Байланысты: Семинар әдістемелік нұсқаулық Философия 2022 docx
2. Мәдениет және өркениет. Мәдениет – философиялық ой – толғамның аса маңазды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі.Мәдениет үғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайданылады.Шынына келгенде, мәдениет – адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі олай болса оған рухани да материалдықта жетістіктер жатады.Материалдық өндіріс рухани өмір сияқты бір қалыпта қала бермейді өдіріс қажеті оның дамуын, жаңаша қалыптасуын туғызады оны күрделі ете түседі.Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен қатар барлық қолмен, ақылмен өнделген еңбек заттары жатады.Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді.Сондықтан, мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет.
Мәдениет пен өркениеттілік тарихта ұдайы қатар жүріп келеді.Мәдени көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым арта түседі.Өркениеттіліктің өндірістік дамытпай тұруы мүмкін емес, өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани қазыналар жасау болып табылады, ал мұның өзі күрделі қоғамдық қатынастарды қамтиды.Сонымен бірге өркениеттілік пен мәдениеттің өзара байланысының сипаты қоғам құрылысына қарай өзгеріп отыратының да айту қажет.Антагонистік қоғамдарда олар жолында қиын терең қайшылықтар болады.Мәдениет мәселесінің маңызды буындарының ішінде жеке адам мен мәдениет арақатынасы ерекше рөл атқарады.Жеке адам мәдениеттің субъектісіде, объектісіде болып табылады.
Бұл екі ұғым бір – біріне өте жақын.Бірақ бір емес. Мәдениет-адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өндеген заты, құбылыс. Оның екі тұрі бар: бірі – материалдық жасанды дүние, екіншісі – рухани дүние .Біріншісіне – үй, өндіріс, киім – кешек, т.б. екіншісіне – қисса, ертек, өлең жыр, діни ғылыми ұғымдар, т.б. жатады.Өркениеттілік деген термин үш түрлі мағынада қолданылады.Кең көлемді алғанда – алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау мағынасында - әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері, айталық, Үнді өркениет, Вавилон өркениеті, т.б.Жоғары дамыған күрделі техника да, ғылыми табыстар да әр түрлі мақсатқа қолданылуы мүмкін.Өркениеттілікке оларды тек қоғамдық прогреске қызмет еткізу жатады.Мәселен АҚШ – озық дамыған капиталистік ел.