайынөнімдермен ғана қоректенеді. Бұл, әрине, мықты денсаулыққа кепіл бола алмайды.
Н.Қалиевтің жастар туралы пікірі өте орынды айтылған. Ауғанстан, Пәкстан, Колумбия, Ирак мемлекеттерінде жастарға көңіл бөліп, олардың рухани-мәдени сұраныстарын қанағаттандыратын әлеуметтік-рухани орта қалыптаспаған. Күн көріс қамымен жастайынан еңбек еткен балалар қатігез, мейірімсіз болып өседі. Әрине, бұл ойды бір жақты абсолютке айналдыруға болмайды. Дегенмен, балалық шағы ойдағыдай қамтамасыз етілген балалар ғана дұрыс бағытта дами алатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл жерде бала тәрбиесінің екі ұшы бар мәселе екеніне назар аударуымыз қажет. Өйткені барлық жағдайы жақсы ұйымдастырылған алдыңғы қатарлы елдер жастарының арасында да мейірімсіз, қатыгез адамдар көптеп саналады. Америка Құрама Штаттары мектептерінде жиі қайталанып отырған атыс, шабыс оқиғалары бұл елде де бала тәрбиесінде мәселелердің қордаланып қалғандығын көрсетеді.
Осы ракурста қазақ халқының бала тәрбиелеу мәдениетіне назар аударып, оның өміршең жақтарын қайтадан жандандыру мәселесі бой көтереді. Н.Назарбаевтың «Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауы аясында қойған «Жаңа әлем – қандай әлем» деген сұрағы Р.Елемесовтың «Новые характеристики современного мира. (В каком мире мы живем?)» тақырыпты мақаласында да қойылған.
Қазіргі әлем туралы көптеген ракурста ізденіс жасауға болады. Мысалы, дәстүрлі көзқарасқа сүйеніп, әлем үлгісі, әлемнің ғылыми үлгісі, әлемнің физикалық үлгісі, әдеби үлгісі деп жалғастыра беруге болады. Бұл жерде қандай сұрақ тұрғысынан келу өте маңызды. Р.Елемесов Қазақстанның экономикалық дамуын халықаралық қатынастармен байланыстыра отырып, қазіргі әлемнің алты белгісін атап көрсетеді: «өзгермелі әлем, кеңейтіле түскен әлем, үдемелі әлем, дамыған әлем, біртұтас әлем және қайшылықты әлем» (5, 46 б.). Автор тың жаңалықты ашып отырған жоқ, ол атап көрсеткен белгілер осы уақытқа дейін көтерілген. Бірақ автордың адамның жалпы, рухани, мәдени, әлеуметтік дамуы мен экономикалық дамудың арасында үлкен алшақтық пайда болғанын көрсетуі өте маңызды фактор.
Индустриалды өндірістің дамуы байланысып, өзара тәуелділікте дамыған тыныш, жайлы ритмді бұзып жіберді. Экономикалық өсім қоғамның жалпы дамуынан әлдеқайда озып кетті. Кешегі экономикалық тұрғыдан күшті елдер бүгін әлемдік экономиканың аутсайдеріне айналды. Қоғамның экономикалық емес қабаты назардан тыс қалып, құндылықтардың жаңа түрі пісіп жетілді. Яғни ішсем, жесем, байысам деген пиғылға бағытталған әрекеттер алдыңғы қатарға шығып, Г.Маркузе атап көрсеткендей бір өлшемді адам феномені дүниеге келді.
Бір өлшемді адаммен қатар оның біржақтылығын түсінетін, әмбебап, шығармашылықпен айналысатын адамдар да көптен саналады. Соның заңды нәтижесі ретінде кеңейтілген әлем қалыптасады. Қазір іскер адамға барлық жағдай жасалған. Өзің айналысатын кәсіпті өте жақсы игеріп, істің көзін тапсаң жұмысың тоқтаусыз жүре береді.
Қазіргі әлемнің даму ритмі соншалықты жылдам, бүгін іске асыра алмаған шаруаң ертең мүлдем керек болмай қалуы мүмкін. Соңғы кезде көп айтылып, жазылып жүрген адам капиталы туралы зерттеулер заманның осындай жоғары талаптарынан туындаған. Ұдайы өзгеріп, үнемі даму үстінде болатын қазіргі уақыт пен кеңістікке ілесіп, ілесіп қана қоймай өмір сүріп, ғұмыр кешуге адам әруақытта дайын болуы керек. Бұл үшін икемділік, сабырлылық, төзімділік сияқты адами қасиеттерден басқа, ұдайы білім алуға ұмтылыс жасап, кәсіби деңгейді әруақытта дамытып отыру қажет. Сонда ғана бұл заман өз уысыңда және өзің де сол заман ағымындасың.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу барысында оның алдында бірнеше таңдау тұрды. Өйткені дамудың бірнеше жолдары өркендеп, өз мүмкіндіктерін жария етіп үлгерді. Оның біріншісі батыс Европала кеңінен тараған либералдық демократия үлгісі. Ол нарықтық экономика мен жеке мүддені көбірек ойластыруға негізделді. Батыстағы көптеген елдер осы жолды таңдап, өмір сүрудің біршама жақсы стандарттарына қол жеткізді. Екіншісі, ұжамдық, коммунарлық құндылықтарға негізделген шығыстық өмір сүру үлгісі.
Бұған қазіргі жапон, корея, қытай өркениеті жатады. Түркілік құндылықтар да осыған ұқсас. Дегенмен Қазақстан өзіндік тарихи жолы, сүрлеуі бар мемлекет. Түркілік рухани негізі болуына қарамастан Қазақстан еуразиялық өркениетті таңдаған ел. Соңғы 200 жыл көлемінде Ресей империясының құрамында болу қазақ даласында ерекше төзімділік, әр түрлі ағымдар мен ықпалдарға жатсынбай қарау мәдениеті пісіп жетілді. Еуразияшылдықта өткен мен бүгінді, көшпелілік өркениет пен батыстық мәдениетті, халықтың тарихи санасы мен әлемдік өркениетті шығармашылық тұрғысынан ұштастыру бар. Дамудың еуразиялық үлгісі Қазақстан қоғамы үшін ерікті қалаудың бірі болды.
Ұлттық мәдениеттің тірегі – елдің тәуелсіздігінде, ұлттық сана сезімнің нығаюында, этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастың орнығуында. Қазақстанның ел болып жаңаруына, өзіндік даму жолын қалыптастыруға ұлттық мәдени дәстүр, рухани фактор, этносаралық қарым-қатынас мәдениеті ерекше ықпал етті. Осы орайда президентіміздің мемлекетімізді рухани жаңғыртуға арналған бағдарламасының өте орынды шара екендігі сөзсіз. Өркениетті 30 елдің қатарына қосылу жолын халқымыздың рухани жадымен астастыра қарастырып отырған осы қадам оң нәтиже береді деген сенімдеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет